Физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстар. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.4 C Жаңа заттарды және мате-риалдарды өндіру 

Күні:

Сынып: 11

Мектеп :

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатыскандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстар  

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (oқу бағдарламысына сілтеме)

11.4.2.30  аспиринді, таксолды физиологиялық белсендігі жоғары табиғи және синтетикалық қосылыстардың өкілдері ретінде атау;  

Сабақ максаттары

Аспирин және таксолды физиологиялық белсенділігі жоғары табиғи және синтетикалық қосылыстардың өкілі ретінде қасиеттерін сипаттау

Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатқа жетеді, егер ол:

- физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстардың өкілдерін атаса;

- физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстардың құрылымын сипаттаса;

- физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстарды алу әдістері білсе;

- физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстардың жанама әсерлерін атаса;

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат 

Оқушылар: 

 - дәрілік препараттарды өндіруге қатысты мәселелер бойынша өз ойларын білдіре алады; 

Пәндік лексика және терминология 

Нанохимия, нанобөлшектер, нанотехнологиялар, молекулалық қабықша, хиральдылық, композициялық материалдар, дәрілік препараттар, физиологиялық белсенділік, табиғи және синтетикалық қосылыстар, фуллерен, графен, нанотүтік, наножіпше, наноталшықтар 

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер 

 Менің ойымша, «нано» деген .... 

 Мен сіздермен ... келіспеймін деп қорқам. 

 Мен үшін/менің көзқарасым бойынша/қаншалықты мен тани алам ...... 

Мен сізбен толықтай келісемін. 

Мен ..... деп ойлаймын. 

Міне ең қызықты пікір/көзқарас ... 

Мен бұл жайлы ойлануым керек/ Мен пікір білдіруге дайын емеспін 

 Мен сізбен қаншалықты келісетінімді білмеймін. 

Менің ойымша, бұл өндіріс ... 

Мүмкін, бұл өндіру әдісі...мүмкін емес (мүмкін)  

Құндылықтарды дамыту

Еңбек және шығармашылық

Сын тұрғысынан ойлау

Пәнаралық байланыс

Биология

Бастапқы білім

10.1C Химиялық байланыс 

10.2А Органикалық химияға кіріспе 

10.3В Алкендер 

10.4В Аналитикалық әдістер 

11.2B Ауыспалы металдар 

11.3B Синтетикалық полимерлер 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезендері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Сабақтың ортасы

5-10 мин

10-25 мин

25-35 мин

Сабақтың соңы

35-40 мин

Оқушылармен амандасу.

Сыныпты белсендіру үшін презентация бойынша суреттерді талдап,сабақтың тақырыбы және мақсатын анықтау.Оқушылармен бірлесе отыра бағалау критерийлерін құрастыру.

Жұппен жұмыс: Оқушылардан бұрыннан таныс және физиологиялық белсенді қосылыстарды жіктеп және талқылауды сұраңыз. 

    Мұғалім бұл жерде тек дәрілік препараттар жайында айтылытындығын түсіндіреді.Оқушылар бұл заттың физиологиялық белсенділікке ие бола ма, немесе қандай қызмет атқаратындығын болжау мүмкін емес екенін түсінуі керек. 

Топпен жұмыс:

 Оқушылардан бірнеше синтетикалық дәрілік препараттарға мысалдар келтіруін сұраңыз. Оларға кез-келген бір дәрілік препаратты таңдап (аспирин, таксол, ибупрофен, талидомид), постер дайындауды сұраңыз.

Постерді төмендегі жоспар бойынша дайындау:

1. Бұл препаратты қандай жағдайда қолданады?

2. Препараттың құрамы.

3. Препараттың өндірісі қалай жүзеге асады? Органикалық химияда танылатын процестің құрамына кіретін реакциялар қандай?

4. Бұл препараттың жанама әсерлері қандай?

5. Бұл препарат қай топқа жатады: седативті, қоздырғыш, анальгетик, антибиотик, антацид немесе вирусқа қарсы?

6. Бұл препаратты қолданудың әлеуметтік шығындары қандай? Бұл есірткіге тәуелді ме? Бұл препаратқа тәуелділік халықтың денсаулығына қалай әсер етеді?

7. Бұл дәрі қалай тағайындалады? Препаратты ағзаға енгізу жолын көрсетіңіз .Препаратты осы формада қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

Әр топтан бір спикер щығып баяндайды.Қажет болған жағдайда оқушылар спикерге сұрақтарын қояды.

Рефлексия :

Маған түсінікті болған үш нәрсе: _________________________________________

Мен атсалысқан екі нәрсе:

_______________________________________________

Маған түсініксіз қалған екі нәрсе:

_______________________________________________

Слайд 1-4

https://tvkultura.ru/video/show/brand_id/20954/episode_id/1006116/video_id (аспирин туралы) 

https://bilimland.kz/ru/courses/chemistry-ru/organicheskaya-ximiya/pisha-i-lekarstva (тағам және дәрілер жөнінде) 

Слайд5-6

https://twig-bilim.kz/kz/film/plants-and-medicine-aspirin аспирин

Қосымша №1

Слайд 7

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?