Кешенді қосылыстардың қасиеттері. №13 зертханалық тәжірибе "Ауыспалы металдар кешенді иондарының қасиеттері". Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.


Жұмыс парағы 1.

Тапсырма 1.

Комплексті иондардың кеңістіктегі пішінін анықтап, сәйкестендіріңіз.

Тапсырма 2.

Комплексті қосылыстардың формуласын құрып, комплекс түзуші атом немесе ионды және зарядын, ішкі, сыртқы сфераны анықтап, атаңыз.

  • Гексаакваалюминий хлориді
  • Натрийдің тетрагидроксоцинкаты
  • Гексааминникель (II) нитраты

Жұмыс парағы 2.

№13 зертханалық тәжірибе.

"Ауыспалы металдар кешенді иондарының қасиеттері".

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер:

Химиялық стақан, шыны таяқша, модельдер, мыс хлориді кристаллогидраты, дистелденген су, аммиактың ерітіндісі, тұз қышқылының концентрлі ерітіндісі.

Қауіпсіздік ережесін сақтау: қорғаныш көзілдірігін, қорғаныш қолғабын кию.

Бағалау критерийлері:

Білу, түсіну, қолдану, талдау.

  • Кешенді қосылыстың құрылымын моделдеу;
  • Кешен түзуші ионды атай біледі;
  • Кешенді қосылыстардың түзілу реакцияларын біледі;

(а) Мыс хлориді кристаллогидратының аз мөлшердегі ұнтағын химиялық стақанға салыңыз. Оны

дистелденген суда ерітіңіз. Толық еруі үшін шыны таяқшамен араластырыңыз. Нәтижесінде

көкшіл түсті қосылыс пайда болады.

  • Түзілген кешен түзуші атом мен лигандаларды модельдер арқылы көрсетіңіз.
  • Түзілген кешен түзуші ионның химиялық формуласын жазыңыз.
  • Түзілген кешен түзуші атом мен лигандаларды атаңыз.
  • Кешен түзуші ионды атаңыз.

(b) Түзілген ерітіндіге аммиак ерітіндісін қосыңыз. Шыны таяқшамен араластырғанда қанық көк

түсті күрделі кешенді қосылыс түзілді.

  • Түзілген ерітіндіге аммиак ерітіндісінің қосқан кезде күрделі ионның құрамындағы лигандалардың ажырап, оның орнына аммиак молекулаларының келуін модельдер арқылы көрсетіңіз.
  • Химиялық реакция теңдеуін жазыңыз.
  • Реакция өнімін атаңыз.

(с) Қанық көк түсті ерітінді бар химиялық стақанға тұз қышқылының концентрлі ерітіндісін

қосқанда жасыл түсті қосылыс түзіледі. Тұз қышқылы молекулалары ыдыраған кезде бөлінген

сутектің су молекулаларымен қосылып оксоний ионының түзілуін модельдерін арқылы

көрсетіңіз. Реакция нәтижесінде бөлініп шыққан хлорид иондары күрделі

ион құрамындағы лигандалардың орнын басатындығын ескере отырып:

  • Химиялық реакция теңдеулерін жазыңыз, өнімді атаңыз.

Жауабы:

(а) [Сu (H2O)6]2+

(b) [Сu (H2O)6]2+ + 4NH3 → [Сu (NH3)4 (H2O)2]2+ + H2O

тетраммин диаква мыс (II) ионы

(c) HCl + H2O → H3O+ + Cl-

[Сu (NH3)4 (H2O)2]2+ + Cl-→ [CuCl4]- + H2O + 4NH3

Жұмыс парағы 3.

Тапсырма:

  • Кешен түзу реакцияларының, соның мыс (+2) кешендерінің, темір (+2, +3) кешендерінің сумен және аммиакпен құрастырыңыз және олардың түсін сипаттаңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Кешен түзу реакцияларының, соның мыс (+2) кешендерінің, темір (+2, +3) кешендерінің сумен және аммиакпен құрастыру және олардың түсін біледі;
  • Кешенді қосылыстардың қасиеттерін сипаттайды;

  • Химиялық реакция теңдеулерін жазыңыз:

_______________________________________________________________________________

  • Химиялық реакция теңдеулерін жазыңыз:

_______________________________________________________________________________

(с) Химиялық реакция теңдеулерін жазыңыз:

_______________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?