Кешенді қосылыстардың қасиеттері. №13 зертханалық тәжірибе "Ауыспалы металдар кешенді иондарының қасиеттері". Химия, 11 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Кешенді қосылыстардың қасиеттері. 13 зертханалық тәжірибе "Ауыспалы металдар кешенді иондарының қасиеттері".

Оқу мақсаты:

11.2.1.25 ауыспалы металдардың кешен түзу реакцияларының оның шінде мыс (+2) кешендерінің, темір (+2, +3) кешендерінің сумен және аммиакпен құрастыру және олардың түсін білу;

11.2.1.26 ауыспалы металдардың кешенді қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттау

1. Берілген комплексті қосылыстардың кластарына мысал келтіріңіз және комплексті қосылысты атаңыз:

Аквакомплекстер

Аммиакты комплекстер

Гидроксокомплекстер

Ацидокомплекстер

Аралас комплекстер

Проблемалық сұрақ:

Неліктен кешенді қосылыстар осындай кластарға бөлінеді? Ол неге байланысты?

Сыныппен жұмыс

Комплексті қосылыстардың түзілу механизмі.

Комплексті қосылыстардың түзілу реакциясының әдістемесі.

Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы мен химиялық қасиеттері.

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/ehlektrolitterding-eritindileri-zhane-iondyq-tepe-tengdikter/lesson/liganda-almasu-reakcziyalary

Комплексті қосылыстардың түзілу механизмі:

Кешенді қосылыстардың кеңістіктегі пішіндері

Комплексті қосылыстардың түзілу реакциясының әдістемесі.

Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы мен химиялық қасиеттері.

Комплексті қосылыстардың диссоциациясы

Тұрақсыздық константасының мәні

Комплексті қосылыстардың химиялық қасиеттері

Жеке жұмыс

Тапсырма 1.

Комплексті иондардың кеңістіктегі пішінін анықтап, сәйкестендіріңіз.

Тапсырма 2.

Комплексті қосылыстардың формуласын құрып, комплекс түзуші атом немесе ионды және зарядын, ішкі, сыртқы сфераны анықтап, атаңыз.

Гексаакваалюминий хлориді

Натрийдің тетрагидроксоцинкаты

Гексааминникель (II) нитраты

Жеке жұмыс

Бағалау критерийлері:

Кешенді иондардың кеңістіктегі пішінін біледі;

Кешенді қосылыстардың формуласын құрайды;

Дескрипторлар:

Сызықтық, октэдрлі, тетраэдрлі, жазық квадрат пішінді кешенді қосылыстарды ажыратады;

Кешенді қосылыстардағы кешен түзуші атом немесе ионды, оның зарядын, ішкі және сыртқы сферасын, лигандаларды, координациялық санын анықтайды

№13 зертханалық тәжірибе

"Ауыспалы металдар кешенді иондарының қасиеттері".

(а) Мыс хлориді кристаллогидратының аз мөлшердегі ұнтағын химиялық стақанға салыңыз. Оны

дистелденген суда ерітіңіз. Толық еруі үшін шыны таяқшамен араластырыңыз. Нәтижесінде көкшіл түсті қосылыс пайда болады.

Түзілген кешен түзуші атом мен лигандаларды модельдер арқылы көрсетіңіз.

Түзілген кешен түзуші ионның химиялық формуласын жазыңыз.

Түзілген кешен түзуші атом мен лигандаларды атаңыз.

Кешен түзуші ионды атаңыз.

(b) Түзілген ерітіндіге аммиак ерітіндісін қосыңыз. Шыны таяқшамен араластырғанда қанық көк түсті күрделі кешенді қосылыс түзілді.

Түзілген ерітіндіге аммиак ерітіндісінің қосқан кезде күрделі ионның құрамындағы лигандалардың ажырап, оның орнына аммиак молекулаларының келуін модельдер арқылы көрсетіңіз.

Химиялық реакция теңдеуін жазыңыз.

Реакция өнімін атаңыз.

(с) Қанық көк түсті ерітінді бар химиялық стақанға тұз қышқылының концентрлі ерітіндісін

қосқанда жасыл түсті қосылыс түзіледі. Тұз қышқылы молекулалары ыдыраған кезде бөлінген сутектің су молекулаларымен қосылып оксоний ионының түзілуін модельдерін арқылы

көрсетіңіз. Реакция нәтижесінде бөлініп шыққан хлорид иондары күрделі ион құрамындағы лигандалардың орнын басатындығын ескере отырып:

Химиялық реакция теңдеулерін жазыңыз, өнімді атаңыз.

Бағалау критерийлері:

Білу, түсіну, қолдану, талдау.

Кешенді қосылыстың құрылымын моделдеу;

Кешен түзуші ионды атай біледі;

Кешенді қосылыстардың түзілу реакцияларын біледі;

Жұптық жұмыс

Сәйкес келетін химиялық реакция теңдеулерін жазыңыз.

Жұптық жұмыс

Сәйкес келетін химиялық реакция теңдеулерін жазыңыз.

Жұптық жұмыс

Сәйкес келетін химиялық реакция теңдеулерін жазыңыз.

Бағалау критерийлері:

Кешен түзу реакцияларының, соның мыс (+2) кешендерінің, темір (+2, +3) кешендерінің сумен және аммиакпен құрастыру және олардың түсін біледі;

Кешенді қосылыстардың қасиеттерін сипаттайды;

https://www.chemguide.co.uk/inorganic/complexions/aquanh3.html

https://www.chemguide.co.uk/inorganic/transition/iron.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?