Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу нәтижелерін есептеу. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім: Қышқыл және негіз ерітінділері | Мектеп: НЗМ Көкшетау | ||||
Мерзімі: | Мұғалім: Манкей Болат | ||||
Сынып: 11 | Қатысқан оқушылар саны: | Босатқан оқушылар саны: | |||
Сабақ тақырыбы: | Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу нәтижелерін есептеу | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу нәтижелерін есептеуді жүргізу | ||||
Сабақтың мақсаты |
| ||||
Бағалау критерийлері | Сабақ соңында оқушылар Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу нәтижелерін есептеуді қадамдар бойынша жүргізеді. | ||||
Тілдік мақсат:
| Оқушылар қышқылды -негіздік титрлеудің нәтижелерін есептеуді жүргізуде арнайы лексика және терминологияны қолданып түсіндіреді. Пән бойынша арнайы лексика және терминология: моль, молярлық концентрация, титрлеу, эквиваленттік нүкте,соңғы нүкте
| ||||
Пән аралық байланыстар | - | ||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың ұқыптылыққа үйренуі зертханалылық жұмыс атқару кезінде жүзеге асады. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, видео | ||||
Бастапқы білім | Ерітінділер және ерігіштік. (7.3C) | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
7 минут | Миға шабуыл 1. Төмендегі қосылыстардың салыстырмалы молярлық массасын есептеңіз. (a)HCl(b) KOH(c) NaOH 2. Моль, масса және молярлық масса формуласын жазыңыз. Moль = Маса / Mr 3. Төмендегі заттардың зат мөлшерін және массасын есептеңіз.
| Презентация слайд № 2 | |||
8 минут | Жаңа сабаққа кіріспе сұрақтар: 1. Моль, ерітінді көлемі және ерітінді концентрацияны байланыстыратын формуланы жазыңыз. Moл = көлем(дм3)×коцентрация (мол*дм-3) 2. Көлемі 2000 см3 концентрациясы 1.5 моль*дм-3 HCl ерітіндісінің зат мөлшерін есептеңіз, 3. Көлемі 500 см3 HCl ерітіндідегі еріген заттың зат мөлшері 0,003 моль болса, ерітінді концентрациясын есептеңіз. | Презентация слайд № 3 | |||
10 минут | Мұғалім «Реакция теңдеуі бойынша концентрацияны есептеу» қадамдарын түсіндіреді: Түсіндіру барысында оқушылар берілген есепті қадамдар бойынша шығарады. Есеп: 10.0 см3 КОН ерітіндісі 0,1 моль / л көлемі 13,5 см3 HCl ерітіндісімен әрекеттесті. КОН ерітіндісінің концентрациясын есептеңіз. 1- қадам: Реакция теңдеуін жазыңыз. HCl(еріт) + КOH(еріт) → КCl(еріт) + H2O(сұйық) 2- қадам: Концентрациясы белгілі ерітіндідегі заттың молін есептеңіз. Moль HCl(еріт) = көлем(дм3) x конц (моль*дм3) = ( 13,5 / 1000 ) x 0.1 = 1,35*10-3 моль 3- қадам: Реакция теңдеуі бойынша реагенттердің қатынасы бойынша КОН молін анықтап, концентрациясын есептеңіз. 1 HCl(еріт) + 1 КOH(еріт) → КCl(еріт) + H2O(сұйық) (а) 1HCl(еріт):1КOH(еріт)=>КOH молі=1,35*10-3 моль (b) Конц (моль*дм3) КОНl(еріт) = Moль / көлем(дм3) = 1,35*10-3 моль / 10.0*10-3 дм3 =0.135 моль*дм3 | Презентация слайд № 4 | |||
10 минут | Оқушылар өткен сабақта жүргізген Практикалық жұмыс нәтижесі бойынша есептеулер жүргізу. | Презентация слайд № 5 | |||
5 минут | Сабақ соңында оқушылар өздерінің оқуы туралы ойланады: - не білдім? - не түсініксіз болды? - Немен жұмыс істеу керек? Мүмкіндігінше оқушылар белгілі бір критерийлер арқылы өздерінің және сыныптастарының жұмысын бағалай алады. | ||||
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға жоғары деңгейлі тапсырмалар ұсынылады. | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Өзін-өзі бағалау Өзара бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. | |||
Сабақ бойынша рефлексия | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||
Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?