Буферлі ерітінділер. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


ӘБ жетекшісі

Мектеп: НЗМ ФМБ Тараз қаласы

Мұғалім

Кәсіби даму мақсаты

Күні

Сынып: 11

Оқу бағдарламасының бөлімі

11.3D Қышқылдар мен негіздер ерітінділері

Сабақтың тақырыбы

Буферлі ерітінділер

Оқыту мақсаттары

  • 11.3.4.5 буферлі ерітінділердің әсер ету принципін түсіндіру;

 Сабақтың мақсаты

  • Буферлі ерітінділердің жұмыс істеу принципін түсіндіру
  • Қышқыл және сілтілі буферлік ерітінділерді анықтау
  • Буферлі ерітіндінің рН есептеу

Бағалау критерийлері

  • Буферлі ерітінділердің әсер ету принципін түсіндіріреді
  • Қышқыл және сілтілі буферлік ерітінділерді анықтайды
  • Буферлік ерітіндінің рН есептейді

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар жасай алады:

  • Қышқыл мен сілтіні қосу кезінде болатын буферлік ерітіндідегі өзгерістерді ауызша сипаттау

Терминология:

  • Буферлі ерітінді, тұз, әлсіз қышқыл, әлсіз негіз, ілескен/ұштасқан қышқыл, ілескен/ұштасқан негіз

Пәнаралық байланыс

Қандағы буферлі ерітінділердің маңыздылығы (биология)

Алдыңғы білім

11.1C байланыс

11.2B Энергетика

11.2D Тепе-теңдік

рН қисықтары және индикаторлар

Сабақ барысы

Кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

7 мин

Сәлемдесу. Оқушылар бір-бірін қарсы алады.

Сабаққа дайындық. Сабақ тақырыбы. Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Сыныппен жұмыс.

БІЛІМДІ БЕЛСЕНДЕНДІРУ: БУФЕРЛІК ЕРІТІНДІЛЕР- БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА: ВИДЕО-ТАЛДАУ / ГРАФИКАЛЫҚ ОРГАНАЙЗЕР

  • Сабақты видеоны көрсетуден, оны талдаудан және графикалық органайзерді құрастырудан бастаңыз:

Буферлі ерітінді дегеніміз не?

Неге олар маңызды?

Қайда қолданылады?

Қалай жұмыс істейді?

  • Видеоны көрсетіңіз;
  • Оқушыларға графикалық органайзерді толтыруға рұқсат етіңіз;
  • Оқушыларға келесі сұрақ қойыңыз:
  • H + иондарының мөлшері ұлғайған кезде қанның қышқылдығы өзгермейді. OH- иондары ұлғайған кезде де осыған ұқсас әсер туындайды . Мұндай әсер не үшін пайда болуы мүмкін екенін анықтауға тырысыңыз?
  • Талқылау кезінде сіз әлсіз қышқылдар немесе күшті қышқылдар мен әлсіз сілтілер тұздары қышқылдығын өзгертпей, иондар байланыстыруы мүмкін екенін оқушыларға еске сала аласыз. Осыған ұқсас жағдай Н+ иондарымен , әлсіз қышқыл аниондарымен немесе әлсіз қышқыл тұздарымен және күшті сілтілермен байланысты.Тиісті шарттарды көрсету.
  • OH- және H+ иондарды байланыстыратын ерітінділерді жасау мүмкін деген қорытындыға оқушыларды келтіруге тырысыңыз.

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=7lhQuNpMo8g

Жаңа сабақты игеру

10 мин

10 мин

10 мин

ТАПСЫРМА 1: БУФЕРЛІ ЕРІТІНДІЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ / БУФЕРЛІ ЕРІТІНДІЛЕРГЕ БЕЙНЕ-СИМУЛЯЦИЯ

  • Презентацияны пайдалана отырып, біздің айналамыздағы буферлік ерітінділерді қолдануды талқылаңыз
  • Оқушыларға буферлік ерітінділер туралы негізгі түсініктерді түсіндіріңіз.

1) буферлі ерітінділер рH өзгерісін азайтады;

2) буферлі ерітінділер әлсіз қышқылдан және оның ұщтасқан тұзынан немесе әлсіз негізден және оның ұштасқан қышқылынан дайындалған;

3) Әлсіз қышқылдар гидроксид иондарын (OH-) байланыстырады, ал ұштасқан негіздер гидроксония иондарын (H+) байланыстырады.

  • Реакция теңдеуін қолданып түсіндіріңіз;
  • Қышқылды буферлер
  • Сілтілік буферлер
  • Буферлі ерітінділер тұжырымдамасын одан әрі түсіну үшін видео-симуляцияны пайдаланыңыз

ТАПСЫРМА 2: БУФЕРЛІ ЕРІТІНДІЛЕРГЕ ЕСЕПТЕР ШЕШУ

  • Оқушыларға берілген тапсырмаларды қалай шешуге болатынын түсіндіріңіз:
  • Пропан қышқылының буферлі ерітіндісін қарастырайық:
  • құрамында әлсіз монопротон қышқылы, 0,1 моль/ дм-3 концентрациясында пропан қышқылы (СН3СН2СООН) және 0,05 моль/дм-3 концентрациясында натрий пропаноаты бар буферлік ерітіндінің pH есептеңіз. Пропан қышқылының Ка 1,26 х 10-5 мл/ дм-3 құрайды .
  • жоғарыда көрсетілген ерітінді өзінің буферлік функциясын қалай атқаратынын түсіндіріңіз;
  • 500 см3 ерітіндіге 0,01 моль NaOH қосқаннан кейін рН-ын есептеңіз.
  • 500 см3 ерітіндіге 0,01 моль HCl қосылғаннан кейін ерітіндінің рН-ын есептеңіз.
  • 0,01 моль NaOH 500 см3 су қосқаннан соң рН-ын есептеңіз.
  • (c) және (e) сұрақтарына жауаптарыңыздыи түсіндіріңіз.
  • Оқушылармен осы тапсырмаларды талқылаңыз
  • Оқушылардың жауаптарын тақтаға жазуды сұраңыз
  • Бағалаңыз

ТАПСЫРМА 3: БУФЕРЛІ ЕРІТІНДІЛЕР БОЙЫНША ЖЕКЕ ЖҰМЫС / БАҒАЛАУ

  • Оқушылардың жеке дағдыларын, келесі тапсырмаларды тексеріңіз:

1. Этан қышқылының буферлік ерітіндісін қарастырайық:

а. рН =0,12 мольдм-3 этан қышқылын есептеңіз (Ка = 1,7 х 10-5 мольдм-3).

b. 500 см3, рH = 4,60 мольдм-3 буферлік ерітіндіні алу үшін осы ерітіндініге қосу қажет натрий этаноатының (CH3COONa) массасын есептеңіз.

c. 0,01моль HC1 қосылғаннан кейін осы ерітіндінің pH есептеңіз.

d. 0,01 моль NaOH қосқаннан кейін осы ерітіндінің рН есептеңіз.

2.Құрамында 0,2 мольдм - 3 аммоний сульфаты және 0,1 мольдм - 3 аммиак бар буфердің рН есептеңіз.(Ка NH4+ = 5,6 х 10-10 мольдм-3)

Презентация

Таратпа тапсырма

https://www.youtube.com/watch?v=ZLKEjXbCU30

Презентация

Таратпа материал

http://stgmu.ru/userfiles/depts/general_bioorganic_chemistry/Ponyatie_o_bufernyh_sistemah.pdf

Презентация

Таратпа материал

Рефлексия 3 мин

ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ: ҰСЫНЫСТЫ АЯҚТАҢЫЗ

Оқушыларды келесі ұсынысты аяқтауды сұраңыз:

Буферлі ерітінді __________________________________

Мақсатқа кері оралу. Сабақты қорытындылау.

Сабақты бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды