Буферлік ерітінділер. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.3D Қышқыл және негіз ерітінділері

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысқандар саны: қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Буферлік ерітінділер

Оқу мақсаты

11.3.4.5 буферлік ерітінділердің жұмыс принципін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

- буферлік жүйелер мен олардың компоненттерін білу

- буферлік жүйелердің негізгі принципін түсіну

- буферлік жүйелердің рН анықтау үшін тиісті есептеулер жүргізе білу

Бағалау критерийі

Оқушы оқу мақсатына қол жеткізді, егер:

- буферлік ерітінділер мен олардың компоненттерінің анықтамасын біледі

- буфер ерітіндісінің рН есептеу үшін Хендерсон-Хассельбах теңдеуін қолдана біледі

Тілдік мақсаттар

Тақырыптық лексика мен терминология:

Буфер, қышқылдық буферлік жүйелер, негізгі буферлік жүйелер, буферлік сыйымдылық, Хендерсон-Хассельбах теңдеуі, буфер ерітіндісінің рН.

Құндылықтар

топтық жұмыс - ұжымшылдық, жалпы істің нәтижелері үшін жауапкершілік;

Пәнаралық байланыс

Биология, математика

Алдыңғы білім

11.2D Тепе-теңдік

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім/оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақ басы

1-10 мин

Сәлемдесу. Оқушылар бір-бірімен амандасады.

Сабаққа дайындық

Сабақтың тақырыбы. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлермен таныстыру.

Сыныппен жұмыс.

Оқушылардың өткен білімін жаңартудың белсенді әдісі. Студенттерге күшті және әлсіз қышқылдар мен негізді білу тапсырмасы ұсынылады.

Қосымша 1

Сабақ ортасы

11-26 мин

Мұғалім тақырыпты түсіндіреді.

1. Буферлік ерітінділер

2. Буферлік ерітінділердің түрлері (мысалдар)

3. Буферлік жүйелердің әсер ету механизмі

4. Хендерсон-Хассельбах теңдеуі

5. Буфер сыйымдылығы

Мұғалім студенттердің топтық жұмысын ұйымдастырады.

Студенттер буферлік рН анықтау үшін есептеулер жүргізеді.

Презентация

Қосымша 2

Мұғалім ОМ бойынша жұптық жұмысты ұйымдастырады: күшті негіздің рН-ін есептей білу.

Студенттер күшті негіздің рН-н pOH және Kw арқылы есептеу керек:

1. 0.0001 M KOH ерітіндісінің рН мәнін анықтаңыз

2. 0,01 М NaOH ерітіндісінің рН-н анықтаңыз.

3. 0,01 М барий гидроксидінің ерітіндісінің рН анықтаңыз

4. LiОН ерітіндісінің рН-ін есептеңіз, егер оның 350 мл-да литий гидроксидінің 0,0035 молі бар болса.

5. Натрий гидроксиді ерітіндісінің рН-н есептеңіз, егер оның 200 мл-да NaOHтың 0,005 молі бар болса.

6. Ерітіндінің рН 298 К температурада 12-ге тең болса, натрий гидроксиді ерітіндісінің молярлық концентрациясын есептеңіз.

7. Егер ерітіндінің рН 11 болса, Ba(OH)2 ерітіндісінің молярлық концентрациясын есептеңіз.

8. рН = 12,5 болатын натрий гидроксиді ерітіндісіндегі сутек пен гидроксид иондарының молярлық концентрациясын есептеңіз.

9. рН = 10 болатын литий гидроксиді ерітіндісіндегі сутек пен гидроксид иондарының молярлық концентрациясын есептеңіз.

Сабақ аяғы

38 - 40 мин

Сабақтың нәтижелерін талқылау.

Рефлексия

Презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында едәуір қабілетті оқушылар қиындық көріп тұрған оқушыларға көмек көрсете алады.

Сұрақ қою, жеке жұмыс, оқушылардың ауызша берген жауаптарын бағалау арқылы.

Сабақ студенттер мен оқытушы арасындағы пікірталастардан тұрады, қарым-қатынас және басқалардың пікіріне деген сезімталдықты дамытуға мүмкіндік береді.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1

Тапсырма 1. Күшті және әлсіз қышқылдар / негіздерді бөлек жазыңыз.

H2SO4, HI, HBr, HCl, CH3COOH, HF, H3PO4, HCO3-, NO3- , NaOH, NH4OH, Ba(OH)2, Mg(OH)2, LiOH, КОН, CH3COO-.

Қосымша 2

Буферлік жүйелерге есептер

  • 0,10 М сірке қышқылы мен 0,10 М натрий ацетатынан тұратын буферлі ерітіндінің рН-ын есептеңіз.

Шешуі:

  • 6,2 М сірке қышқылының 19 см3 ерітіндісінен және 2М натрий ацетатының 1 см3 ерітіндісінен алынған ерітіндінің рН-ын есептеңіз.

Шешуі:

Буферлік ерітінді - әлсіз қышқыл мен оның тұзы (әлсіз қышқыл аниондары).

рН = рКа + lg ([тұз] / [қышқыл])Буферлік ерітіндінің көлемі 19+1=20 мл = 0,02 лС1V1 = C2V2,:См(тұздың, буф.) = С1V1 / V2(буф.) = 6,2 ∙ 0,019 / 0,02 = 5,89 МСм(қышқылдың, буф.) = С1V1 / V2(буф.) = 2 ∙ 0,001 / 0,02 = 0,1 МрКа (сірке қышқылының) = 4,76 рН = 4,76 + lg (5,89 / 0,1) = 6,53

  • 1,64 г сусыз натрий ацетаты 0,1 М сірке қышқылының 200 см3 ерітіндісінде ерітілген. Буферлік ерітіндінің рН-ын есептеңіз. (Ka (CH3COOH) = 1,8 ∙ 10-5).

Шешуі:pH=pKa+lg(Cм(CH3COONa)/Cм(CH3COOH))pКа = – lg1,8 ∙10-5 = 4,74Cм(CH3COOH) = 0,1 MCм(CH3COONa) = n/V = m/MV = 1,64 / (82 ∙ 0,2) = 0,1MpH=4,74+lg1 = 4,74



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?