Олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығару. Химия, 11 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

11.3С Азот әне күкірт

Күкірт қышқылын контакт әдісімен алу

Олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығару

ОҚУ МАҚСАТЫ:

11.2.2.3 олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығару

Бағалау критерийлері:

Олеумнің түзілу реакция теңдеуін жаза алса;

олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығара алса

Тапсырма

1. Олеум дегеніміз не?

2. Олеумнің түзілу реакция теңдеуін жазыңдар.

Есеп: 24 % олеум алу үшін массасы 306 г суда күкірт (VI) оксидінің қандай массасын еріту керек?

1-әдіс

SO3 + H2O = H2 SO4

1)Wзат = mзат/mерітінді

W(SO3)=m (SO3)/m (олеум) = m (SO3)қосылған - m (SO3)сумен әрекеттескен/ m (SO3)қосылған + m(H2O)

2) SO3 + H2O = H2 SO4 пропорция құрамыз

80г(SO3) – 18г (H2O)

Х(SO3) – 306 г(H2O)

Х = 1360г (SO3) сумен әрекеттесті

Хг - SO3 қосылды деп есептейік, сонда

0,24 = Х-1360/Х + 306

Х = 1886,105

Есеп: 24 % олеум алу үшін массасы 306 г суда күкірт (VI) оксидінің қандай массасын еріту керек?

2-әдіс

SO3 + H2O = H2 SO4

Пропорция құрамыз:

18г H2O ---98г H2 SO4

306г H2O----Х H2 SO4

Х = 1666г H2 SO4

W (H2 SO4) = 100% - 24 % = 76%

Wзат = mзат /mқоспа m(олеум) = 1666г/0,76 = 2192,105г

m(SO3) қосылған= 2192,105-306 = 1886,105г

1-ЕСЕП

75 %-тік 288 г күкірт қышқылының ерітіндісіне 400 г күкірт (VI) оксидін қосқан. Күкірт (VI) оксидінің олеумдегі массалық үлесін есептеңіз.

Шешуі:

75 % = m/288 г

m(H2SO4 )= 216 г

т (Н2О)= 288 – 216 = 72 г.

Есептің шарты бойынша: n(SO3 ) = 400/80= 5 моль

SO3 + H2O = H2SO4. Реакция теңдеуі бойынша барлық реагенттер бірдей қатынаста әрекеттесіп тұр.

n (H2O) =72 г/18 г/моль = 4 моль.

n (SO3) = 5 моль-4 моль = 1 моль.

m (SO3)қалғ. = 80г/моль * 1 моль = 80 г.

m (H2SO4) = 4моль*98 г/моль = 392 г.

m ерітінді = 288+400 = 688 г.

W = 11,6 %. Жауабы: 11,6 %.

2- есеп

92 %-тік 562,5 г. күкірт қышқылының ерітіндісіне массы 240 г. күкірт (VI) оксидін қосты. Түзілген олеумдегі күкірт (VI) оксидінің массалық үлесін есептеңіз.

Шешуі

92 %=m/562,5 г

m(H2SO4 ) = 517,5 г

т (Н2О)= 562,5 – 517,5 = 45 г.

SO3 + H2O = H2SO4. Реакция теңдеуі бойынша барлық реагенттер бірдей қатынаста әрекеттесіп тұр.

n (H2O) =45 г/18 г/моль = 2,5 моль.

n (SO3) = 3 моль-2,5 моль = 0,5 моль.

m (SO3)қалғ. = 80г/моль * 0,5 моль = 40 г.

m ерітінді = 562,5+240 =802,5 г.

W = 4,98 %.

Жауабы: 4,98 %.

Есептер шығару

3- есеп

10 %-тік олеум алу үшін 20 %-тік 200 г күкірт қышқылының ерітіндісіне күкірт (VI) оксидінің қандай массасын қосуға болатынын есептеңіз.

4- есеп

20 %-тік олеум алу үшін 90 %-тік 250 г күкірт қышқылының ерітіндісіне күкірт (VI) оксидінің қандай массасын қосуға болатынын есептеңіз.

Есептер шығару

5 - есеп

20 %-тік 200 г олеум алу үшін 50 %-тік күкірт қышқылының және күкірт (VI) оксидінің қандай массасын алу қажет?

6-есеп.

20 % -тік массасы 400 г олеум дайындауға қажетті күкірт (VI) оксиді және 25 %-тік күкірт қышқылының массасын есептеңіз.

7 - есеп.

16 %-тік 200 г олеум дайындау үшін күкірт ангидридінің және 40 %-тік күкірт қышқылының ерітіндісінің қанша массасы қажет екенін есптеңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?