Күкірт диоксиді және қышқыл жаңбырлар. Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксидін қолдану. Көрсетілім №1 «Күкірт және азот қышқылдарының тотықтырғыш қасиеттері». Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.


Қышқыл жаңбырлардың әсері

 Қышқыл жауын-шашын нормадан тыс мөлшерде болу салдарынан балықсыз көлдер, орман алқаптарының қурап жойылуы, ауыл шаруашылығының өсімдіктер өнімділігінің кемуі, топырақтың құнарсыздығына алып келеді

  • Тұщы су қоймаларда рН 6,5-тен төмен болғанда ақ мүктің тез көбейіп, нәтижесінде су қойма биологиялық тұрғысынан өлі деп саналады
  • Топырақта рН 3-тен кем болғанда топырақ толығымен дерлік құнарсызданады
  • Қышқыл жауын-шашын топырақ қышқылдығын көбейтіп, ондағы калий, магний, кальций сілтісізденеді, фосфор таралмай қалады, ауыр металдардың улары жиналады, нәтижесінде өсімдіктердің өсуіне залал келтіріледі.

Қышқыл жауын-шашын су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектура ескерткіштеріне, ғимараттарға т.б. зиянды әсер етеді.

Қышқыл жауын-шашын, қышқыл сулар атмосфералық жауын-шашын түрлері. Жаңбырдың қышқылды қасиетіне құрамында сутектің өте белсенді иондарының болуымен байланысты.

 Атап айтқанда, су айдындарындағы балықтар мен су жануарлары жаппай қырылып, топырақ құнарсызданып, жеміс-жидек пен көкөніс және орман ағаштары өспей, солып қалады. Атмосфера құрамына еңген өндіріс қалдықтары күкірт диоксиді және азот оксидтері ондағы ылғалмен әрекеттесіп күкірт және азот қышқылдарын түзеді. Соның әсерінен жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады.

 Көмірді және мұнайды жаққан кезде түзілетін күкірт диоксиді газы атмосферада күкірт триоксидіне дейін тотығады

 2SO2 +О2 → 2SO3

 2SO2 +О2 → 2SO3

 SO3 +Н2О→ Н2 SO4

 Күкірт қышқылы ауа құрамында аэрозоль және майда тамшы түрінде болады. Азот оксиді де ауадағы ылғалмен әрекеттесіп, азот қышқылына айналады.

 2 NO + O2 →2 NO2

 4 NO2 + 2 Н2О+О2 → 4 НNO3



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?