Күкірт диоксиді және қышқыл жаңбырлар. Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксидін қолдану. Көрсетілім №1 «Күкірт және азот қышқылдарының тотықтырғыш қасиеттері». Химия, 11 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Күкірт диоксиді және қышқыл жаңбырлар.

Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксидін қолдану.

Сабақтың мақсаты:

- атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін атау және қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін сипаттау;

- тағам өнеркәсібінде күкірт диоксиді қолданылу аймағын атау;

Бағалау критерийлері:

атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін атау және қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін сипаттайды

күкірт диоксидінің қоршаған ортаға әсерін сипаттайды

тағам өнеркәсібінде күкірт диоксиді қолданылу аймағын атайды

Зертханалық жұмыс (Еске түсіру)

Күкіртті оттекте немесе ауада жағып,реакция өнімінің суда еру қабылетін көрсету. Алынған газдың судағы ерітіндісінің қышқылдық қасиетін дәлелдеу.

Тапсырма -1 топта талқылау

SO2 құрамындағы күкірттің массалық үлесін есептеңіз

Құрамында күкірт бар минералдарды атаңыз

Тапсырма жұптық жұмыс

Тиісті реакция теңдеуін жазып, күкірт диоксидінің судағы ерітіндісінің қышқылдық қасиетін қалай дәлелдеуге болатынын түсіндіріңіз, реакция теңдеулерін жазыңыз

Бейнефильмді талқылау

Қазбалы отынның жануы күкірт диоксидінің негізгі көзі болғандықтан, бұл газдың шығарылуын отын құрамындағы күкіртті жою арқылы немесе жану өнімдерінен күкірт диоксидін жою арқылы  азайтуға болады.

Атмосфераның күкірт диоксидімен улану себептеріне постер құру, таныстыру, талқылау. (Ол үшін бейнефильмді көріп алып жұмыс жасайды)

Күкірт диоксидінің қоршаған ортаға әсерін талқылау

тірі ағзаларға кері әсерін

коррозия процесін жылдамдатады

Тірі ағзалардың тыныс жолдарын тітіркендіретін және қан айналым жүйесін зақымдайды

жүрек әлсіздігі мен өлімге алып келуі мүмкін

SO2 және SO3 – бұлар күкіртті және күкірт қышқылдарының ангидридтері

Тапсырма, жұптық жұмыс

SO2 және SO3 химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңыз

SO2-нің тотықсыздандырғыш қасиеті басым, бұл реакцияларда күкірттің тотығу дәрежесі артады, SO3 күшті тотықтырғыш, күкірт диоксидіне дейін тотықсызданады

Тапсырма , топтық жұмыс

 

Қышқылды жаңбырдың түзілуі мен оның қоршаған ортаға әсері

Атмосфераға шығарылатын күкірт және азот оксидтері минералды қышқылдар түзіп, жерге қышқыл жаңбыр болып жауады. Қышқыл жаңбырлардың әсерінен көптеген материалдар коррозияға ұшырайды, сонымен қатар олар өсімдіктер мен су тіршілігі үшін улы болып табылады

Топтық жұмыс

1. Күкірт диоксидінің металдар коррозиясын жылдамдататын талдау

2. Күкірт диоксидінің тағам өнеркәсібінде қолданылуын талдау

Оқушылар өздерінің тақырыпты түсінгендігін смайлдар арқылы көрсетеді

Мен барлығын түсіндім

Менің сұрағым бар

Маған түсініксіз

Кері байланыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?