Күкірттісутек. Химия, 11 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Күкіртсутек және сульфидтерОқу мақсаты
11.2.1.14 күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиеттерін түсіндіру
Жетістік критерилері
Қосылыстардың құрамындағы күкірттің тотығу дәрежесін анықтай отырып, күкірттің қасиеттерін түсіндіре алса
Күкіртсутектің табиғатта кездесуі
Күкіртсутек молекуласы су молекуласы сияқты бұрышты болғандықтан полюсті. Айырмашылығы күкіртсутек молекуласында сутектік байланыс жоқ ,сондықтан агрегаттық күйі газ
Физикалық қасиеті
Күкіртсутек шіріген жұмыртқа иісті,түссіз газ.Улы. Судың бір көлемінде 2,5 көлем күкіртсутек ериді. Бұл ерітінді күкіртсутек суы деп аталады, әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді
Тотығу-тотықсыздану реакцияларында күкіртсутек S 2- ионы арқылы тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді
Күкіртсутек ауада көгілдір түсті жалынмен күкірт (IV) оксидін түзе жанады
2H2S-2 + 3O2 → 2H2O + 2S+4O2↑
S-2 -6е→ S+4 тотықсыздандырғыш
O2+4е → 2O -2 тотықтырғыш
Оттегі жетіспеген жағдайда су буы мен күкірт түзіледі
2H2S-2 + O2 → 2H2O + 2S0
S-2 -2е→ S0 тотықсыздандырғыш
O2+4е → 2O -2 тотықтырғыш
Күкіртсутек иод суымен және бром суымен әрекеттескенде ерітінді түссізденеді және ерітінді бетінде күкірт пайда болады. Бұл жағдайда да күкіртсутек тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.
1. H2S-2 + I02→ S0 + 2HI-1
S-2 -2е→ S0 тотықсыздандырғыш
I02 +2е → 2I-1 тотықтырғыш
2. H2S + Br2 = 2HBr + S.
S-2 -2е→ S0 тотықсыздандырғыш
Br02 +2е → 2Br-1 тотықтырғыш
Күкіртсутек хлор суымен, қорғасын оксидімен, күкіртті газбен әрекеттескенде де тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді
H2S + 4Cl2 + 4H2O = H2SO4 + 8HCl.
3PbO2 + 4H2S = 3PbS + SO2 + 4H2O
SO2 + 2H2S = 3S + 2H2O
Қалыптастырушы жұмыс
Берілген реакция теңдеулеріндегі күкірттің тотығу дәрежелерін, күкірттің қасиеттерін анықтап, электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер.
H2S + Br2 → S + HBr
H2S + FeCl3 → FeCl2 + S + HCl
H2S + Cl2 + 4H2O → H2SO4 + HCl
H2S + HNO3(конц) → H2SO4 + NO + H2O
H2S + H2SO4(конц) → S + SO2 + H2O
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?