Күкірт диоксиді және қышқыл жаңбырлар. Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксидін қолдану. Көрсетілім №1 «Күкірт және азот қышқылдарының тотықтырғыш қасиеттері». Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.
Күкірт оксидтері.
Күкірт екі түрлі оксид түзеді: S (IV) оксиді - SO2 (күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді), бұл түссіз, тұншықтырғыш өткір иісті газ. Күкірт (VI) оксиді, күкірт ангидриді - SО3, ұшқыш, түссіз сұйықтық. SО3+17°С температурада қатты зат. Олар суда жақсы ериді, нәтижесінде күкіртті қышқыл H2SО3 және күкірт қышқылы H2SО4 түзіледі, олай болса, бұлар қышқылдық оксидтер екен.
SO2+H2О=H2SО3 күкіртті қышқыл
SO3+H2О=H2SО4 күкірт қышқылы
Алынуы
Зертханада күкіртті ауада жандырғанда күкірт (IV) оксидін (ауа тартқыш шкафта) алуға болады. Сол сияқты бұл оксидті натрий сульфитінің кристалына, қышқыл ерітіндісін қосып та алады.
S+O2=SO2
Na2SO3+HCl=2NaCl+H2O+SO2↑
Өндірісте сульфидтерді жандыру арқылы:
2ZnS+3O2=2ZnO+2SO2↑
2SO2+O2↔2SO3↑
Химиялық қасиеттері
1) негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:
SO2+Na2O=Na2SO3
SO3+Na2O=Na2SO4
2) негізбен әрекеттескенде тұз және су түзіледі:
SO2+2NaOH=Na2SO3+H2O
SO3+2NaOH=Na2SO4+H2O
Күкірт (IV) оксиді тотығу-тотықсыздану реакцияларында әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш; себебі күкірттің тотығу дәрежесі аралық мәнде (+4) болады.
Күкірт диоксидінің қоршаған ортаға әсері және қолданылуы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?