Аммиак және аммоний тұздары. №11 зертханалық тәжірибе 1 «Аммоний ионына сапалық реакция». Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 11.3С

Азот және күкірт

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдердің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Аммиак және аммоний тұздары. 

№11 зертханалық тәжірибе 1 «Аммоний ионына сапалық реакция» 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.2.1.9  газ тәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру 

 Сабақ

  мақсаттары

газ тәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру 

Жетістік критерийлері

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

  • Аммиактың химиялық қасиеттерін сипаттай алады;
  • Аммиактың химиялық қасиеттеріне тән реакция теңдеулерін жаза алады;
  • Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып тәжірибелерді жүзеге асырады.

 Тілдік

  мақсаттар

 

Оқушы орындауы тиіс:

Азот тыңайтқыштарын қолданудың оң және теріс әсер тізбесін (сөйлеу, тыңдау, жазу дағдылары)

Пәндік лексика және терминология

Тыңайтқыш, құрамында азоты бар, азотталу, батпақтың түзілуі, балдырдың гүлдеуі, нитрозаминдар, канцерогенді …

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

Артықшылықтары......

Жанама әсері .......

Көп қолданған (тыңайтқыш) жағдайда, нәтижелері ...

Тамақтың әлемдік өндірісі - ... көбейтілуі мүмкіндігін артырады, бірақ қосымша тәуекелдер…….

Бір артықшылығы/ кемшілігі -

Сіз көремете алатын басты қорытынды ……

Бұл куәлік ………. көрсетеді.

Бұл куәлік ашық/пайдалы/нақты болып есептеледі, себебі …

Әсердің оң / теріс факторлары ……..

Әсерді азайту үшін ……. жасау керек

Әсерді азайту үшін. …, біз……..

 Құндылықтар-ды дарыту

 

 

Оқушыларда негізгі адами құндылықтар: кез келген жағдайда сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болу, әділ болу, шешім қабылдау кезінде бастамашыл болуды қалыптастыру.

Бастапқы білім

10.1C Химиялық байланыс

10.1D Периодтылық

10.2B Термодинамикаға кіріспе

10.2C Кинетика

10.3А Химиялық тепе-теңдік

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-7минут

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу. 2) Жоқ оқушыларды анықтау. 3) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін «PLASMAT» ойынын ұйымдастыру.

Ойынның шарты: оқушыларды топқа бөлу, әр топқа ортасында «Аммиак» сөзі жазылған А4 немесе А3қағазы таратылады. Топтың барлық мүшелері 1 минут ішінде аммиак туралы білетін барлық ақпаратты жазып шығуы керек.

Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың «Аммиак» тақырыбы бойынша білімін қалыптастырушы бағалау және оқушы қызығушылығын тудыру, тақырыпты анықтау.

Қалыптастырушы бағалау:

  • Орындау барысында мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы мен кері байланысы.
  • Бағдаршам арқылы өзін-өзі бағалап кері байланыс жасауы. Мұғалімнің фронтальды сұрақтары негізінде: аммиак тақырыбы бойынша білімдерің жеткілікті ме? – қандай толықтырулар қажет?

Осылайша сабақтың тақырыбы анықталады. Мұғалім оқушыларды оқу мақсаты және сабақтың жоспарымен таныстырады. Сабақ мақсаттары және күтілетін нәтижелерді оқушылармен бірлесіп құрастыруды ұсынады.

Презентация

А4 парақшалары, тақта, маркерлер

Қосымша№1

Сабақтың ортасы

7-17 минут

17-29минут

29-39минут

(К) №1 «Фонтан» тәжірибесін (немесе бейнежазба көрсету) жасау, тәжірибе негізінде оқушылар аммиактың суда ерігіштігін талқылауы керек.

Мұғалімнің сұрақтары:

    • Аммиактың суда ерігіштігі қандай?
    • Неге фонтан құбылысы жүрді?
    • Неліктен ерітіндінің түсі өзгерді?

Күтілетін нәтиже:

Аммиактың суда ерігіштігі жоғары - 1000 көлем суда 1200 көлем (0 °C кезінде) немесе 700 көлем (20 °C кезінде) NH3 ериді. Аммиак сумен қосылғанда аммоний гидроксиді түзілетіндіктен, фенолфталеиннің түсі таңқурай түске боялады.

№2 Газ тәрізді аммиак пен хлорсутек арасындағы реакцияны көрсету.

Құбылысты оқушыларға түсіндіру: екі шыны таяқшаны алып, біріншісін — аммиак суына, екіншісін — концентрациялы тұз қыішқылына батырып, екі таяқшаны бір-біріне жақындатса, ақ түтін пайда болады.

Ол — аммоний хлоридінің өте ұсақ кристалдары. Реакция тендеуі: NH3 + HCl → NH4Cl

Аммиак басқа да күшті қышқылдармен әрекеттесіп, аммоний тұздарын түзеді. Аммоний катионының түзілуі. Аммиак молекуласындағы азоттың екі жұптасқан электроны бос болады. Бұл екі электронға қышқыл немесе су молекуласының сутек атомы тартылады. Нәтижесінде, азоттың валенттілігіIV-ке тең, ал тотығу дәрежесі –3-ке тең аммоний катионы түзіледі. Ковалентті байланыстың мұндай механизмі донорлы-акцепторлы деп аталады. Бұл жағдайда аммиак донор, ал сутек катионы – акцептор рөлін атқарады. Аммиак қышқылдармен сәйкес аммоний тұздарын түзіп әрекеттеседі.

2NH3 +H2SO4 (NH4)2SO4

Аммиак сумен реакцияға түскенде аммоний гидроксидін түзеді (мүсәтір спирті).

NH3 + H2O NH4OH

Аммоний түздары. Аммонийдің барлық тұздары – суда еритін қатты заттар.

Аммоний тұздары күшті қышқыл ерітінділерімен және басқа тұздармен ерімейтін тұз түзіп әрекеттеседі. Аммоний тұздары термиялық ыдырауға түседі.

№3 газ тәрізді аммиак пен ылғал индикатор қағазы арасындағы реакцияны көрсету.

Құбылысты оқушыларға түсіндіру: NH3·H2O түзеді. Аммиактың судағы ерітіндісі аммиак суы немесе мусәтір спирті деген атпен дәріханада сатылады. ... Аммиактың судағы ерітіндісі әлсіз негіздік қасиет көрсетеді.

NH₃ + H₂O ↔ NH₄⁺ + OH⁻

(Э) жұптық жұмыс

№11 зертханалық тәжірибе 1 «Аммоний ионына сапалық реакция» 

Амиакты негіз ретінде оқушылар әр түрлі жолмен алады. Мүсәтір спиртіне оқушылар әр түрлі индикаторларды қолданып, сапалық реакция жасай алады.

Оқушылар сынауықтарда әр түрлі тұз ерітінділерімен, сонымен қоса ауыспалы металдардың тұздарымен реакциялар жүргізе алады (мектеп зерханасында бар реактивтермен).

Оқушылар кесте құрастырады немесе реакцияларды жасайды және аммиақтың қасиеттері жайлы қорытынды жасайды. 

 Аммиактың судағы ерітіндісі – әлсіз негіз.  

 Ұсынылатын тұз ерітінділері:  

  • алюминий сульфаты 
  • қалайы (II) хлориді 
  • кобальт (II) хлориді 
  • мыс (II) сульфаты 
  • темір (II) сульфаты 
  • марганец (II) хлориді 
  • никель (II) сульфаты және т.б. 

Берілген заттардың аммиак ерітіндісінің артық мөлшерімен әрекеттесуін зерттейді.  

(Ж) (Б) Оқушылар таныстырылым және зертханалық жұмыс негізінде алған білімдерін тиянақтап, қорытындылап, дәптерге тірек сызба жасайды.

ҚБ: оқушылар жасаған тірек сызбаларын өзара салыстырады және талдайды. Бір-біріне сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап береді.

Мұғалімнің кері байланысын алады.

Презентация

NH3, NH4Cl, NaOH, H2O, фенолфталеин, CuSO4 , ZnSO4, NiSO4, CоCl2 ерітінділер, индикатор қағазы

Қосымша №5

Қасымша №2

Сабақтың соңы

39-40минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Презентация

Үйге тапсырма

Аммиак. Аммоний тұздары тақырыбы бойынша жұмыс парағы беріледі.

№3,4 қосымша

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау тапсырманы таңдауда, жұпта, шағын жұпта жұмыс істеу барысында оқушыға қабілетті оқушының немесе мұғалімнің тарапынан қолдау көрсетуде тапсырмаларды шешуді игеруге мүмкіндік береді. Қабілеті жоғары оқушылар үшін қосымша тапсырмалар беріледі (3-қосымша)

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдер: мұғалімнің ҚБ және кері байланысы, өзара бағалауы, өзін-өзі бағалау.

Қауіпсіздік техникасының ережелері

(ҚТ) Берілген ерітінділердің көпшілігі қауіпті болып табылатындықтан, демек оқушылар сұйытылған ерітінділермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техника ережелерін сақтаулары қажет. Көзді қорғау керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар қолдарын жуу керек.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?