14 (ІV) -топ элементтері оксидтерінің қасиеттері. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 11.3B 14-топ элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдердің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

14 (ІV) -топ элементтері оксидтерінің қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.2.1.4 14 (ІV) топ элементтерінің сулы ерітіндідегі +2 және +4 тотығу дәрежелі қосылыстардың салыстырмалы тұрақтылығын болжау

Сабақ мақсаттары

Топ бойынша оксидтердің физикалық қасиеттерінің өзгерісін болжайды

+2 және +4 тотығу дәреже көрететін оксидтердің қасиеттерінің салыстырмалы тұрақтылығын түсіндіреді

4 топ оксидтерінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазады

Бағалау критерийлері

  • Элементтердің топ бойынша электрөткізгіштігі қалай өзгеретінін сипаттайды және түсіндіреді
  • IV топта оксидтерінің салыстырмалы тұрақтылығы +2 және +4 тотығу дәрежелерінде қалай өзгеретіндігін сипаттайды
  • 14 топ элементтері оксидтерінің негіздік – қышқылдық қасиеттерін сипаттайды
  • 14 топ элементтері оксидтерінің реакция теңдеулерін жазады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар сыныпқа кілттік сөздерді қолдана отырып өз бақылаулары туралы айтады және болжам жасайды

Пәндік лексика және терминология

металл, бейметалл, металлоид, инертті жұп эффектісі, иондық, ковалентті, гидролиз, тетраэдрлі, өте ауыр, (электрлік және термиялық) өткізгіштік, тенденция, қасиеті

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

Металлға тән емес қасиеттер - бұл ...

Жартылай металл - бұл ...

Элементтердің металл сипаты…

Xxx молекуласының формасы xxx, өйткені xxx

Инертті жұп эффектінің себебі ...

Құндылықтарды дарыту

Жұптық және топтық жұмысты орындау арқылы ынтымақтастыққа, өзара оқыту өзінің және басқа оқушылардың білім алуына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Физика, жаратылыстану

Бастапқы білім

8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы

8.3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

8.3В Химиялық байланыс түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Өткен білімді еске түсіру үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- Қалайы (II) оксиді де, қалайы (IV) оксиді де амфотерлік. Амфотерлік термині нені білдіреді?

- Кремний (II) оксиді қышқыл, амфотерлік немесе негізгі бола ала ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз

Электрондық құрылыс тұрғысынан +2 және +4 тотығу дәреже көрсетін қосылыстардың салыстырмалы тұрақтылығы туралы топтарда талқылау туралы оқушыларға тапсырма беріледі. Оқушылар топ бойынша қасиеттердің өзгерісін бағдаршаны жоғары және төмен қарату арқылы сипаттайды.

Слайд презентация

http://www.chemguide.co.uk/inorganic/group4/oxstates.html

Сабақтың ортасы

5-20мин

20-25мин

26-38мин

Мұғалім жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен оқушыларды таныстырады.

Мұғалім сыныпты төрт топқа бөліп, топтық жұмыстың тапсырмаларын түсіндіреді:

- тотығу дәрежесі (+2) және (+4) болатын қосылыстардың салыстырмалы тұрақтылығының қасиеттерінің өзгеруін өз бетінше зерттеу

- тотығу дәрежесі (+2) және (+4) болатын қосылыстардың салыстырмалы тұрақтылық заңдарының әр түрлі нұсқаларын олардың электрондық құрылымдары тұрғысынан қарастыру

- әр үлгі үшін қасиеттердің өзгеру бағытын бағдаршаны жоғары не төменге қаратып сызу арқылы көрсету.

Мұғалім топтық жұмыс үшін қажетті материалдарды ұсынады

Әр топтың спикерлерін тыңдағаннан кейін мұғалім сыныпқа тапсырма береді:

1. Тұмшапеште тамақ пісіруге арналған ыдыстар құрамында кремний диоксиді бар қыштан жасалған. Бұл ыдыстарды жасау үшін неге кремний диоксиді қолданылатынын химиялық қасиеттері мен байланыс тұрғысынан түсіндіріңіз.

2. Кремний диоксиді бар керамика жоғары вольтты электр пилондарында электр оқшаулағыш ретінде қолданылады. Кремний диоксидіне негізделген керамика неге жақсы электр оқшаулағыш екенін түсіндіріңіз.

Оқушылар қалыптастырушы бағалау бойынша жеке жұмыс жасайды.

Қалыптастырушы бағалау

IV топтың элементтері мен олардың қосылыстары топ бойынша төмен қарай айтарлықтай айырмашылықты көрсетеді.

a

Электр өткізгіштік топ бойынша қалай өзгеретінін сипаттаңыз және түсіндіріңіз (алмаз түріндегі көміртектен қорғасынға қарай)

b

i

IV топ оксидтерінің салыстырмалы тұрақтылығы +2 және +4 тотығу дәрежесінде қалай өзгеретінін сипаттаңыз

ii

Қорғасын (IV) оксидінің термиялық ыдырауы үшін теңдестірілген реакция теңдеуін жазыңыз

c

+4 тотығу дәрежесін көрсететін IV топ оксидтерінің қышқылдық –негіздік қасиетін сипаттау

d

Қорғасын (II) оксидінің натрий гидроксидімен натрий плумбатын (II) түзу реакциясының теңдестірілген теңдеуін жазыңыз.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Сабақтың соңы

39-40 мин

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді.

- бүгінгі сабақтан алған әсерім....

- мынаны түсіндім....

- маған мынау қиын болды......

- келесі сабаққа ұсынысым....

Мүмкіндігінше оқушылар берілген критерийлерді қолдана отырып, өзінің жеке жұмысын және сыныптастарының жұмысын бағалай алады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар 4 топ оксидтерінің қасиеттерін біледі.

Көпшілік оқушылар топ бойынша оксидтердің салыстырмалы тұрақтылығы қалай өзгеретіндігін түсіндіре алады

Кейбірі олардың күнделікті өмірдегі қолданысын қасиеттеріне сүйене отырып, дәлел келтіріп түсіндіре алады.

Оқушылардың білімін бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады.

Сабақтың өн бойында жүргізілген фронтальды сұрақтарға жауаптары, сондай-ақ бекітуге арналған тапсырмаларды орындаулары оқушылардың материалды қалай меңгергендіктерін анықтайды. Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау, бірін – бірі бағалау, оқушының өзін - өзі бағалауы жүзеге асырылады

Сабақта қолданылған белсенді оқыту тәсілдері, оқушылардың минералды тыңайтқыштар, олардың түрлері және қоршаған ортаға олардың әсері туралы білімді қалыптастыруларын жеңілдетеді және топтық жұмыста өзара оқыту әдісі өздерін табысты сезінулеріне мүмкіндік береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?