Тізбектеле жүретін реакция теңдеулері бойынша есеп шығару. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ
Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық үлесін есептеу
Реакция шығымы туралы түсінік
Реакция өнімінің шығымының массалық үлесін теориялық мүмкіндікпен салыстыру арқылы есептеу. Химиялық реакцияның теориялық шығымы – реагенттердің бірінің толық жұмсалуына дейінгі алынған өнімнің мөлшері. Реакция өнімінің пайыздық шығымы
ᴡ (%) дегеніміз – алынған өнім массасының осы өнімнің теориялық шығымына қатынасы, ол пайызбен өрнектеледі.
ᴡ – реакцияның пайыздық шығымы
Теңдеу бойынша (есептің шартына қарай) реакция өнімінің зат мөлшерін, массасын, көлемін есептеп алу керек (теориялық шығым). Теориялық шығымды 100% деп алып, іс жүзінде (практикалық шығым) алынған шама оның қанша пайызын құрайтынын есептейміз немесе осы амалды мына формула арқылы жүзеге асыруға болады.
V
Есеп №1
Азот диоксиді сумен келесі реакция бойынша әрекеттеседі:
3NO2 + H2O ⟶ 2HNO3 + NO. Шығымы 82% тең алынған азот қышқылының массасы 15,58 г болды. Аталған реакцияға қанша литр азот диоксиді (қ.ж.) қолданылды?
Есеп №2
Күкірт қышқылының ерітіндісімен массасы 1,2 г магниймен өзара әрекеттесуі кезінде массасы 5,5 г тұз алынды. Алынған өнімнің шығымын есептеңіз.
Теориялық мүмкін болатын заттың шығымымен салыстырғандағы заттың массасын есептеу:
Мысалы:
- С өнімінің х грамын алу үшін, А реагентінің қандай массасын алу қажет, егер өнім шығымы η болса.
Берілгені:
m практ. ;(C) = х г. η С) = у % m (А) = ? | Шешуі. m практ. = x г. ? г. η = у % a A + b B = c C а моль с моль |
- Есепті шешу үшін керек формулаларды жазып аламыз.
- Берілген қосылыстардың молярлық массаларын табамыз [M] = г/моль.
- С өнімінің теориялық шығымын есептейміз:
- Теориялық масса бойынша С өнімінің зат мөлшерін есептейміз
- Реакция теңдеуі бойынша А затының зат мөлшерін табамыз
- А реагентінің массасын табамыз
m (A)= n (A) *M (A) (г)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?