Поликонденсация реакциясы. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Поликонденсация реакциясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.2.21 поликонденсация реакциясының теңдеуін құру;

1.4.2.22 поликонденсация реакциясы арқылы алынған полимерлердің гидролизге ұшырайтынын және биологиялық ыдырайтынын түсіну;

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларға:

- Поликонденсация реакциясының теңдеуін жазуды;

- Поликонденсация және полимеризация реакцияларын салыстыруды;

- кейбір полимерлердің гидролиз теңдеуін жазуды;

- полимерлерді алыну тәсіліне қарай ажырата алуды үйрету.

Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатқа жетеді, егер

  • Поликонденсация реакциясының анықтамасын білсе;
  • Поликонденсация реакциясының мысалын жазса;
  • кейбір полимерлердің гидролиз теңдеуін жазса;
  • кейбір полимерлердің биологиялық ыдырауының маңыздылығын түсінсе;
  • поликонденсация реакциясы арқылы алынған полимерлерді атаса.

 Тілдік мақсаттар

 

Терминдерді дұрыс қолданып, өз ойын толық жеткезе алса;

Қазақ тілінде

Русский

English

полимер

полимер

polymer

полимеризация

полимеризация

polymerization

поликонденсация

поликонденсация

polycondensation

биоыдырайтын

биоразлагаемый

biodegradable

полимердің гидролизі

гидролиз полимера

polymer hydrolysis

Құндылықтарды дарыту

 

 

Ынтымақтастыру атмосферасын құру, әңгіме-сұхбат жасау арқылы, топтық жеке сыныппен бірлесе отырып тапсырмаларды орындау барысындағы нақты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Теориялық тапсырмаларды орындау критикалық ойлаудың дамуына көмектеседі.

Пәнаралық байланыстар

  • биологиямен
  • экологиямен

байланыстыру арқылы іске асады.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, бейнетаспалар, суреттер, полимер сынамалары көрсетіледі.

Бастапқы білім

Алкендер, фенолдар, аминқышқылдары, полимеризация реакциялары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Амандасу. Ұйымдастыру.

Блиц-сауалнама:

- полимер деген не?

- полимерлерге мысал келтіріңіз.

- қандай белгілеріне қарап полимерлерді біріктіруге болады?

- мономер деген не? полимердің қарапайым буынынан мономердің қандай айырмашылығы бар?

- қазіргі замандағы полимердің алатын орны қандай?

- полимерлерді қолданудан қандай мәселелер пайда болды?

Сабақ тақырыбына кіріспе:

- Сонымен, назар аударыңыз!!! Алдарыңызда «қара жәшік».

Бұл жәшікте полимерден жасалған зат бар. Сабақтың соңында бұл затты дұрыс атай алған оқушы, оны алады. Сабақ барысында мен сіздерге оны әріптеп айтып отыратын боламын. Оқытушы оқушының белсенділігіне байланысты оның дәптерінің шетіне бір әріптен (реті сақталмаған) жазып кетіп отырады.

Қара жәшіктің ішінде полимерден жасалған пластикалық сызғыш болады.

Сонымен, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Поликонденсация реакциясы».

Поликонденсация реакциясы – бұл мономерлерден полимерлер түзілу реакциясы. Реакция нәтижесінде полимермен қоса төменмолекулалы қосылыс (көбінесе, су) түзіледі.

Презентация,

http://www.chemguide.co.uk/organicprops/esters/polyesters.html

молекулалардың модельдері (әр түрлі түсті пластилин қолдануға болады)

http://www.chemguide.co.uk/organicprops/alkenes/polymerisation.html

Сабақтың ортасы

Сабақты қорытындылау

Фенолоформальдегидті полимерлер (смолалар) — фенолдың формальдегидпен поликонденсациясының өнімі болып табылады.

Фенолдың поликонденсациясы

Фенолдың формальдегидпен поликонденсация реакциясы нәтижесінде фенолформальдегидті смола түзіледі:

Тапсырма 1.Берілген теңдеуді блок схема түрінде жазыңыз ( функционалдық топтарды химиялық символдар түрінде, ал молекуланың қалған бөлігін шаршы немесе дөңгелек түрінде салыңыз).

Мысалы:

Тапсырма 2. Полиэфирлерді модельдеу: PET

Оқытушы жұпта этиленгликоль мен терефталь қышқылының модельдерін жинауды ұсынады. Содан соң спирттің құрамындағы сутекті және қышқылдың құрамындағы гидроксиль тобын алып тастап, оларды өзара байланыстыруды сұрайды, не пайда болды?

Содан соң барлық оқушылар жұбы жасаған модельдерді біріктіруін сұрайды, ұзын тізбек пайда болады.

Реакция теңдеуі жазылады, терилен (дакрон)полимері аталады. Bilimland бойынша видео көру, knockhardy.org.uk презентациялары, өтілген материалды бекіту үшін әр тапсырмадан соң chemguide.

Тапсырма 3. Крахмалдың түзілу реакция теңдеуін жазыңыз.

Поликонденсация реакциясына кері қайтымды процесс жүруі мүмкін бе?

Қалай ойлайсыздар, барлық полимерлер биоыдырамайтын болып табыла ма?

Полимердің гидролиз теңдеуіне мысал келтіріңіз.

Гидролиз сатылап жүреді:

(C6H10O5)→ (C6H10O5)→ xC12H22O11 →  n C6H12O6        

крахмал        декстриндер       мальтоза           глюкоза

Қазіргі кезде биоыдырайтын немесе қайта өңдеуге болатын жаңа пластик түрлері жасалып шығарылуда, сондықтан біз қайтадан қағаз пакет пен картон орамаға оралуымыз мүмкін бе?

Мұғалім полиамидтер мен полиэфирлер мысалдарын түсіндіреді.

Тапсырма 4. Полиэфирлер мен полиамидтердің гидролизі

Қарастырылған полимерлер мысалдарына қарай отырып, қышқылдық және сілтілік гидролиз процестері талданады, реакция теңдеулері жазылады.

Неліктен полиэфирлер үшін сілтілік, ал полиамидтер үшін қышқылдық гидролиз жүргізіледі?

Жаттығу

Конденсациялық полимеризация реакциясының теңдеуін құру.

Тапсырма 5.

Поликонденсация және полимеризация реакцияларын салыстырыңыз (ұқсастықтары мен айырмашылығы). Полимеризация реакциясында мономер молекулалары қалай бірігеді, поликонденсация процесінде ше? (π-қос байланыстың үзілуі нәтижесінде, екі топтың әрекеттесі нәтижесінде).

http://www2.chemistry.msu.edu/faculty/reusch/VirtTxtJml/polymers.htm

https://youtu.be/5k_4hMjYoMs

Сабақтың соңы

Рефлексия

Қосымша тапсырма:

Нейлон 6,6 полимерінің түзілу реакциясының теңдеуін жазыңыз.

Үй жұмысы: полимерлердің пайдасы мен зияны туралы постер дайындаңыз.

Рефлексия жүргізу:

Нені білдім, нені үйрендім...

Нені толық түсінбедім...

Немен жұмысты жалғастыру қажет...

Презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін мұғалім оқушылардың жауаптарын және модельдермен жұмысын тексеріп отырады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?