Ауыр металдардың нәруыздарға әсері. Химия, 11 сынып, презентация.


Проблемалық сұрақ:

Қандай металдар ауыр металдарға жатады?

Қандай металдар адам ағзасына кері әсерін тигізеді?

11.2В Тірі ағза химиясы

Ауыр металдардың нәруыздарға әсері

Ауыр металдардың қауіптілік дәрежесі бойынша жіктелуі

Табиғи антропогенді экожүйедегі уытты және потенциалды уытты заттар

Мәтінмен жұмыс

- Мәтінмен жеке оқып танысыңыздар.

- “Автор орындығы” стратегиясы бойынша сынып форматында талдаңыздар.

Бағалау “Екі жұлдыз, бір тілек”

Тапсырма №1. Жеке-Сынып форматы

Тапсырма №2 (Speaking)

1-топ

Ежелгі Рим империясы осы ауыр металл түрін ауыз су құбырларын және ыдыстар жасауда жиі қолданған. Кейбір деректерге сүйенетін болсақ, Рим империясының құлауына осы металл түрі себеп болу мүмкін деген.

Қандай ауыр металл туралы айтылған?

2-топ

Неге аталған металдан жасалған бұйымдарды қолдану Рим империясының халқы үшін зиян болды?

Қазіргі таңда ол металмен улану жолына кем дегенде екі мысал келтіріңіз.

 

Жауаптары

1-топ

Су құбырларын дайындауға қорғасынды қолдану Рим Империясының күйреуінің себептерінің бірі болған деседі. Себебі қорғасын онкологиялық ауруларға шалдықтырып, халық арасында ерте жастан қаза болу үлесін арттырған, оның ішінде Рим билеушілері мен мен олардың жанұяларының мүшелері де болған.

2-топ

Қорғасынды уланулар ең бастысы өндірістік жағдайларда болады. Кейде тұрмыстық жағдайларда ішінен қорғасынмен қапталған, ұзақ уақыт бойы керамикалық ыдыста сақталған тағам өнімдерін қолданған жағдайларда уланулар болады. Қорғасын және оның қосындылары тыныс жолдары немесе асқазан ішек жолдары және тері жабындылары арқылы енеді. Өндіріс орындарында бұл заттар адам ағзасына шаң, аэрозол және бу түрінде енеді. Асқазан ішек жолдарына тұрмыстық уланулар кезінде, өндірісте қорғасынмен байланыста болғаннан кейін цех орындарында тамақ ішудің салдарынан түседі.

Тапсырма №3

Уытты заттардың ағзаға түсу көздерін атаңыздар

Адам ағзасына және тірі ағза құрамына улы металдардың түсу жолдарын анықтап, қауіпсіздік шараларын құрастыра отырып, қорытынды жасаңыз.

Дескрипторлар:

Уытты заттардың адам ағзасына түсу көздерін анықтайды

Уытты заттардан қорғанудың қауіпсіздік шараларын құрастырады.

«Химиялық элементтердің адам ағзасына түсу жолдары» сызбанұсқасы

Өте кең таралған улы заттар туралы берілген мәліметтерді қолданып, адам мен табиғи ортаның улы зат көздерінің өзара байланысын бағдарша арқылы көрсетіңіз:

Дескриптор:

Уытты зат, адам, табиғи ортадағы уытты заттардың ағзаға түсу көздері арасындағы байланысты сызбанұсқада бағдарша арқылы көрсетеді (кем дегенде 16 байланыс).

Рефлексия

Мен адам ағзасының химиялық құрамы мына қосылыстардан ………….. тұратынын білемін.

Мына металдардың: …………. уытты металдарға жататынын білемін.

Уытты металдардың адам ағзасына қаупін түсіндім. Олар .............

Улы металдармен ластанудың мәні: ..............

Ауыр металдарды қауіптілік дәрежесі бойынша жіктелуін білемін. Олар……..



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?