Биологиялық маңызды металдар. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.
Адам ағзасындағы мүшелер әртүрлі болғандықтан онда кездесетін химиялық элемент те алуан түрлі болып келеді. Жасушаны құрайтын химиялық заттар химиялық элементтерден тұрады, олардың маңыздылығы мен атқаратын қызметі өте зор. Ағза микро және макроэлементтер мүше мен ұлпаларда әртүрлі таралады.
Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі:
1. Макроэлементтер (оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, хлор және кальций, магний, натрий, калий); ағзадағы мөлшері 10%-дан жоғары болады.
2. Микроэлементтердің (темір, йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері — 10%-15%.
3. Ультрамикроэлементтер — сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен.
ТЕМІР. Бұл элементтің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қаназдық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері — 11-30 мг. Адам
қанында 3 грамға жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл жасушасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі бұзылып, тыныс алу қызметі нашарлайды. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандағы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан болады. Ал тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тас түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың және қоректің сапасына байланысты екендігі түсінікті.
Темір жетіспеген кезде тері бозарады, тырнақ жұмсарады, әрі тез сынады, ауыз қуысы және асқазанның сілекейлі қабаты бүлінеді. Темір жұмыртқаның сарысында, қарақұмықта, грек жаңғағында, күнжіт, фасоль, өрікте, мейізде көп болады.
КАЛЬЦИЙ. Адам ағзасында 1000-1200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйекте, тіс кіреукесінде, ал 1%-ы ішкі жасушада, қан құрамында маңызды роль атқарады.
Отандық ақ халаттылардың зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруының зардабын тартуда. Ал бұл тікелей осы кальций элементінің жетіспеуі салдарынан туындайды екен. Кальций сүйектің саулығы мен беріктігін сақтайды. Әйтсе де адам 35 жастан асқаннан кейін сүйектен кальций кеми түседі. Бұл дертке көбіне ақ жаулықты аналар шалдығады. Нақтырақ айтсақ, 60 жастан асқан әрбір төртінші әйел зардап шегеді. Ал ер азаматтарда төрт есе сирек кездеседі. Етеккір үзілісінен кейін әйел ағзасында гормондық өзгерістер болады,
сүйектің беріктігі күрт төмендейді. Остеопороз бүкіл қаңқаны, әсіресе сан, иық, омыртқа сүйектерін зақымдайды. Тіпті әлсіз соққының өзі (мәселен, көшеде құлап қалу) сыныққа алып келуі мүмкін. Осы ретте кальций мен магний — қаңқаның беріктігін сақтайтын негізгі ағза жанашыры. Қан құрамындағы холестеринді төмендетеді. Айтпақшы, кальций ағзаға сіңімді болуы үшін D витамині, фосфат, магний, мырыш, марганец, аскорбин қышқылы ауадай қажет. Кальций сүтте, жалпы ағарғанда, балықта, теңіз өнімдерінде көп болады.
МАГНИЙ. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек. Магний жетіспеген кезде көңіл-күй құбылады. Адам ашуланшақ, жылауық болады, ұйқысы нашарлайды.
Ал магний — күйзеліске қарсы макроэлемент. Әсіресе, В6 витаминімен бірге ол жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады. Сондай-ақ сүйек түзуге де қатысады.
Жүрек соғысының ырғағын қалыпқа келтіреді, тамыр кеңейтуге атсалысып, оттегімен қамтамасыз етуге көмектеседі, сондықтан да магнийді жүрек ауруына шалдыққан науқастарға қолданады. Ғалымдар қант диабеті және бронхит ауруларында да магнийді мырыш, хром, селенмен бірге қолдану да оң нәтиже беретінін айтып жүр. Сондай-ақ, жүкті әйелдерге де магнийдің пайдасы зор. Фолий қышқылымен бірге қолданған жағдайда құрсақтағы нәрестенің ақаусыз дамуына, күні жетпей болуы мүмкін түсіктің алдын алуға көмектеседі. Магний жасыл жапырақты көкөністерде, авокадо, балықта және кептірілген цитрусты жемістерде көп болады. ағзаға тағам арқылы түседі. Әсіресе, теңіз тағамдарында, қырыққабатта, картопта, қалақайда, жүгеріде, сәбізде, алмада көбірек кездеседі.
КАЛИЙ. Қан қысымын төмендетеді. Жүрек қағысын реттейді. Бананда, өрік-мейізде, картопта мол болады.
НАТРИЙдің ағзадағы қызметі
Аталған элемент сіздің денсаулығыңызға теңдессіз пайда әкеледі: өзіндік зат немесе қосылыс ретінде органдар мен ұлпаларға әсер етеді; басқа да микроэлементтермен өзара әрекеттесе отырып, қан тамырларынан ылғалды шығару мүмкіндігіне ие; жасушалық қоректендіруді қамтамасыз ету үшін жауапты; жүйке реакцияларының уақыттылығын және бұлшықет топтарының жиырылу тұрақтылығын ұстап тұрады; қантамырларының кеңеюіне мүмкіндік тудырады.
Микроэлементті ағза өндірмейді, ол тек сырттан ғана түседі. Натрий терлеген кезде сыртқа шығады, сол себепті оның ағзадағы мөлшерін қатаң бақылап отыру қажет (әсіресе спортшылар).
Тағамдық өнімдерде кездесуі
Құрамында аталған микроэлемент кездесетін өнімдердің ішіндегіcі– ас тұзы. Тағамдық өнімдердің ішінен құрамында натрийдің ең қажетті мөлшері бар теңіз балдырын айтуға болады.
Сонымен қатар теңіз тұзы, тұздық, сорпа (сиыр етінен), соя натрийге бай.
Натрий денсаулыққа қалай әсер етеді?
Ағзаға жақсы жағынан әсер ететін натрийдің көптеген қызметтері анықталған: ұйқы безіндегі ферменттік әрекеттерді белсенді етеді; асқорыту ферменттері мен асқазан сөлінің бөлінуіне қатысады;
ұлпалардағы алмасу әрекеттерінің барлық түрлеріне әсер етеді; қышқылды-сілтілік теңгерімді жақсартады; жүйке-бұлшықет жүйесінің қызметін басқарады; қантамырларын кеңейтеді; қан осмосын қалыпта ұстайды.
Натрий тапшылығы несімен қауіпті?
Мынадай жағдайларда натрий тапшылығы орын алады: жоғары температурада (ыстықта); физикалық салмақ түскеннен қатты терлеген кезде. Аталған элемент тапшылығы кезінде бас айналады, тәбет жоғалады, аз уақыт естен тану, тез шаршау, бұлшықеттердің әлсіздігі, шөлдеу, тартылу, терінің тітіркенуі, асқазан аурулары, құсу орын алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?