Көмірсулардың құрылысы , қасиеті және қолдануы. № 7 зертханалық тәжірибе «Глюкозаның альдегид спирті ретінде химиялық қасиеттері». Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.
Тест сұрақтары «Көмірсулар. Глюкоза»
1.Глюкозаның күміс-айна реакциясына қатысатын себебі, молекуласында
A) альдегид тобы бар. B) амин тобы бар C) кетон тобы бар.
D) карбоксил тобы бар. E) нитротобы бар.
2. Молекулалық массасы 1944000-ға тең крахмал молекуласындағы құрылымдық буындар саны:
A) 12000 B) 1100 C) 10000 D) 11000 E) 1200
3. Егер шығымы 75 болса, онда 18 г глюкозаны тотықтырғанда түзілетін күмістің массасы
A) 16,2 г B) 13,2 г C) 14,2 г D) 15,2 г E) 17,2 г
4. Глюкозаның молекуласындағы функционалдық топтардың сандары:
A) 5 гидроксотоп, 1 карбонил. B) 4 гидросотоп, 2 карбонил. C) 3 карбонил, 3 гидроксотоп. D) 2 гидроксотоп, 4 карбонил. E) 3 карбонил, 5 гидроксотоп.
5. Сахароза құрылысы және химиялық қасиеті бойынша:
A) Спиртке жатады. B) Альдегидке жатады. C) Альдегидоспиртке жатады.
D) Қышқылға жатады. E) Спиртокетонға жатады.
6. 108 г глюкозаны тотықтырғанда түзілген глюкон қышқылының массасы:
A) 117,6 г B) 108,5 г C) 116,5 г D) 114,5 г E) 112,6 г
7. Глюкоза молекуласындағы альдегидтік тобы бар екенін осы заттың жәрдемімен анықтауға болады:
A) Күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісі. B) Кальций карбонаты.
C) Сірке қышқылы ерітіндісі. D) Активті металдар.
E) Жаңа дайындалған темір (ІІ) гидроксидінің тұнбасы (t°).
8. Қан құрамында кездесетін көмірсу:
A) глюкоза. B) целлюлоза. C) альдегид. D) мальтоза. E) спирт.
9. Глюкоза молекуласының құрамындағы функционалдық топтар:
A) Спирттік, карбонилдік. B) Спирттік, карбоксилдік.
C) Карбоксилдік, фенолдық. D) Фенолдық, спирттік. E) Күрделі эфирдік, фенолдық.
10. Сахароза қатысатын реакция
A) гидролиздену B) күміс-айна C) гидрлену D) гидратациялану E) полимерлену
11. Моносахаридке жататын зат
A) фруктоза
B) сахароза
C) мальтоза
D) крахмал
E) целлюлоза
12. Глюкоза молекуласының құрамындағы оттектің массалық үлесі
A) 53,3
B) 43,3
C) 73,3
D) 33,3
E) 63,3
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды