Крахмалға сапалық реакциялар. Дисахаридтер мен полисахаридтердің гидролизі реакциялары. Химия, 11 сынып, қосымша материал 3.
Көмірсулар – барлық тірі ағзада энергия беретін органикалық зат және көміртек көзі
жалпы формуласы
Cn(H2O)m
Өсімдіктердің негізгі қоры болатын көмірсу және адамға азық-түлік, малға жемшөп болатын аса маңызды полисахарид.
• Екі бөліктен тұрады: амилоза мен амилопектиннен тұрады
• Амилопектин крахмал дәнінің сыртқы қабығын құрайды.
Амилопектин құрылымы тармақталған, мұнда негізгі тізбек а(1→4) байланысы арқылы жалғасқан глюкоза қалдықтарынан тұрады.
• Амилоза құрылымы тармақталмаған созылыңқы келеді, мұнда глюкоза молекуласының қалдықтары (1000-4000) а(1→4) байланысы арқылы жалғасқан.
• Крахмал ақ ұнтақ, суда ерімейді, ісінеді, ыстық суға салса клейстер береді.
• Амилоза суда ериді, иодпен әсер еткенде көк түске боялады.
Амилопектин суда ерімейді, иодпен әсер еткенде күлгін түске енбейді.
Крахмал - целлюлозадан кейінгі табиғатта ең көп таралған көмірсу. Ол өсімдіктерде көп болады. Мысалы, картоп түйінінде 20%, бидай дәнінде 70%, күріш дәнінде 80% болады. Аса маңызды тағамдық зат.
- Крахмалға тән сапалық реакция оның йодпен көк түс түзуі.
- Қыдырғанда көк түс жойылады, ал суытқанда қайтадан пайда болады. крахмал йодпен әрекеттесіп кешенді қосылыс түзеді.
- Йодпен әркеттесіп, түзілетін боялған қосылыс – АМИЛОЗА деп аталады.
- Амилоза молекуласы йод молекуласын спираль түрінде қоршайды, сонда әр йод молекуласы 6 глюкоза қалдығымен қоршалады. Қыздырған кезде мұндай кешен өзгеріске түсетіндіктен көк түс жойылады.
Сахароза гидролизі
Сахароза молекуласында α-глюкоза және β-фруктоза молекуласы гликозидті гидроксилдердің қатысуымен бір-бірімен қосылған.
Крахмал гидролизі
Крахмалдың полисахарид ретінде тән қасиеті оның гидролизге ұшырауы болып табылады. Реакция аз мөлшерде күкірт қышқылымен (қышқыл гидролизі ) қызған кезде өтеді.
Өсімдіктерде, жануарлар мен адам ағзасында крахмал молекуласы суды қосып, ферменттердің әсерінен ыдырауға ұшырайды. Крахмалдың гидролиз процесі сатылы жүреді. Алдымен крахмалға қарағанда молекулалық салмағы аз, полисахарид - декстриндер болып табылатын заттар пайда болады. Декстриндер формуласы крахмал молекуласы сияқты – (С6Н10О5)х (х- декстриндерде n-крахмалға қарағанда аз). Содан кейін сахароза изомері – мальтоза пайда болады.
Крахмал гидролизінің соңғы өнімі глюкоза болып табылады.
1811 жылы орыс химигі Кирхгоф алғаш рет глюкозаны крахмал гидролизі арқылы
бөліп алған.
ЦеллюлозагидролизіЦеллюлоза крахмалға қарағанда қиын гидролизденеді.
Крахмал сияқты, целлюлоза қышқыл ерітіндісімен қыздырған кезінде глюкоза түзе гидролизге ұшырайды. Аралық өнімдер ретінде құрылысы аз полисахаридтер, одан әрі дисахаридтер пайда болады және гидролиздің соңғы өнімі глюкоза болып табылады.
Целлюлозаның толық гидролизінің жиынтық теңдеуі:
Целлюлоза гидролизі қанттану деп аталатын маңызды қасиеттердің бірі. Одан ағаш үгінділері мен жаңқалардан глюкоза, ал соңғыны ашыту арқылы этил спиртін алуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?