Крахмалға сапалық реакциялар. Дисахаридтер мен полисахаридтердің гидролизі реакциялары. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:. | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Крахмалға сапалық реакциялар. Дисахаридтер мен полисахаридтердің гидролизі реакциялары. | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.5.1.9 - крахмалға сапалық реакцияны жасау; 11.5.1.10 - сахароза, крахмал және целлюлоза гидролизінің реакция өнімдерін атау; | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | -қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып химиялық реактивтермен жұмыс жасау дағдыларын, зерттеу, салыстыра білу дағдыларын дамыта отырып крахмалға сапалық реакция жасау; -сахароза, крахмал және целлюлоза гидролизін жүргізе отырып, реакция өнімдерін атау; | |||||||||||||
Бағалау критерийлері | Барлық оқушылар: крахмалдың сапалық реакциясын біледі Көптеген оқушылар: крахмал, сахароза, целлюлоза гидролизі өнімдерін біледі, атайды. Кейбір оқушылар: деңгейлік тапсырмаларды орындайды | |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Крахмал, крахмалға сапалық реакция, сахароза гидролизі, целлюлоза | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Өмір бойы оқу: Сабақ мақсатын біледі және түсінеді; Тиімді жұмыс түрін таңдайды, мәліметтерді анықтаудың жолдарын біледі. Өзіне және өзгеге деген құрмет: Топтық жұмыс арқылы– ұжымдастыққа, ортақ істің нәтижесі үшін жауапкершілікке баулу. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, экология және т.б. | |||||||||||||
Бастапқы білім | құрамында ақуыз, май және көмірсулар бар тағамдарды білу; көмірсулардың (қант пен крахмалдың) құрамын тексере білу; | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 мин | Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық орта қалыптастыру. Ой қозғау (І) Целлюлозадан кейінгі табиғатта ең көп таралған көмірсу. Ол өсімдіктерде көп болады. Мысалы, картоп түйінінде 20%, бидай дәнінде 70%, күріш дәнінде 80% болады. Аса маңызды тағамдық зат. БҰЛ - ...... . | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 2-5 мин 5-15 мин 15 -20 мин 20-25 мин 25-30мин 30-35 мин 35-37 мин | (W) фронтальды сауалдар: 1. Крахмал туралы тағы не білеміз? Мұғалімнің толықтыруы * Крахмал – табиғи полимер екі полисахаридтен: 10-20 пайыз амилоза, 80-90 пайыз амилопектиннен тұрады. Оның жалпы формуласы (С6Н10О5)n. 2. Крахмалға сапалық реакцияны қалай жүргізуге болады? (төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіреді ) Олай болса Зертханалық тәжірибе жүргіземіз. «Крахмалға сапалық реакциялар» Жұмыс мақсаты оқушылармен бірлесе анықталады. Жұмыс барысы:
Тағам өніміндегі крахмалды анықтау Картопты немесе нанды алып, екіге бөлеміз.
Бағалау критерийлері:
- крахмалдың құрылымы мен қасиеттері туралы қорытынды тұжырымдау. Дескрипторлар: - крахмал клейстерін /желімін/ дайындайды; -крахмалға йод тамыза отырып, байқалған өзгерісті жазып алады; - крахмалды қыздырып, әрі қарай бақылау жүргізеді; –қорытынды жасайды. (W) Activity 1 Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу\ мәтінмен жұмыс (алдарына берілген тақташаға орындайды): 1 –топ: сахароза 2 –топ: крахмал 3 –топ: целлюлоза гидролизінің реакция теңдеулерін жазып, реакция өнімдерін атайды. Бағалау критерийлері: - көмірсулар гидролизінің реакция теңдеулерін жазу;
Дескрипторлар: - әр топ сахароза, крахмал және целлюлоза гидролизінің реакция теңдеулерін жазады; - түзілген өнімдерді атайды. (W) Activity 2 Төмендегі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін құрыңдар: Дескриптор: -реакция теңдеулерін құрады; -теңестіреді. (I) Деңгейлік тапсырмалар: А деңгей: *Картоптағы крахмалдың салмақтық үлесі 20 пайыз. Егер өнімнің шығымы 50 пайыз болса, 891 кг картоптан алынатын глюкозаның массасын анықтаңдар. (99 кг) *Картоптан крахмал алу әдісін ұсыныңыздар. В\С деңгей: * Егер 7,2 г глюкоза алынса, гидролиз реакциясына түскен сахарозаның массасын анықтаңдар.( 13,68 г) *Келесі өзгерістерді жүзеге асырыңыз: Крахмал → глюкоза → май қышқылы → май қышқылының натрий тұзы Бекіту:
Сабақ мақсатын бекіту: - крахмалға сапалық реакцияны қалай жасайды; - сахароза, крахмал және целлюлоза гидролизінің реакция өнімдерін атаңыз; | Қосымша 1 Қосымша 2 Крахмалға сапалық реакция https://www.youtube.com/watch?v=44lcqT6hod4 Крахмал гидролизі http://orgchem.ru/chem6/vid/krahm.htm Cахарозаның қышқылдық гидролизі https://www.youtube.com/watch?v=HSSEZtclJLk Целлюлозаның қышқылдық гидролизі https://www.youtube.com/watch?v=R6NYeZmQhZw қосымша 3 | ||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 | Рефлексия Екі жұлдыз, бір тілек Үй тапсырмасы Крахмал қолданылуына монокластер құрыңыз, крахмалдың биологиялық рөлін түсіндіріңіздер. | |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Барлық оқушылар: Кремнийдің маңызды қосылыстарымен танысады және олар туралы оқу мақсатына сай ақпараттар біледі. Көптеген оқушылар: Кремнийдің оксиді және карбиді туралы жан-жақты ақпараттарға ие болады және оларды салыстырмалы түрде талдай алады. Кейбір оқушылар: Оқу мақсатын толыққанды түсінеді және өздерінің түсінгендерін өзге құрбыларына түсіндіріп бере алады. | Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін олардың берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жұрыс және анық жауап беруі, практикалық жұмысты сауатты орындауы басты назарда болады. Сондай-ақ олар өз ойларын ашық түрде жеткізе алулары керек. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды