Аминдердің алынуы. Галогеналкандардың нуклеофильді орынбасу реакциялары. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


 Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.2.A.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Аминдердің алынуы. Галогеналкандардың нуклеофильді орынбасу реакциялары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.5.1.5 галогеналкандардың нуклеофильді орынбасу реакциялары арқылы аминдердің түзілу механизмін сипаттау;

 Сабақ мақсаттары

1. Галогеналкандар дегеніміз не?

2. Нуклеофиль дегеніміз не?

3. Нуклеофильдерге қандай қосылыстар жатады?

4. Аминдердің галогеноалкандармен реакциясы қандай механизм арқылы жүреді?

5. Галогеналкандардың нуклеофильді орынбасу реакцияларын механизмін көрсете отырып жазу.

 Бағалау критерийі

Сабақ бойы жүреді. Кері байланыс дер кезінде беріліп барыладыү

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушы орындауы тиіс: ауызша және жазбаша жауаптарда ғылыми терминологияны қолдану

Пәнге қатысты лексика мен терминология

аминдер, галогеналкандар, нуклеофильді орынбасу нитрилдері

Реакция - … типі, …. деген мағынаны білдіреді

Реакция … басталады

Нәтижесінде …. және өнім ретінде …..

Құндылықтарды дарыту

 

 

Мектеп құндылықтары мен Мәңгілік Ел идеяларын сабаққа енгізу сабақтың ажырамас бөлігі. Ол құндылықтар сабақ барысында туындаған жағдайға және оқу мақсаттары мен оқушылардың жауаптарына сай қолданылып барылады.

Білім құндылықтары:

  • Құрмет.
  • Ашықтық.
  • Өмір бойы білім алу.

Сабақ барысында тек осы жоғарыдағы құндылықтар ғана емес, сонымен қатар мектебіміздің басқа да құндылықтары қажет болған кезде кіріктіріліп барылады.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта биология пәнімен пәнаралық байланыс болады.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация. Анимациялар.

Бастапқы білім

11.1A Атом құрылысы

10.1C Химиялық байланыс

10.2A Органикалық химияға кіріспе

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.

Оқушылардан бірқатар сұрақтарға жауап беруді сұрау арқылы ауызша талқылау/әңгімелесу жүргізіледі, қажет жерлерінде жазбаша түрде де сұралады.

Оқушылардан сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар: (Б)

1. Сутектік байналыс дегеніміз не?

2. Аминдердің қайнау температуралары салыстырмалы түрде қандай сән көрсетеді?

3. Аминдер суда қалай ериді?

4. Аминдердің негіздік қасиет көрсетуіне құрысындағы қандай бөлігі себеп болады?

5. Аминдердің әлсіз негіздік қасиет көрсету себебі неде?

ІІ деңгейлі тапсырмалар (қолдану): (Б)

1. Тізбектің ұзындығын арттырған сайын біріншілік аминдердің қайнау температурасы қалай өзгереді? Себебі неде?

2. Үшіншілік аминдер қалайша сутектік байналысқа түсе алады?

3. Көмірсутектер тізбегі ұзаққа созылған сайын аминдердің суда ерігіштігі қалай өзгереді? Себебін түсіндіріңіз.

4. Льюис теориясы бойынша негіздер дегеніміз не?

5. Брёнстед-Лоури теориясы бойынша негіздер дегеніміз не?

) Оқушылардан талқыланған сұрақтарды түсіндіруін сұраңыз және оның дұрыстығына көз жеткізіңіз.

Жаңа сабаққа кірісу

Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:

11.5.1.5 галогеналкандардың нуклеофильді орынбасу реакциялары арқылы аминдердің түзілу механизмін сипаттау;

Осы жоғарыдағы оқу мақсатына жету жолында қандай іс-әрекеттер жасау мүмкіндігі оқушылардан сұралып, бірлесе отырып сабақтың мақсаттары анықталады (мүмкін болатын сабақтың мақсаттары):

1. Галогеналкандар дегеніміз не?

2. Нуклеофиль дегеніміз не?

3. Нуклеофильдерге қандай қосылыстар жатады?

4. Аминдердің галогеноалкандармен реакциясы қандай механизм арқылы жүреді?

5. Галогеналкандардың нуклеофильді орынбасу реакцияларын механизмін көрсете отырып жазу.

Бұл жоғарыда көрсетілген оқу мақсаттары мұғалімнің ұсынған нұсқасы, оқушылар тарапынан айтылған идеялар да мұқият ескеріледі. Ортаға тасталған барлық идеялар ескеріп, ең ұтымды нұсқасы таңдалынып тақтаға флипчарт қағазында жазылады немесе тақтаға жазылады. Оқушыларға осы критерийлер бойынша сабақ өтілетіні ескертіледі және сабақ барысында осы критерийлерді басшылыққа алу ұсынылады. (Б)

Сабақтың тақырыбы:

Амнндердің алынуы. Галогеналкандардың нуклеофильді орынбасу реакциялары.

Сабақтың ортасы

Қосымша №1

(С) (М) Сыныпқа осы оқу мақсатындағы ең басты ұғым нуклеофиль ұғымы түсіндіріледі.

Қосымша №2

(С) (М) Аминдердің алудың мүмкін болған жолдары кесте түрінде көрсетіледі.

Қосымша №3

(С) (М) Неліктен аминдер нуклеофилдер рөлін атқарады деген сұрақ қойып жауап іздейді және жауап береді.

Қосымша4

(С) (Жж) (Б) Ресурспен жұмыс. Мұғалімнің қолдауы негізінде түсіндіріліп, жетелеуші сұрақтар қойылып барылады.

Қосымша №5

(С) (Т) (Б) Оқушылар галогеналкандардың нуклеофильді орынбасу реакцияларының жалпы механизмін көрсететін суретпен жұмыс жасайды және нақты қорытынды шығарады.

Жаңа сабақ аяқталғаннан соң оқушылардың жаңа оқу мақсаттарына қаншалықты жеткенің нақтылау мақсатында сабақты бекіту процесі жүргізіледі.

Оқушылардан сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар:

І деңгейлі тапсырмалар (білу мен түсіну):

1. Нуклеофиль дегеніміз не?

2. Нуклеофильдерге 3 мысал келтіріңіз.

3. Диэтиламмоний бромидінің формуласын жазыңыз.

ІІ деңгейлі тапсырмалар (қолдану):

1. Галогеналкандарды нуклеофильді орынбасу реакциялары қыздыру арқылы жүргізіледі. Осы кезде түзілуі мүмкін өнімдерді атаңыз.

2. Этиламин мен бромэтанды әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңыз.

3. Екіншілік аминдер өздерінің тұздарынан алынады. Осы реакция теңдеуін механизмін көрсете отырып жазыңыз.

https://www.chemguide.co.uk/organicprops/amines/nucleophile.html#top

https://www.scisheets.co.uk/

http://www.knockhardy.org.uk/

Сабақтың соңы

Сабақты бағалау процесі мен кері байланыс сабақ барысында, қажеттілікке сай беріліп барылады.

Үй тапсырмасы:

Оқу мақсатына сай үлестірме тапсырмаларды орындап келу;

Қосымша №6

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Галогеналкандарды нуклеофильді орынбасу реакцияларының не екенің біледі және түсінеді. Реакция теңдеулерін жаза алады.

Кейбір оқушылар:

Оқу мақсатын жете түсініп, оған жету жолында алға қойылған критерийлерді толықтай меңгереді. Оқу мақсатына толық жетіп, сабақ барысында өзінің үйренгенің өзге бөлісе алады.

Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін олардың берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жұрыс және анық жауап беруі, практикалық жұмысты сауатты орындауы басты назарда болады. Сондай-ақ олар өз ойларын ашық түрде жеткізе алулары керек.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

ҚОСЫМША №1

МЕН НУКЛЕОФИЛЬМІН

Менде бір электрон жұбы бар, мен оны жаңа байланыс түзу үшін қолдана аламын. Мен электроны аз аймаққа шабуылдай аламын (+ немесе d+).

 

 

ҚОСЫМША №2

Табиғаты:

Жалғыз электрондық жұптың арқасында аминдер нуклеофилдер сияқты реакцияға түседі

Реагент

Өнім

Механизм

• галоалканалар

алмастырылған аминдер түзеді

нуклеофильді алмасу

• ацил хлориді

N-алмастырылған амидтер түзеді

Қосылу-элимирлену (жойылу)

ҚОСЫМША №3

Неліктен аминдер нуклеофил рөлін атқарады?

 Нуклеофиль дегеніміз - басқа молекула немесе ионның оң зарядталған немесе шамалы оң зарядталған бөлігін өзіне тартып, содан кейін шабуыл жасайды.

 Барлық аминдер құрамында электртерістілігі жоғары азот атомында белсенді электрон жұбы болады. Дәл осы электрондар басқа молекулалардың немесе иондардың оң зарядталған бөліктеріне тартылады.

 

 

 

 ҚОСЫМША №4

Біріншілік аминдердің галогеноалкандармен реакциясы

 Сіз бұл өте күрделі реакцияларды қыздыру арқылы жүргізесіз, және осы кезде өнімдер қоспасы түзілуі мүмкін. Қыздыру кезінде күрделі реакциялар сериясы орын алады. Мүмкін болатын реакция өнімдеріне екінші және үшінші деңгейлі аминдер мен олардың тұздары, төртінші аммоний тұздары жатады.

Екіншілік аминдерді олардың тұздарынан алу

Біріңші кезеңде сіз екіншілік аминдердің тұзын аласыз. Мысалы, сіз этиламин мен бромэтанды әрекеттестірсеңіз сәйкесінше диэтиламмоний бромиді түзіледі.

 Қоспада артық этиламин болған жағдайда қайтымды реакция жүре бастайды. Этиламин диэтиламмоный ионынан сутекті жоя бастайды, нәтижесінде екіншілік диэтиламин түзіледі.

ҚОСЫМША №5

 

 

 

ҚОСЫМША №6

1. а) Нуклеофиль дегеніміз не?

б) Аминдер неліктен нуклеофилдер?

2. Бұл сұрақ аминдер мен галогеноалкандар (реакциялық алкилдер) арасындағы реакцияларға қатысты.

 а) Бромоэтан мен этиламин арасындағы реакция нәтижесінде күрделі қоспа түзіледі, алайда бірінші болып келесі реакция теңдеуі жүреді?

 

 

 

 Не болып жатқанын сөзбен сипаттаңыз.

 

 

 

 

 Келесі үш сұрақ әдейі ыңғайсызданып, оларды тек оқып қана қоймай, оқығанды түсіну арқылы ғана жасай аласыз. Оларға уақытыңызды бөліңіз.

 

 б) егер сіз жоғарыдағы теңдеуде этиламинді емесі метиламинді алып жүргізсеңіз, ал оны да бромоэтанмен әрекеттестірсеңіз жүруі мүмкін реакция теңдеуін жазыңыз.

 

 

 С) Метиламин мен этан ангидридін қосып қыздырғанда өнімдердің формулаларын жазып, оларды атаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?