Майлар. Майлардың құрылысы мен қасиеттері. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.


Майлар қатты сұйық, май тәріздес судан жеңіл, суда ерімейді. Бензинде, дихлорэтанда; спиртте ацетонда ериді. Балқу температурасы төмен. Сұйық майдікі (-4°С). Сиыр майы ұзақ сақталса, қызады. Себебі май қышқылы (С3Н7СООН) түзіледі. Ол майға жағымсыз дәм береді.Өсімдік майлары: мақта, зығыр, арахис, шығанақ – сұйық, тек какос майы қатты. Балық майы – сұйық, басқа жануарлар майы қатты. Құрамы: глицерин + жоғары карбон қышқылы = МАЙCH2 – OH HO – CO – C17H35 CH2 – O – CO – C17H35CH – OH + HO – CO – C17H35 CH – O – CO – C17H35 + 3H2OCH2 – OH HO – CO – C17H35 CH2 – O – CO - C17H35Май глицерин мен жоғары карбон қышқылдарының күрделі эфирі. Қатты майдың құрамына жоғары қаныққан карбон қышқылдары: пальмитин С15Н31СООН, стериан С17Н35СООН кіреді.Сұйық майдың құрамына жоғары қанықпаған карбон қышқылдары С17Н35СООН олеин, линол С17Н31СООН, линольді С17Н29СООН, линольді С17Н29СООН құрамында қос байланысы бар қышқылдар кіреді.Химиялық қасиеттеріМайлар қышқыл катализаторлардың қатысуымен (Н2SO4 т.б.) гидролизденеді.СН2 – О – ОС – R HO – H CH2 – OHCH – O – OC – R + HO – H CH – OH + 3RCOOHCH2 - O – OC – R HO – H CH2 - OHСілті қатысында гидролизденгенде, глицерин мен карбон қышқылының тұзы (сабын) түзіледі. Бұл реакция майдың сабындыну реакциясы деп аталады.СH2 – O – OC – C17H35 CH2 – OHCH – O – OC – C17H35 + 3NaOH CH – OH + 3C17H35 COONa натрий стеарты (сабын)CH2 – O – OC – C17H35 CH2 - OHТристеарин (май) глицеринМайларды гидрлеу (гидрогендеу). Өсімдік майларына қанықпаған қышқылдардың күрделі эфирлері кіретін болғандықтан, оларды гидрлеуге болады. Қыздырылған май (150-160°С температурада) және ұнтақталған никель катализаторы қоспасына сутек жібергенде, май құрамындағы еселі байланыстар сутекпен қанығады. Реакция нәтижесінде сұйық май қатты майға айналады. Ол майды саломас немесе құрама май деп атайды

Карл Шееле зәйтүн майынан «май қантын» - тәтті зат алды, 1779 жылы майда глицирин бар екені анықталды, 1808 жылы М.Шеврель май құрамын анықтады, 1854 жылы М.Бертло майды синтездеді.CH2 – OH HO – OC – R CH2 – O – OC – RCH – OH + HO – OC – R CH – O – OC – R + 3H2OCH2 – OH HO – OC – R CH2 – O – OC - RМайларды жануарлармен мен өсімдіктерден алады. Тиімсіз болғандықтан, майлар синтездік жолмен алынады.

Карбон қышқылы мен майдың салыстырмалы сипаттамасыКарбон қышқылы Май1) R – COOH /Органикалық зат / CH2 – O – CO - R CH – O – CO – R CH2 – O – CO - R2). C17H35 COOH / / CH2 – O – CO - C17H35 CH – O – CO – C17H35 CH2 – O – CO – C17H353) Стеарат / қатты / глицерид4) Қышқыл / суда ерімейді/ күрделі эфир5) Синтездік жолмен / жануарлардан / синтездік жолмен алынады.6) Медицинада / сабын / тамақҚолданылуыСұйық майларды гидрлеп алған қатты майлар өнеркәсіпте маргарин және сабын алуға жұмсалады. Маргарин жасау үшін саломаска аздап сары май, сүт, витаминдер, сонымен қатар дәм және түс қоспалар қосады. Құрамында майы бар дәмді тағамдардың бірі – майонез. Ол, негізінен өсімдік майынан (65%)(тұрады. Майонезді майға су (25%) жұмыртқа ұнтағын (5-6%) құрғақ сүт (2-3%), қант, сірке суын және дәм беретін заттар қосып дайындайды. Майларды техникалық мақсаттарға да пайдаланады. Мысалы олардан сабын жасайды. Дүние жүзінде жылына ондаған миллион тонна май өндіріледі. Оның шамамен үштен екісі азық ретінде, ал қалғаны техникалық мақсатта қолданылады. Біздің елімізде Алматыда, Өскеменде, Шымкентте май өндіріп өңдейтін зауыттар бар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?