Этерицикация реакция механизімі. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары,


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.1В: Карбонильді қосылыстар

Мектеп: Павлодар НЗМ

Күні:.

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбай А.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Этерицикация реакция механизімі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.2.9 Этерификация реакциясының механизмін сипаттау

11.4.2.9 The description of the reaction mechanism of esterification

Сабақ мақсаттары

- этерификация реакциясын реакциясы арықы күрделі эфир алу

*күрделі эфирді алудың баламалы жолы қарастыру.

- Карбон қышқылдардың этерификация реакция механизмін қарастыру.

- этерификация реакция механизмін жүрілу сатылары анықтау.

Бағалау

критерийлері

- этерификация реакциясын реакциясы арықы күрделі эфир алуды

*күрделі эфирді алудың баламалы жолы салыстыру.

- Карбон қышқылдардың этерификация реакция механизмін қарастырады.

- этерификация реакция механизмін жүрілу сатылары анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Карбон қышқылдары мен күрделі эфирдің айырмашылығын көрсету

Пәнге тән лексика мен терминология: карбонил, карбоксил, нуклеофиль электрофиль, біріншілік, екіншілік және үшіншілік спирт, карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, тепе тендік, тепе тендіктің ығысуы, сатылары

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Спирттер ..................... болып жіктеледі.

Спирттерді IUPAC номенклатурасы бойынша атаған кезде, ОЛ жұрнағы қойылады, мысалы ................

Біріншілік спирттер реакциялық белсенділігі....................

Екіншілік спирттер реакциялық белсенділігі..........................

Құндылықтарды дарыту

Бір бірін сыйлау/тыңдай білу;

Өмір бойы білім алу;

Әділдік (тапсырмаларды орындау және тексеру кезінде)

Пәнаралық байланыстар

Биология,(алькоголизм)

Бастапқы білім

11.1C Байланыс

11.2A Органикалық химияға кіріспе

11.2D Тепе-теңдік

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Амандасу.

(F) Экранда суретке назар аудару

Сурет бойынша сұрақ: (слайд 1)

Суреттегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңдар.

Реакция механизімі тұрғысынан қарастырсақ қандай механизм түріне келеді? (Нуклеофильді орынбасу реакциясы)

(G) Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері туралы білімдерін шоғырландыру.

күрделі эфирлердің алынудың бұл әдісі қалай аталады?

Сабақ тақырыбын, оқу мақсаттарын айқындау: (слайд 2)

Тапсырма парағы

Сабақтың ортасында

11-37 минут

Жаңа сабақтың тақырыбын және мақсаттарын ашу.

(G) жұптық жұмыс.

Оқушылар 2 минут бойы ақпараттық парақтарды оқиды.

Қажетті ақпаратты жазып алып, бір-біріне 2-3 сұрақтан қойып, жұппен талқылайды.

Реакцияның механизмі бойынша радикалды және ионды реакциялар деп бөледі.

 1. Радикалды реакциялар бос радикалдардың қатысумен жүреді.

 Бос радикалдар – жұптаспаған (дара) электроны бар атомдар немесе атомдар тобы. Олар реагенттің құрамындағы байланыстың гомолиттік үзілуі нәтижесінде пайда болады:

 2. Ионды реакциялар жүру үшін реагенттің құрамындағы байланыс гетеролиттік үзіліп, зарядталған бөлшектер (иондар) пайда болады да, олар субстрат молекуласын шабуылдайды. Ондай бөлшектерді электрофилдер немесе нуклеофилдер деп атайды:

 

 

Кейін сыныппен мұғалім көмегімен талқылайды (слайд 3-5)

Электрофильдер

Нуклеофильдер

 Оң зарядталған иондар (барлық катиондар H+, NO2+, SO3H+ карбкатиондар) т.б.,

 Электрофил– электрон жұбының акцептор болып келетін электронға тапшы бейтарап молекулалар (SO3, SOCl2, AlCl3, BF3 т.б.) бола алады.

 Электронға бай аумаққа (ортаға) ұмтылатын бөлшектер, байланыс түзуі үшін олардың бос электрондық орбитальдары болуы қажет.

 Субстрат (реагент) құрамындағы теріс зарядталған атоммен бос электрон жұбы байланысатын бөлшек.

 Нуклеофил – электрон жұбының доноры болып келетін, теріс зарядталған иондар (аниондар, OH-, CN-, Cl- RCOO-, ) т.б.

 Реакцияға түсетін бөлінбеген жұп электроны бар бейтарап молекулалар (H2O, NH3, ROH, ROR) бола алады.

 Нуклеофил- оң зарядталған электронға тапшы бөлшекке ұмтылатын реагент.

 Субстрат (реагент) құрамындағы оң зарядталған атоммен (әдетте көміртегі атомы) байланысатын бөлшек.

 

Нуклеофилдер Льюис негіз (видео көрсету)

(C) Этерицикация реакция механизмін слайд бойынша немесе тақтаға мұғалім жазып түсіндіреді (слайд№7)

(слайд№8)

1-ші саты: Карбон қышқылының катализатормен күшті қышқыл (мысалы күкірт қышқылы) әсерінен белсендіруі, бейтарап молекуладан карб катионның түзілуі.

2-ші саты: Нуклеофильді спирттің карбокатионға шабулдауы

3-ші саты: Протонның (Н+) көшуі және судың үзілуі.

4-ші саты: Тұрақсыз өнімнің өзара бірігуі нәтижесінде күрделі эфирдің пайда болуы сонымен қатар су және катализатордың бөлінуі.

Бекіту: (F) Қосымша ретінде тапсырмаларын орындайды

(P) Күрделі эфирлердің Номенклатурасы

(iupac) атау ...........

Тапсырма №1

Пропан қышқылымен этанолдың әрекеттесу реакция теңдеуін жазып, механизмін әрбір сатыларының атауын атап жүрілу барысын түсіндіріңдер, түзілген эфирдің атауын жаз.

Реакция теңдеуі:

Дискрипторлар:

  • Реация теңдеуін аяқтайды.
  • Түзілген эфирдің атауын жазды
  • Нуклефильдік орын басу механизмі бойынша механизімін сызады
  • Реакция механизмінің сатыларын көсете отырып атауларын жазады.

Тапсырма №2

Төмендегі берілген жалпы реакция теңдеуі бойынша реакция механизмін жаз.

Жауабыбы: Дискрипторлар:

  • Реация теңдеуін аяқтайды.
  • Нуклефильдік орын басу механизмі бойынша механизімін сызады
  • Реакция механизмінің сатыларын көсете отырып соңғы өнімнің формуласын жазады.

Ақпараттық парақ беріледі

Ақпараттық парағы pDF форматта

Сабақтың соңы

38-40

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Үй тапсырмасы: эфирлердің күнделікті өмірде қолданылуы және олардан алынуы мүмкін өнімдер туралы сыныпқа ауызша түрде хабарлама ұсынады

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

G = топпен жұмыс

I = жеке жұмыс

E = оқушылар эксперименті

T = мұғалімнің түсіндіруі

D = мұғалім көрсетілімі

f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін тапсырма

= қауіпсіздік техникасы бойынша кеңес

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?