Карбонил тобының құрылысы және номенклатурасы. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.1 B Карбонилді қосылыстар | Мектеп: ФМБ НЗМ Астана қ. | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты – жөні: Кунева П.Б. | |||||
Сынып: 11 (40мин) | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы: Карбонил тобының құрылысы және номенклатурасы | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | - альдегидтердің, кетондардың және карбон қышқылдарының құрылымдық формулаларын құрастыру және оларды IUPAC бойынша атау | |||||
Сабақ мақсаттары | -карбонил тобынының құрылымын білу; -альдегидтердің, кетондардың және карбон қышқылдарының құрылымдық формулаларын құрастыру; -оларды IUPAC бойынша атау | |||||
Сабақтың түрі | аралас сабақ | |||||
Бағалау критерийлері | -альдегидтердің, кетондардың және карбон қышқылдарының құрылымдық формулаларын құрастырады; - альдегидтер, кетондар және карбон қышқылдарын IUPAC бойынша атайды. | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - Көміртегі атомының электрондық құрылысы туралы сұрақтарға жауап беру және басқаларға түсіндіру Көміртегі атомы, одан жасалған / одан тұратын ... Сыртқы қабатта/көміртегі атомында X / Y электрондары бар. Ол Xбайланыстар/ коваленттік байланыстар құрай алады. Пәнге қатысты лексика және терминология: Электрондық құрылыс, көміртегі, коваленттік байланыстар, органикалық қосылыстар, сыртқы қабаттағы электрондар, ядро одан жасалған, одан құралған нысаны, құрылысы | |||||
Құндылықтарды дамыту | Адамгершілік, нақтылық, тазалық, ұқыптылық, жан-жақтылық, топпен жұмыс жасау, бір-бірін тыңдау және сыйлау құндылықтары | |||||
Пәнаралық байланыстар | Физика, биология, медицина, экология және т.б. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Power point, видеокөрсетілім, интернет жүйесін қолдану | |||||
Бастапқы білім | Көміргеті қосылыстары 1 (6.3c) Атомдардағы электрондардың қозғалысы (8.2A) Көміртегі және оның қосылыстары (8.4b) Қосылыстар құрылымы (9.1В) Органикалық химияға кіріспе (10.3a) Көмірсутектері (10.3B) | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Қызығушылықты ояту ІІІ. Негізгі бөлім актуализациялау Сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсаты мен міндетін тұжырымдау. Сабақ тақырыбының органикалық химиядағы алатын орнын анықтау (бағдарламаға сәйкес). Бұрынғы өтілген материалмен жаңа материалдың байланысын көрсетіп, назар аудару. Оқушылардың сабақ үстінде орындайтын жұмыс этаптарымен таныстырып, нұсқау беру, оқытылатын матерал бойынша өз түсініктері жайлы жазба жүргізуді сұраймын. | PowerPoint презентация слайдтары | ||||
Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Карбонил тобының құрылысы Карбонил тобындағы көміртек атомы sp2-гибридтенген. Онымен байланысқан атомдар бір жазықтықта жатады. Арасындағы бұрышы 1200. Карбонил тобының қос байланысы алкендердегі сияқты бір σ (сигма) және бір π-байланыстан тұрады. Бұндағы қос байланыс электртерістігі әртүрлі атомдар арасында түзілген. Карбонил тобындағы электрон тығыздығы электр терістігі жоғары оттекке қарай ығысқан. Сондықтан полюстену пайда болады. (Оқушыларға видеокөрсетілім бойынша түсіндіру) Альдегидтер мен кетондар – көміртек атомымен қос байланыспен байланысқан, оттек атомынан тұратын қосылыстар. Бұл құрылым карбонил тобы деп аталады. Альдегид атаулары көміртексутектің атына –аль жалғауын қосу арқылы жасалады. (Бірнеше мысал келтіру арқылы түсіндіру) Органикалық қосылыстардың атаулары яғни IUPAC. Жүйелеу немесе систематикалық номенклатура бойынша қосылыстарды атауды түсіндіру Альдегидтердің номенклатурасына тоқталу: Тармақталған альдегид атаулары - карбонил тобының көміртек атомына әрдайым бірінші нөмір беріледі. Сақиналы альдегидтердің атаулары - егер альдегид тобы циклге жалғанған болса, ол орынбасушы – радикал ретінде қарастырылады да, оның циклге жалғанғандығы -карбальдегид жұрнағымен көрсетіледі. Альдегидтердің номенклатурасы бойынша келесі жаттығуларды орындаңыздар: 1 жаттығу. Берілген альдегидтердің жүйелік атауларын анықтаңыздар Кетондардың номенклатурасына тоқталу. Альдегидтерме ұқсастығы және айырмашылықтарына салыстырмалы түрде сипаттау. 2-жаттығу. Берілген қосылыстардың құрылымдық формулаларын олардың жүйелік атауларымен сәйкестендіру 3 жаттығу пентен-3-он-2 құрылымдық формуласын табыңыз. Карбон қышқылы молекуласының құрылысы Сурет бойынша түсіндіру Карбон қышқылдарына берілген мысалдар негізінде анықтама шығару. Карбон қышқылдарының жіктеліне тоқталу; Карбон қышқылдарының классификациясы 1) бір негізді, бір карбоксил тобы болса 2) екі негізді, екі карбоксил тобы болса НООС – СООН қымыздық қышқылы НООС – СН2 – СООН малон қышқылы НООС – СН2 – СН2 – СООН янтар қышқылы 3) көп негізді, үш немесе одан көп карбоксил тобы бар 4) қанықпаған қышқылдар: СН3 – СН СН – СООН кротон қышқылы СН2 СН – СООН акрил қышқылы С17Н33СООН олеин қышқылы IUPAC бойынша оқылуын үйрету. Карбон қышқылдарының изомериясына қысқаша тоқталып кету, мысалдар келтіру, жаттығылар орындау Сабақта алған білімдерін қорытындылау мақсатында қосымша тапсырма орындату (қалыптастырушы бақылау парағын тарату) – 5 мин. (тапсырма парақтарын бір –бірімен алмастыру арқылы, бір-бірінінің жұмыстарын тексеріп бағалау) | PowerPoint презентация слайдтары | ||||
| «INSERT» ӘДІСІ Мен үшін жаңалық.....Мен үшін тосын жай .....Мен үйрендім ....... | |||||
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Барлық оқушылар түсіну керек: Карбонил тобының құрылысын сипаттай алады. Оқушылардың көбісі: Альдегид, кетон карбон қышқылдарын номенклатура бойынша атап, формулаларын жаза алады. Кейбір оқушылар: Альдегид, кетон, карбон қышқылдарын алу реакция теңдеулерін жүргізе алады | 1.Оқушылардан органикалық қосылыстардың атауларын тривиальді (тарихи) номенклатура, рационалды номенклатура, IUPAC. жүйелеу немесе систематикалық номенклатура бойынша айтылуын сұрау. 2. Сабақты бағалау үшін, сұрақтар қою, топпен талқылау және жаңа сабаққа қорытынды шығару барысында оқушының сабақ материалын қаншалықты түсінгені байқалады. | Химия кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды. | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Жаңа сабақты түсіндіру өте сәтті өтті, жұппен жұмыс және топпен талқылау, оқушылар арасындағы пікірталас. 2: Оқушылардың белсеңді сабаққа қатысуы - проблемалық сұрақтар талқылау да көмектесті. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Әр түрлі жұмыстар жасауда тайм- менеджменті сақтау. 2: саралау жұмысын жүргізуде. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Әр оқушымен жеке жұмыс жасау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?