Аммиак пен азот қышқылы өндірісі. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Бөлім:10.4В Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 10

Тақырып:

Аммиак пен азот қышқылы өндірісі

Оқу мақсаты

10.2.1.46 аммиак және азот қышқылын өнеркәсіптік өндіру әдістерін және оның өнімдерінің қолдану сапасын сипаттау

Сабақ мақсаты

Аммиак және азот қышқылы өндірісімен танысу, өндірістің негізгі принциптерімен және осы заттардың маңыздылығын түсіну.

Бағалау критерийі

Оқушы жетістікке жетеді, егер:

  • Аммиак және азот қышқылының өндірістерінің негізгі сатыларын біліп сипаттай алса;
  • Өнеркісіптік өндірістің негізгі принциптерін түсіндіре алса;
  • Аммиак пен азот қышқылының маңызын сипаттай алса;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Аммиак және азот қышқылының қолданылуын ауызша және жазбаша түрде сипаттау

Аммиак. Азот қышқылы, минералды тыңайтқыштар, өндіріс

Азот, тыңайытқыштар, химиялық өнеркәсіп, бояу, эмаль, сия, қағаз, қопарғыш заттар, батареялар

Сұхбат/хат үшін фразалардың пайдалы топтамасы

Көптеген / кейбір / кішігірім саны бар / күкірт қышқылы ... үшін қолданылады x % әлем өндірісі ...өңдеу/дайындау үшін қолданылады

Тыңайытқыштар/химиялық өнеркәсіпті әлем өндірісінің х %

Құндылықтар

Жаһандық азаматтық:

Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуға ұмтылу.

Дағдылар:сыни және шығармашылық ойлау, өзіне сенімділік және рефлексия жасай алу.

Салауатты өмір салтын ұстану.

Қарым-қатынас:

- топтық жұмыс

 Пән аралық байланыс

Биология

Физика

 Дағдылар

Power Point пен жұмыс, видеохостинг YouTube және «BilimLand» ресурсымен.

Алғашқы білімдері

7.2 В Қарапайым химиялық реакциялар

7.3B Геологиялық химиялық қосылыстар

8.1B Металлдардың белсенділік қатары

8.3С Қайтымды реакциялар

Жоспар

Уақыты

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

1-5 мин

Сәлемдесу. Психологиялық ахуал.

Үй жұмысын тексеру.

(М) (С) Төмендегі сұрақтар бойынша оқушылармен әңгіме жүргізіңіз:

- Аммиак туралы не білесіз? …........

(М) Өнеркәсіпте аммиакты қандай шикізаттан алуға болатынын оқушылардан сұраңыз

Талқылау. Оқушылар аммиак пен азот қышқылының маңыздылығын және оның өнеркәсіптік өндіріс қажеттілігін түсінеді.

Сабақтың тақырыбымен, Оқу мақсатымен, жетістік критерийлерімен таныстыру.

Жұмыс дәптерлері

Презентация – слайд 1

Презентация – слайд 2,3

Ортасы

5 - 20 мин

20-30 мин

30-35 мин

(М) Өнеркәсіпте аммиакты қандай шикізаттан алуға болатынын оқушылардан сұраңыз, талқылаңыз.

Курстар - Химия - Бейорганикалық химия -Периодтық кесте Аммиак (3 бет)

немесе

(С) Аммиак өндірісінің технологиялық қондырғысы суретімен мәтіндік материалды өз бетімен оқу үшін оқушыларға таратыңыз.

(Б) Мәтінді оқып болғаннан кейін оқушыларға әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі типтегі (жабық және ашық түрдегі 5-6 сұрақ) тапсырмаларды жазбаша түрде орындауға беріңіз.

Аммиак оның құрамдас элементтерінің тікелей синтезделуі жолымен алынады.

0%

N2(г)+3H2(г)⇌2NH3(г)

Ле Шателье тарапынан құрастырылған және оның атымен аталатын принцип, егер тепе-теңдік жағдайындағы жүйе сыртқы факторлармен бұзылса, жүйенің бұзу әсеріне қарсы тұру үшін өзгерістерге ұшырайтынын айтады.

Бақылау сұрақтары

1. Азотсутекті қосылыстың қазіргі кездегі алу әдістері қандай?

2. Азотсутекті қосылысты алудың технологиялық схемасының қандай ерекшеліктері бар?

3. Аммиакты азот пен сутектен алу сатылары қандай?

4. Аммиак синтезіндегі катализатор түрлері қандай және оларға қандай талаптар қойылады?

5. Аммиакты синтездеу қондырғыларындағы негізгі аппараттар түрлері қандай?

(М) (С) Әлемдік ірі тонналы өндірістің қажеттілігін негіздеуді оқушылардан сұраңыз.

Оқушылар ресурсты қарап

Курстар - Химия - Бейорганикалық химия - Периодтық кесте Аммиак. Азот қышқылы (4).

Әр видеоны мұғаліммен талқылап отырады. Шикізат, негізгі принциптер, реакциялар жүру жағдайына, Ле – Шателье принципінің қолдануын ескере отырып.

(Б) Сөз сөйлеу кезінде оқушылар өзара бағалау жүргізеді

(С) (Б) Азот қышқылы өндірісі тақырыбы бойынша оқушылардың білімін «Сұрақ-Жауап» ойыны арқылы мұғалім бағалау жүргізеді.

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/periodtyq-keste/lesson/ammiak-azot-qyshqyly

немесе

Аммиак өндірісінің негізі: http://www.alhimikov.net/elektronbuch/ammiak.html

Негізгі пайдалы ақпарат:

http://www.chemguide.co.uk/physical/equilibria/haber.html

Пайдалы бейнежазба :

http://www.youtube.com/watch?v=-7X-gFao1Ag

Кешенді бейнежазба BBC:

http://www.youtube.com/watch?v=c4BmmcuXMu8&feature=results_video&playnext=1&list=PL47DE8FAE50CAB1B1

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/periodtyq-keste/lesson/ammiak-azot-qyshqyl

Осы тақырыптардағы кітаптар:

http://www.namedorganicreactions.co.uk/Haber.pdf

а Аммиакты қолдану бейнежазба:

http://www.youtube.com/watch? v=pxqgRUFg8RQ

Соңы

35-40 мин

Сабақты қортындылау.

Рефлексия

Оқушылардан келесі сұрақтар бойынша ойлануға шақырыңыз:

- Сіз есте сақтаған сабақтың сәті қандай?

- Сабақтың қандай бөлігі түсініксіз болды?

- Болашақта осы тақырып бойынша қандай ақпарат алғыңыз келеді?

Студенттер бұл сұрақтарға жазбаша жауап бере алады.

Үй жұмысы:

Нитроглицерин туралы мәлімет дайындау.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейту қажет. Сонымен қатар ол оқушыларға қосымша күрделі тапсырма беруге болады.

Мұғалім ауызша жауаптары, тапсырмалар бойынша бағалайды.

Партада дұрыс, ыңғайлы отыруы;

Практикалық жұмыстың қауіпсіздік шараларының орындалуы (қорғағыш көзілдірік, қолғап, ақ халат).

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?