Күкірт, оның оксидтері және күкірт қышқылы, сульфаттар және оның қасиеттері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Халықаралық тәжірибелерді, қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы және жалпыға бірдей мүмкіндіктерді ескере отырып, ұлттық білім беру жүйесінің ең үздік дәстүрлеріне негізделген қолайлы үштілді білім беру ортасын құруға ықпал ету.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
ӘБ жетекшісінің АЖТ _____________________ (қолы) _______
Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Пән:химия | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Дата: | Класс:10 | Оқушы саны: | |||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | 10.1CМаңызды өнеркәсіптік химикаттар | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Күкірт, оның оксидтері және күкірт қышқылы, сульфаттар және оның қасиеттері | ||||||||||
Бастапқы білім | 7.2 В Қарапайым химиялық реакциялар 7.3B Геологиялық химиялық қосылыстар 8.1B Металлдардың белсенділік қатары 8.3С Қайтымды реакциялар 9.2С Бейметаллдар және олардың қосылыстары: 16 және 17 топтары | ||||||||||
Оқыту мақсаттары | 10.4.2.2 күкірт қышқылы өндірісінің процесін түсіндіру; 10.4.2.3 бұл процесті тепе – теңдік ретінде түсіну және жағдайдың өзгеруі мақсатталған өнімнің шығымына қалай әсер ететіндігін болжай алу; | ||||||||||
Сабақтың мақсаттары | -күкірт қышқылының өндірісін біледі. | ||||||||||
Жетістік критерийлері | - Қазақстанның белгілі ауданындағы негізгі қазба байлықтарды және оны өндіру үрдісін өздерінің баяндамаларында көрсетсе, Қазақстанның белгілі ауданындағы химиялық өнеркәсіп орындарын өз баяндамаларында көрсетсе, Көрнекті түсті суреттермен безендірілсе. Күкірт қышқылын өндіру үрдісінің барлық кезеңдерін көрсетсе, Катализатор қатысында жүретінін көрсетсе, Күкірт қышқылын өндірудің заманауи әдісінің артықшылығы мен кемшілігін анықтай алса, Сыныптың қызығушылығын арттыра және ораторлық дағдысын көрсете білсе | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады: Күкірт қышқылының қолданылуын ауызша және жазбаша түрде сипаттау Күкірт қышқылы, өндіріс Фосфор, тыңайытқыштар, химиялық өнеркәсіп, бояу, эмаль, сия, қағаз, қопарғыш заттар, батареялар Көптеген / кейбір / кішігірім саны бар / күкірт қышқылы ... үшін қолданылады x % әлем өндірісі ...өңдеу/дайындау үшін қолданылады Тыңайытқыштар/химиялық өнеркәсіпті әлем өндірісінің х % қолданады | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу. Жаһандық азаматтық | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
|
| |||||||||
Дифференциация | Барлық оқушылар: Күкірт қышқылының алу механизмін біледі. Оқушылардың көбісі: Қайтымды процестерді ажырата алады . Кейбір оқушылар: Ле-Шателье принципін біледі, тепе-теңдікті оңға қарай ығыстыру жолдарын түсіндіре алады. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақ барысында оқушыларға презентацияны PowerPoint мен ActivInpire бағдарламасымен жасай алу және де оның мүмкіндіктерін көре алады. | ||||||||||
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | Бөлмені желдету. | ||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 0-15 минут | Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгелдеу. Сыныпта ынтымақтастық орнату. Қалыптастырушы бағалау №13 Ал кіріспені сабақта 15 минуттық стартер ретінде орындатуға болады. Бағалау сабақта жүргізіледі. Мұғалім сабақтың соңында қайсы оқушы алға қойылған мақсатқа жете алмағанын анықтап, алдағы уақытта сол оқушымен жеке жұмыс жасаудың бағытын анықтайды. Оқушыларға тақырыпты болжауға сурет беріледі. | Қосымша 1 Презентация | |||||||||
Сабақтың ортасы 15-35 минут | Периодтық жүйедегі орныжәне атом құрылысы КүкіртSVІ А топ элементі. Электрондық формуласы: S 1s2 2s2 2p6 3s2 3p4 Физикалық қасиеттері Күкірт –сары түсті,қатты кристалды зат Оның үш аллотропиялық түр өзгерісі болады: ромбтық,моноклинді,пластикалық Қалыпты жағдайда күкірт молекуласы сақина түріндетұйықталған сегіз атомнан тұрады Суда күкірт ерімейді,спирт пен эфирде нашар ериді;бензолда,күкіртті көміртекте және т.б.жақсы ериді Оқушыларға видео көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=UfyeYnTi0qM (W) Күкірт қышқылы өндірісі бойынша зауыттың видеосын көрсету, SO3шикізатын және оның дайындалуын\ тазартылуын және өндірісін талқыланады. (Дифференциация:Қайтымды процестерді ажырата алады). (G) SO2 - SO3реакцияларын тепе-теңдік ретінде көрсетіңіз, оқушылардан қандай жағдайлардың SO3жақсы өндірісі үшін жағымды екендігін сұралады. (Дифференциация: Ле-Шателье принципін біледі, тепе-теңдікті оңға қарай ығыстыру жолдарын түсіндіре алады). (G) Оқушыларға күкірт қышқыл өндірісі өндірістік процесс екендігін және пайдалы болатынын еске түсіріңіз. Оқушыларға құны және рентабелділігі бар , түрлі қысымдарда жұмыс істейтін химиялық зауыттардың құрылысына кететін шығындары және т.б. катализатор жөнінде сәйкес ақпаратары бар парақтарды үлестіріңіз (мысалы, шикізатқа кететін шығындар). Топтар (үш немесе төрт оқушыдан тұратын) арзан күкірт қышқылын өндіре алатын зауыттарды анықтау үшін түрлі шығындарды талқылауы және баланстауы керек. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Қалыптастырушы бағалау №14 (Дифференциация:Күкірт қышқылының алу механизмін біледі). Мүмкіншілік болса әрбір топқа видеоға ссылкасы көрсетілген ноутбуктер таратылып беруге болады. Содан соң әрбір топ өздерінің постерлерін ауызша қорғайды және сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы 25 минут орындаған соң бағалау үшін жинастырып алуға болады. Мұғалім сабақтың соңында қайсы оқушы алға қойылған мақсатқа жете алмағанын анықтап, алдағы уақытта сол оқушымен жеке жұмыс жасаудың бағытын анықтайды. | https://www.youtube.com/watch?v=UfyeYnTi0qM Қосымша 2 | |||||||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек» | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?