Күкірт, оның оксидтері, қышқылдары, сульфаттар. Күкірт қышқылының қасиеттері. Химия, 10 сынып, қосымша материал 2.


Қышқыл   жаңбырлар

 

   Қышқыл жаңбыр — ол күкірт оксидінің және азот оксидтерінің атмосферада болуының нәтижесі. Күкірт оксиді ауаға құрамында күкірті бар қазба отын түрлерін жағу барысында таралады. Пайдаланылатын отын түрлерінің ішінде күкірт оксидін таратудан бірінші орынды тас көмір алады, екінші орынды-мұнай, ал табиғи газ үшінші орында тұр.

       Күкірт диоксиді атмосферадан химиялық реакцияға тез түседі. Күкірт диоксиді, кейін су тамшыларында еріп, күкірт   қышқылы түзілетін үш оксидіне дейін тотығады. Осы қышқыл, сондай-ақ бұл қышқылдардың (күкірт және азот қышқылдары) тұздары қышқыл жаңбырдың жаууына себепші болады. Ауада бұл қышқылдардың мөлшері неғұрлым көп болса, қышқыл жаңбыр соғұрлым жиі жауады.

Күкірт қышқылы қышқыл жаңбырға әртүрлі үлес қосады. Мысалы, Калифорнияда қышқыл жаңбырдың басым бөлігі сульфадтар болса, АҚШ-тың солтүстік – шығысында  жаңбырдың шамамен 15-30 проценті қышқылдығы  нитраттар болып табылады.

 Жаңбыр суын таза су деп айтуға болмайды; ол  атмосфераның   табиғи  құраушысы —  көміртек диоксидімен  бірге жүреді де, оны еріткенде, суда әлсіз  көмір   қышқылы түзіледі.

       Қышқыл жаңбыр суы қышқыл көлдердегі балықтардың популяциясына  айтарлықтай әсер етеді. Судың қышқылдығына байланысты көлдегі балық саны  кемуі немесе мүлдем жоғалып кетуі мүмкін.

      Қышқыл жаңбырдың әсерінен балық саны азайған көп жерлерде қалың қар басқан өте суық қыс байқалған. Төңіректегі қар еріген кезде қышқыл су көлдерге құйылады далардың қышқылдығы күрт көтеріледі. Қар жамылғысы еруі мен қышқылдықтың күрт өсуі балықтардың уылдырық шашу уақытына сай келеді. Сонымен, шашылған уылдырық қышқыл суға түседі, бұл жыл бойы байқалады. Балық  санының  қысқаруына  байланысты  балықпен  қоректенетін жануарлардың   саны  да   азаяды   деп  болжауға болады. Ғалымдар қышқыл жаңбырдың әсерінен бақа, құрбақа және тритондар саны да кемиді деп болжайды. Бұл түрлердің көпшілігі көктемгі  жаңбыр  кезінде  пайда  болатын  уақытша  су  қоймаларында көбейеді;  ондағы   сулардың     көлдердегі   суға   қарағанда қышқылдығы  көп  болуы  мүмкін, өйткені, бұл уақытша  су қоймалары   қышқылдығы  жоғары  жаңбыр  суынан пайда  болған. Бұл  түрлердің саны  ересек  даралардың  жаппай  қырылуынан емес, жас  даралар  популяцияны  толтырмауынан  азайып, жойылады.

      

 Қышқыл жаңбырлар жануарларға ғана емес, сонымен бірге өсімдіктерге де кері әсерін тигізуде.

       Ғалымдар әзірше қышқыл жаңбырдың адам денсаулығына тікелей әсерін байқаған жоқ, бірақ мұның салдары әлбетте бар. Бұл мүмкіндік қышқыл судың жоғары ерітушілік және басқа да жолмен әртүрлі  минералдарға әсер ету қасиетіне байланысты.

 Қышқыл  жаңбырлар құрылыс ерітінділері  мен  тасты да осы материалдың құрамына кіретін кальциймен және магниймен әрекеттесіп, бүлдіреді. Орнынан келтірілмейтін мүсіндерге де аса қауіп төнеді. Темірден және басқа металдардан жасалған құрылыстарда қышқыл жаңбыр әсерінен болатын жемірілуге төзімсіз.

Алынған сайттар:

https://www.tarbie.kz/31775

Қышқыл жаңбыр

Жаңбыр біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл өсімдіктердің өсуіне, біздің өмір сүруімізге қажет сумен қамтамасыз етеді. Алайда, жаңбыр әрдайым таза су емес. Ауадағы ластанушы заттар жаңбырды өте қауіпті етіп өзгерте бастады:Қышқыл жаңбыр. 

 

Қышқыл жаңбыр дегеніміз не?

Атынан байқағаныңыздай қышқыл жаңбыр құрамында қышқылы бар жаңбыр, бірақ, қазірдің өзінде күнделікті жаңбыр өте әлсіз қышқыл болып табылады.

Күнделікті жаңбыр суында, әдетте 5-6 рН мәнін көрсетеді. Кем дегенде рН 3 болса, бұндай жаңбырды қышқыл жаңбыр деп атаймыз.

Қышқыл жаңбыр қалай пайда болады?

Қышқыл жаңбыр атмосферадағы ластаушы газдардың жаңбыр суында еріп, қышқыл түзуінен пайда болады. Қышқыл жаңбыр түзетін негізгі үш газ бар.

 

Ластаушы газдар 

Олар ауада қалай пайда болды?

Олай қалай жүзеге асады?

Sulphur Dioxide

Зауыттардан қазба отынды жаққанда бөлінеді:

 

Сондай-ақ, күкірт диоксиді, өздігінен, жанартау атқылауы кезінде бөлінеді: 

Күкірт диоксиді жаңбыр суында еріп (қышқыл жаңбыр әкелетін) күшті күкірт қышқылын өндіреді.

 

 

Қышқыл жаңбыр әрекеті

Қышқыл жаңбырлар киімді және терімізді күйдіретіндей күшті емес, бірақ олар біздің ортада өмір сүретін жанды және жансыз нәрселерге көптеген зиянды әсер етуі мүмкін. 

 

Қышқыл жаңбырды қалай алдын алуға болады?

Қазір барлық көліктер ластаушы газдардың зияндылығын азайтатын каталитикалық түрлендіргіштермен жабдықталған.

Бензин өндіретін компанияларғ күкірт диоксидін түзетін, құрамында күкірт мөлшері аз бензин өндіруде.

Ауаға көмірқышқыл газынын таралуын тоқтату мүмкін емес, себебі CO2 өмір процестері нәтижесінде шығарылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу