Азот пен фосфор қосылыстарын тыңайтқыш ретінде қолдану. Азот оксидтерінің, нитраттар мен фосфаттардың қоршаған ортаға экологиялық әсері. Химия, 10 сынып, презентация.
Cабақ тақырыбы:
Азот пен фосфор қосылыстарын тыңайтқыш ретінде қолдану.
Азот оксидтерінің, нитраттар мен фосфаттардың қоршаған ортаға экологиялық әсері.
Оқу мақсаты:
10.4.1.8 азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдау;
10.4.1.9 азот пен фосфор қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту проблемасына шешім қабылдау;
Сабақ мақсаты
Азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін білу;
Азот оксидтерінің атмосфераға таралу көздерін білу.
Проблемалық сұрақтар
Азот қосылыстары ауылшаруашылығында қандай маңызды роль атқарады?
Ауылшаруашылығында маңызды болып табылатын азот қосылыстарын атай аласыздар ма?
Азот қосылыстар ауылшаруашылығында маңызды рольге ие болғанмен кері әсерлері болады ма?
Қандай кері әсерлерін айта алар едіңіз?.
Активити 1
Топқа бөлу сұрақтары.
1 сұрақ: Найзағайдың кезінде азот (N2) атмосфералық оттегімен (О2) реакцияға түскенде атмосферада қандай молекула пайда болады? (1 топ)
2 сұрақ: Азот қосылыстарының қоршаған ортаға таралудың қандай көздерін білесіздер? (2 топ).
3 сұрақ: Қосылыстарда азот қандай тотығу дәрежелерін көрсете алады (3 топ).
Видео о процессе эвтрофикации:
http://www.youtube.com/watch?v=UGqZsSuG7ao
Активити 2
1-топ: Азот пен фосфор қосылыстарының қоршаған ортаға оң әсері. Тірі ағзалардағы азот пен фосфордың мәні.
2-топ - Азот пен фосфор қосылыстарының атмосфераға, топырақ және су ресурстарына теріс әсері.
3-топ - Азот пен фосфордың қоршаған ортаға әсер ету проблемасын шешу жолдары.
Активити 3
Топтық жұмыстың тапсырмалары1 топқа сұрақ
Өзен-көлдерге «биогенді элементтердің», көбінесе азот қосылыстарының артық мөлшерінің түсуі әсерінен судың сапасы нашарлайды. Осы үрдіс түсіндіріңіз.
2 топқа сұрақ
Атмосферадағы азот молекуласы топыраққа қалай жетеді, химиялық реакция теңдеулерімен келтіріңіз. Қышқыл жаңбыр.
3 топқа сұрақ
Азот қосылыстары қоршаған ортаға қалай әсер етеді.
Бағалау критерийлері:
1 топ
1. Үрдістің қалай аталатынын білсе.
2. Азот қосылыстарының су балдырларының көбеюіне алып келетінін түсіндіріп бере алса.
3. Балдырлардың көбеюінен су жануарларының тіршілігіне кері әсерін түсіндіріп берсе.
2 топ бағал
1. Найзағай әсерінен азот молекуласы атомдарға бөлініп азот моноксидін түзетінін түсіндіре алса.
2. Азот диоксидінің қышқыл жаңбыр түзетінін түсіндіріп бере алса.
3. Осы процестердің химиялық теңдеуін жазып бере алса
3 топ
1. Азот қосылыстарының ауылшаруашылығында пайдасын айта алса.
2. Азот қосылыстарының көп қолданғанда қоршаған ортаға әсерін түсіндіріп бере алса.
Активити 4
Суретті сөйлет...
Рефлексия
Сабақ мақсатына қайта оралу, бағалау критерийлерінің орындалуы.
Оқушылар «Шығу парағын» толтырады:
-сабақта маған ұнады
-сабақта мен өзгертетін кезеңдер
-сабақ мазмұны бойынша менің сұрағым.
Жұптық жұмыс
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы: Н. Нұрахметов «Химия» 10 класс, §8.12 Азот оксидтер, азот қышқылы және нитраттар. 1,2,8жаттығулар, 247 бет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?