Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының қасиеттері. Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы. Көрсетілім № 8 «Еріген заттың белсендірілген көмірге сіңірілуі (адсорбция). Химия, 10 сынып, қосымша материал 2.


І . Көміртектіңжәәне кремнийдің ашылу тарихы

Көміртек – тіршілікке тірек, өмірге өзек элементтердің бірі. Оның қай уақытта , қалай табылған мерзімін дәл баса айту қиын. 1781 жылы француз ғалымы А. Лавуазье нің «Жай денелер кестесі» деген еңбегінде көміртекті латынша «карбонеум, карбо - көмір» деп жазған. Бұдан көміртектің элементтік табиғатын алғаш дәлелдеген француз ғалымы А. Лавуазье деген қорытынды шығауға болады. Орысша «углерод» деген атауды, 1824 жылы орыс ғалымы М.В. Соловьев, ал 1928 жылы «көміртегі» деген атауды аудармашы Р. Бөкейханов пайдаланды.

 Кремний (лат. Silicium), Si, периодтық жүйедегі IV топтың химиялық элементі, атомдық нөмірі 14, атомдық массасы 28,0855.

 Табиғатта таралуы: Кремний жаратылыста таралуы жағынан салмақ проценті бойынша оттектен кейін екінші орын алады. Көміртек органикалық заттардың құрамындағы негізгі элемент болатын болса, кремний жер қыртысын түзетін минералдық заттардың құрамындағы негізгі элемент. Кремний жаратылыста қосылыстар түрінде ғана болады; ол қосылыстары: кремний диоксиді SiО2 (кварц, құм), жер қыртысының негізгі массасы силикатты жыныстар (далалық шпат, слюда, каолин т.б.). Кремнийдің тұрақты үш изотобы бар: 28Si (92,27%), 29 Si (4,68%), 30Si (3,05%).

ІІ Периодтық жүйедегі орны

6С12 1s2 2s23p2 6С12 1s2 2s3p3

Тотығу дәрежелері: -4; 0; +2; +4; (1 сурет)

ІІІ. Табиғатта таралуы

Басқа да элементтер сияқты көміртегі атомдары бір ғана қосылыстардың құрамында болмайды. Олар бір заттан екінші затқа ауысып отырады. (2 сурет)

СаСО3, МgCO3 – магнезит, СаСО3* МgCO3 – доломит, СН4, СО2;

Кремнийдің ашылу тарихы. Кремний – жер қыртысының негізі. Кремнийдің латынша тауы - силициум, ол жер қыртысының негізін құрайды. Жер бетіндегі ең негізгі химиялық қосылыс, ол - кәдімгі құм, кремнезем. 1823 жылы Швед химигі И. Я. Берцелиус кремний фторлы калийге калий қосып қыздыру арқылы сол өнімді бөліп алды. Ол жаңа элемент алғанын хабарлап, оны «солиций «деп атады. Қазақша: қатты тас. 1834 жылы академик Г. И. Гесс қысқаша «кремний»деген атауды (грекше» кремнос - жартас. шың, құз»деген мағынада ) ұсынды.

ІV.Қасиеттері

Физикалық қасиеттері.

Алллотропия дегеніміз не екендігін еске түсіріп алып, көміртегінің түрөзгерістері алмаз бен графит туралы айтылады.

 

 Адсорбция – көміртектің және басқа заттардың өз бетінде газдарды, буды және еріген заттардың бөліктерін ұстап қалу қабілеті.

Мысалы, карболен немесе активті көмір – қара дәрі. Оны іш ауырғанда, уланғанда пайдаланады.

Көміртегінің осындай қасиетіне сүйене отырып 1915 жылы Зелинский – газтұтқышты ойлап тапты.

Химиялық қасиеттері.

Жай заттармен:

Н2 = СН4

СІ2 = ССІ4

С+

S = CS2

Ca = CaC2

O2 = CO CO2

Күрделі заттармен:

Н2 SO4 = СO2+2SO2+2H2O

C+ HNO3 = 3СO2+4NO+2H2O

HOH = CO

С0 + Н2 S+6O4 = С+4O2+2S+4 O2+2H2O

Тотықсыздандырғыш С0 – 4е = С+4 1 тотығады

Тотықтырғыш S+6+2е = S+4 2 тотықсызданады

3C0+ 4 HN+5O3 = 3С+4O2+4N+2 O+2H2O

Тотықсыздандырғыш С0 – 4е = С+4 3 тотығады

Тотықтырғыш N+5+3е = N+2 2 тотықсызданады

V Қолданылуы

VІ Химиялық қасиеттері

ІІІ. Бекіту (Сыныппен жұмыс)

І. Білімді тиянақтау

  • Көміртектің химиялық таңбасы (С)
  • Реттік нөмірі (6)
  • Салыстырмалы атомдық массасы (12)
  • Периодтық жүйедегі орны (2 период, 4 топтың негізгі топшасында)
  • Табиғатта қандай күйде кездеседі? (бос, қосылыс)
  • Көміртектің қандай аллотропиялық түрөзгерістері бар? (алмаз, графит)
  • Алмаздың физикалық қасиеті қандай? (түссіз, электр тогын өткізбейді, ең қатты зат, ρ=3,5 г/см3 )
  • Алмазды қайда қолданады?
  • Графит қандай зат? (сұр түсті, аздап жылтыры бар, қолға денеге, қағазға оңай жұғады, ρ=2,17 – 2,3 г/см3)
  • Графитті қайда қолданады?
  • Адам уланғанда немесе ішектерге газ жиналғанда қандай дәрі қолданады? (карболен)


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?