Алкогольдің адам ағзасына әсері. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша №1

Лабораториялық жұмыс: «Этанолдың қасиеттерін зерттеу»

Эксперимент 1. Этанолдың суда ерігіштігі

Мақсатыэтанолдың физикалық қасиеттерін зерттеу

Жұмыс барысы: Сынауыққа 1 мл су және сондай көлемде этанолды құйыңдар.

Бақылау:

……………………………………………………………………………………………….

……………………………………………………………………………………………….

Қорытынды: Не себептен этанол қанға тез сіңеді?

……………………………………………………………………………………………….

……………………………………………………………………………………………….

Эксперимент 2. Этанол – еріткіш.

Мақсаты: этанолдың еріткіш қасиетін анықтау.

Құралдар мен реактивтер: 3 сынауық, этил спирті, су, сұйық май, дәрі және тағамдық бояғыш.

Жұмыс барысы: бірінші сынауыққа 1 мл су, екіншісіне – 1 мл этанол құйыңдар. Әр сынауыққа сұйық майды құйыңдар. Осы тәжірибені басқа заттар үшін қайталаңдар.

Еріткіш

Май

Дәрі

Бояғыш зат

Этанол

Су

Эксперимент 3. Этанолдың әсерінен ақуыздың денатурациясы.

Мақсаты: ақуыздың құрылысына этанолдың әсерін зерттеу.

Құралдар мен реактивтер: сынауықтар, әр түрлі концентрациялы этил спиртінің ерітіндісі, су, ақуыз.

Жұмыс барысы: сынауықтарға 1 мл ақуыздан құйыңдар. Бірінші сынауыққа 3 мл су, екіншісіне – 1% спирт ерітіндісін, үшіншісіне – 10%, төртіншісіне – 40% және бесіншісіне – 80-90% спирт ерітінділерін құйыңдар.

Бақылау:

……………………………………………………………………………………………….

……………………………………………………………………………………………….

Қорытынды: Алкогольдің жоғары концентрациясы ағзаға түскенде, ағза жасушалары қандай өзгеріске ұшырайды?

……………………………………………………………………………………………….

……………………………………………………………………………………………….

Эксперимент 4. Калий дихроматымен этанолдың тотығуы.

Мақсаты: тәжірибе негізінде алкотестердің қалай жұмыс істейтінін анықтау және этанолдың ағзадағы өзгерісін сипаттау

Құралдар мен реактивтер: сынауықтар, этил спирті, калий дихроматы, күкірт қышқылы.

Жұмыс барысы: сынауыққа 3 мл этанол және 2 мл калий дихроматы ерітіндісін, 1 мл күкірт қышқылын құйыңдар.

Бақылау:

……………………………………………………………………………………………….

……………………………………………………………………………………………….

Қорытынды: Адамды алкогольге тексергенде, не себептен алкотестердің нәтижесі жасыл түсті көрсетеді?

……………………………………………………………………………………………….

……………………………………………………………………………………………….

Эксперимент 5. Мыс сымымен этанолдың тотығуы.

Мақсаты: этанолдың альдегидке дейін тотығатынын дәлелдеу.

Құралдар мен реактивтер: сынауық, этил спирті, спирт шамы, мыс сымы.

Жұмыс барысы: Мыс сымын жалынға қара түске дейін қыздырып, сынауықтағы этанолға салыңдар. Тәжірибені 2-3 рет қайталаңдар.

Бақылау:

……………………………………………………………………………………………….

……………………………………………………………………………………………….

Тәжірибенің реакция теңдеуін жазыңдар. ……………………………………………………………………………………………….

Қорытынды:

……………………………………………………………………………………………….

……………………………………………………………………………………………….

Қосымша №2

Кестені толтырыңдар:

«Тірі ағзаның әртүрлі деңгейлеріне этанолдың уытты әсері»

Тірі ағзаның деңгейі

Этанол әсерінен пайда болатын уытты әсер

Молекулярлық деңгей

Жасушаішілік деңгей

Жасушалық деңгей

Ағзалар деңгейі

Ағзалар жүйесі

Бүкіл ағза



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?