Этил спиртін өндірісте алу жолдары Көрсетілім «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.»
10.3 D Спирттер | ||||||||
Сыныбы: 10 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Тақырыбы: | Этил спиртін өндірісте алу жолдары Көрсетілім «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу» | |||||||
Оқу мақсаты: | 10.4.2.28 этанолды этиленді гидратациялау және глюкозаны ашыту арқылы алу реакциясының теңдеулерін құрастыру; | |||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар: Этанолды әр түрлі жолдармен алу әдістерін танысып, алу реакция теңдеулерін құруға дағдылану | |||||||
Тілдік мақсат: | Оқушылар: Тақырып бойынша терминдер мен сөз тіркестерін сабақтың барысында қолданады. Сөйлеу, тыңдау, жазу дағдыларын дамыту. Пәндік спецификалық лексика мен терминология: Алкен, гидратация, ферментация, спирттік ашу, этанол, реакцияның жүру шарттары, крекинг, дистилдеу, биотын, биоэтанол. Диалог пен жазуға қолданылатын сөз тіркестері Этанолды екі әдіспен алады, олар ………………….. Ферментацияға оптимальді температура ………….., себебі ……………. Дистилдеу бұл ……………………. Температураны көтергенде …… себебі | |||||||
Бағалау критерийі | -этил спиртінің өндірісте алу әдістерін дұрыс түсініп, реакция теңдеулерін құрастырады, талдау барысында терминдерді дұрыс қолдана алады. | |||||||
Дескрипторлар |
| |||||||
Құндылықтармен байланыс | Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар. | |||||||
Алдыңғы оқытылған тараулар | 10.2A Органикалық химияға кіріспе 10.3В Алкендер Биологиядан алған білімдері: ферментация | |||||||
Жоспар | ||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||
Басы 1-4 мин | Ұйымдастыру кезеңі Тапсырма №1 Жеке жұмыс Суреттер арқылы этанолдың алу әдістерін ұсыныңдар Этанолды алу жолдарының реакция теңдеулерін жазыңдар Слайдта берілген суреттер бойынша оқушылар этанолдың алу жолдарын болжап, ұсынады Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру Сыныппен бірге сабақтың тақырыбы және мақсаты анықталады | Слайд 1-2 | ||||||
Ортасы 05-10 мин 11-30 мин 31-37 мин | Тапсырма № 2 Оқушылар топта этанолдың алу әдістерінің реакция теңдеулерін А3 қағазына жазады. Содан кейін басқа топтармен өзара алмасып, тексереді. (жұмыс барысында оқушылар биологиядан ферментация тақырыбын және химиядан алкендердің химиялық қасиеттерін еске түсіреді) Сыныптан екі оқушы шығып тақтаға реакция теңдеулерін жазады:
Өзара бағалау (басқа топтармен өзара алмасып, тексереді) Дескрипторлар: 1.Ферментация әдісі арқылы этанолдың алу реакция теңдеуін құрастырады 2. Гидратация әдісі арқылы этанолдың алу реакция теңдеуін құрастырады Тапсырма № 3 Көрсетілім: «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу» Бұл лабораториялық жұмыс зерттеу жұмысы ретінде ұсынылады. Оқушылар өздігінен жұмыстың барысын құрастырады, реакцияның бақылауын болжайды. Сұрақтарға жауап беру арқылы қорытынды жасайды. Оқушылар жұмыс парағымен жұмыс жасайды. Дескрипторлар: 1. Этанолды алуға арналған қондырғыны құрастырады. 2. Қант, ашытқы, жылы су, әк суын қолдана отырып, этанолды алу жоспарын сыныпта талдап, жоспарлайды. 3. Этанолды алу тәжірибесін орындайды. 4. Диаграммадағы бос орындарды толтырады. 5. Ферментация әдісі арқылы этанолдың алу реакция теңдеуін құрастырады. (W)Рефлексия Тапсырма барысындағы туындаған қиыншылықтар мен жақсы сәттерді талдау Тапсырма № 4. Гидратация әдісімен этанолды алу жолын берілген сызбанұсқа арқылы топта талдап, сынып форматында түсіндіріңдер. Дескриптор арқылы өзара бағалау Дескрипторлар: 1. Гидратация әдісімен этанолды алу ерекшеліктерін анықтайды 2. Ферментация және гидратация әдістерінің ерекшеліктерін салыстырады 3. Гидратация әдісі арқылы этанолдың алу реакция теңдеуін құрастырады. | Таратпа материал Слайд 3-7 Таратпа материал Слайд 8-9 | ||||||
Соңы 38-40 мин | Рефлексия | Слайд 10 | ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ Құндылықтармен байланыс | ||||||
Жұптағы және топтағы жұмысты дұрыс ұйымдастырады | - бағалау критерийіне, дескрипторға сай - топтағы бағалау | топтағы жұмыс барысында бір-бірін құрметтеу, адалдық, жауапкершілік | ||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? 1: 2: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?