Поликонденсация. Нейлон,лавсан. Пластиктердің қоршаған ортаға әсері мен оларды қайта өңдеу. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:ХББ НЗМ Петропавл қаласы 10.4B : Синтетикалық полимерлер (Пластмассалар) Күні: Мұғалімнің аты- жөні: Игенова А.Қ.
Сынып:10 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Поликонденсация. Нейлон,лавсан. Пластиктердің қоршаған ортаға әсері мен оларды қайта өңдеу |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.3.36 полимерлену мен поликонденсация реакциялары арасындағы негізгі айырмашылықтарды түсіну; 10.4.3.37 пластиктің қолданыс мерзімінің ұзақ екендігін және оның қоршаған ортаға тигізетін салдарларын білу; 10.4.3.38 қоршаған орта проблемаларын био-ыдыраушы пластиктер және пластиктерді қайта өңдеп пайдаға асыру жолымен шешу мүмкіндігін түсіну |
Сабақ мақсаттары |
- пластиктерді қайта өңдеп пайдаға асыру жодарын ұсыну |
Бағалау критерийлері | Полимерлену мен поликонденсация реакцияларын ажырата алады Пластиктердің ұзақ сақталу себебін және қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді Қайта өңдеу жолдарын ұсынады. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Қоршаған ортада пластмасса қалдықтарды қалай азайтуды ұсына алады (егер..., онда... пайдаланып) Пәнге қатысты лексика мен терминология пластик, қоқыс, қоршаған ортаны қорғау, биологиялық, бір реттік себеттер, қайта пайдалану, қысқарту, ластау; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Егер адамдар өздері пайдаланатын пластик қаптар/тостақтар/қабықтарды қайта пайдаланса, онда ... Егер барынша биологиялық ыдырайтын пластик пайдаланылса, онда... Қоршаған ортаны ластайтын пластмасса қалдықтардың санын, егер... азайтуға болады. |
Құндылықтар | Прагматизм .Денсаулық.Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану |
Пән аралық байланыстар | Физика, биология, экология |
Дағдылар | Сын тұрғысынан ойлау |
Алдыңғы білім | Көміргеті қосылыстары 1 (6.3c) Атомдардағы электрондардың қозғалысы (8.2A) Көміртегі және оның қосылыстары (8.4b) Қосылыстар құрылымы (9.1В) Органикалық химияға кіріспе (10.3a) Көмірсутектері (10.3B) Көміртегі қосылыстар 1 (6.3С) Атомдағы электрондардың қозғалуы (8.2A) Көміртегі және оның қосылыстары (8.4В) Қосылыстар құрылымы (9.1В) Органикалық химияға кіріспе (10.3А) Көмір сутектері (10.3B) |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 0- 10минут | Белсендіру: Химиялық лабиринтті шешу. Жауаптарын тексеру презентация бойынша | Қосымша 1 Презентация |
Сабақтың ортасы 10-20минут 20-40 мин 40-55минут 55-75 мин | Жеке жұмыс:Жұмыс парағы өзіндік жұмыс орындау.Жұмыс парағын орындау барысында полимерлену және поликонденсациялану реакцияларының арасындағы айырмашылықты анықтау керек.Қорытынды жасап анықтамасын дәптерге жазады. Қажет болған жағдайда өткен сабақта таратылған мәтінді қолдануға болады. Оқушылар өзара бағалау арқылы кері байланыс береді. Дискриптор: 1.Полимерлердің блок сызба түрінде құрылымдық формуласын дұрыс жазады. 2. Поликонденсация реакцияларының теңдеулерін жаза алады. 3. Полимерлену мен поликонденсация реакциялары бойынша Венн диаграммасын толтырады. Қызығушылықтарын арттыру үшін TwigBilim нейлонның ойлап табылуын көреді. Мәтін бойынша нейлон мен лавсанның қасиеттерімен танысып,реакция теңдеулерін түсіндіреді. Дискриптор: 1.Нейлон мен лавсанның қасиеттерін анықтайды. 2.Поликонденсация реакциясы арқылы нейлон алынатынын біледі. 3.Этиленгликоль екі атомды спирт және екінегізді қышқыл терефтал қышқылдарын поликонденсациялау жолымен синтездеу арқылы лавсан алынуының реакция теңдеуін біледі. Мұғалімнің кері байланысы. Видео көру барысында пластиктердің қоршаған ортаға әсерін анықтау. Экспресс -дебат Тақырыбы:«Пластиктерді қолдану қоршаған ортаға зиян келтіреді» Екі команда бойынша ойын ойналады. Қай қатар « қолдану керек» немесе «қолданбау керек» бойынша аргументтер келтіру үшін жереби таңдайды.Қай команда ең соңғы тұжырым айтады сол команда жеңіске жетеді. Джигсо әдісі. (W, G) Оқушылар қоршаған ортада пластмасса қалдықтарын қалай азайтуға болатынын туралы топтық жұмыс постер жасайды.10 мин Уақыт өткеннен соң топтың өкілі басқа топтармен идеяларымен бөліседі. Бағалау:өзара топтар жұмыстарын бағалайды. Дискриптор: 1.Креативті ұсыныс. 2.Постердің эстетикалығы 3.Баяндау мәнері | Қосымша 2 Қосымша 3 https://www.youtube.com/watch?v=ktLG5Iw_kC8&feature=related https://twig-bilim.kz/kz/film/recycling-plastics |
Сабақтың соңы Рефлексия 75-80 мин | Түсінбеген оқушыларға түсінген оқушылар көмек береді және қосымша сабаққа шақырылады. | бағдаршамдар |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?