Полимерлену. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Химия» ӘБ жетекшісі

Галустян А.А. ________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Полимерлену

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.21 полимерлену реакцияларының мәнін түсіндіру;

10.4.2.2.2 химиялық реагенттерге қатысты пластмассалардың салыстырмалы инерттілігін экспериментальды түрде дәлелдеу;

 Сабақ мақсаттары

- полимерлеу реакцияларының мәнін түсіндіру;

- химиялық реагенттерге қатысты пластмассалардың салыстырмалы инерттілігін экспериментальды түрде дәлелдеу;

 Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар:

  • полимерлену реакциясының мәнін түсінеді
  • молекулалық деңгейде полимерлердің салыстырмалы инертті екенін түсінеді

Көпшілік оқушылар:

  • қосылу және полимерлену реакцияларын салыстырады

Кейбір оқушылар:

  • алкендер арасындағы полимерлену реакция теңдеулерін жаза алады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар мынаны жасай алуы керек

Оқушылар полимерлену арқылы макромолекулалардың түзілу себебін түсіндіреді, қарапайым полимерлену реакцияларды жазады.

қазақша

орысша

english

1

мономер

мономер

monomer

2

полимер

полимер

polymer

3

Полимерлеу реакциясы

Реакция полимеризации

Polymerization reaction

4

Поликонденсация реакциясы

Реакция поликонденсации

Polycondensation reaction

5

Құрылымдық буын

Структурное звено

Structural link

6

Пластмасса

Пластмассы

plastics

7

Полиэтилен

Полиэтилен

polyethylene

8

Полипропилен

Полипропилен

polypropylene

9

Поливинилхлор

Поливинилхлор

Polivinilhlor

10

Полистирол

Полистирол

polystyrene

Диалог жүргізу / жазу үшін сөздердің пайдалы жинағы:

механизм, қосылу, геометриялық, цис-транс немесе E-Z,

Егер карбкатион барынша тұрақты болса, онда...

Полимерлену үшін ...................... себебі ........

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында білім құндылықтары:Құрмет, Ынтымақтастық, Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Биология, экология, физика

АКТ қолдану дағдылары

Презентация және ғаламтор материалдары

Бастапқы білім

8.4BКөміртегі және оның қосылыстары

9.1В Қосылыстардың құрылымдары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-8 мин

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй жұмысын тексеру. Қайталау

РРТ

9-12 минут

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Мұғалім оқушыларға этиленнің 3 молекуласын жұптасып модельдеуді сұрайды, этенді этенмен реакциялау мүмкіндігі туралы сұрақ қояды. Оқушылар полимерлеу реакциясының мүмкін болатындығын, топтар құрастырылған үлгілерді біріктіріп, ұзын тізбекті көріп, құрылымдық байланысын көрсетіп, мономермен салыстыра отырып, полимерлеу дәрежесін анықтайды, осы реакцияның теңдеуі мен механизмін жазады. Содан кейін бұл ұзын тізбекті не шектей алатындығын сұрайды. Сол операция пропенді молекулалардың үлгілерімен орындалады.

 Бұдан кейін мұғалім оқушыларды парталардан шығып, шеңберге тұрғызып , этилен молекуласын имитациялау үшін жұптасып тұруларын сұрайды, содан кейін жұпсыз (инициатор – тізбек бастаушы) қалған оқушы жұптарды бір-бірімен байланысу үшін бұза бастайды. Осылайша, оқушылар полимерлеудің мәніне енеді.

13-25 минут

Полимерлер (грек. "поли"—көп, "мерос"—бөлшек)  - молекуласы бірнеше қайталанып отыратын, бірдей құрылымдық буындардан тұратын жоғары молекулалы қосылыстар. Мысалы, полиэтилен этиленнің полимерленуі нәтижесінде алынады:

CH2=CH2..-CH2-CH2 -CH2-CH2-. немесе(-CH2-CH2-)n

Полимерлену — мономерлердің активті орталыққа тізбектеліп қосылуының нәтижесінде макромолекулалардың түзілу (nM(—M—)n) процесі.

Химиялық таза полимерлердің макромолекулалары қайталанып отыратын құрылым буындарынан құралады.Құрылым буындарының саны полимерлену дәрежесі – n деп аталады, оның сан мәні 1000-нан 1 млн-ға жуық болуы мүмкін.

Алкендердің полимерлеу реакциялары көптеген нәтижесі болып табылады:

Полимерлену - бұл тізбекті үрдіс және бірнеше сатыда жүреді:

1. Бастамашылық

2. Тізбекті өсу

3. Тізбектің үзілуі

26- 40 мин

Оқушыларға олардың қасиеттерін зерттеу үшін полимерлер жинақтары беріледі. Олар инертті құрылымы мен тұрақтылығын түсіндіре білуі керек, сондай-ақ осы заттарды кеңінен қолдануға байланысты экологиялық мәселелерді қарастыруы керек.

(полистирол, поливинилхлорид,полиэтилен,фенолформальдегид, полиметилметакрилат,полипропилен)

Үлестірме материалдар

41-76 минут

Пластмассаның қасиетін зерттеу

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: электрөткізгіштікті сынайтын құрал, сынауық орнатылған тұрғы, газ жүретін түтікше, қысқыш, қайшы, спиртшам, сіріңке, әртүрлі пластмасса: полиэтилен, поливинилхлорид, полиметилметакрилат, фенолформальдегид пластмассасы, 20%-тік күкірт қышқылы және азот қышқылы, натрий гидроксиді, бром суы, 0,1% -тік калий перманганатының ерітіндісі, бензин, дихлорэтан, лакмус қағазы (көк, қызыл), суү

Жұмыстың орындалуы:

  • Пластмассаның физикалық қасиеттерін зерттеңдер: а) түсі; ә) қаттылығы; б) беріктігі; в) электрөткізгіштігі; г) тығыздығы (судан ауыр немесе жеңіл); ғ) органикалық еріткіштердің әсері.
  • Пластмассаның химиялық қаксиеттерін трексеріңдер: а) сілті, қывшқыл және органикалық еріткіштер әсеріне тұрақтылығы; ә) спиртшамның жалынына ұстап жанғыштығын, жалынның түрін, жанаған кезде газ бөлінеме (ыдырай ма?), иісі қандай, бақылаңдар (тартпа шкаф астында жағу керек).
  • Полистирол немесе полиметилметакрилаттың деполимеризациялануы. 337 беттегі 4 суретте көрсетілгендей етіп құралғы құрастырыңдар. Сынауыққа пластмасса кесегін салыңдар да, аузын тығыны бар түтікшемен тығындаңдар. Түтікшенің басқа ұшын сумен суытылған таза сынауыққа салыңдар. Пластмассаны спиртшаммен қыздырыңдар. Пластмасса ыдыраған кездегі буы сынауыққа жиналады. Бром суы және калий перманганатының ерітіндісімен пластмассаның деполимерленген өнімін тексеріңдер. Не байқадыңдар?

Пластмассаның физикалық және химиялық қасиеттерін кестеге жазыңдар.

Пластмассаның химиялық формуласы

Физикалық қасиеттері

Химиялық қасиеттері

77-78 минут

Сабақтың соңы

79-80 мин

Рефлекия

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталу

ҚБ парағы

Деңгейлік тапсырмалар

Демонстрациялық эксперимент кезінде оқушылар қорғаныш көзілдірігі мен халат киюлері керек

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдерітсақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақбағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?