Алкендердің қосылу реакциялары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10В Алкендер | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Алкендердің қосылу реакциялары | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.2.17 электрофильді және нуклеофильді бөлшектерді ажырату 10.4.2.18 алкендер үшін электрофильді қосылу реакциясы механизмін түсіндіру | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | электрофильді және нуклеофильді бөлшектерді ажырату және алкендер үшін электрофильді қосылу реакциясы механизмін жаза алу | ||||||||||||
Жетістік критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алуы керек: карбкатиондардың тұрақтылығы жайлы қорытынды жасау Пәндік лексика және терминология қосылу, нуклеофильді реагент, электрофил, электрофильді, механизм, геометриялық, цис-транс немесе E-Z, (а)симметриялы, біріншілік, екіншілік, үшіншілік, карбкатион, полимер, полимеризация, тұрақты, тұрақсыз, тұрақтылық, Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер (бастапқы, екіншілік, үшіншілік) карбкатион ...... алкил топтарына қосылды. Алкил топтары электрондарды … Алкил топтары ….. арттырады Карбкатионның заряды ..... құрайды. Карбкатоинның тұрақтылығы .......... артады Егер карбкатион түрақты болса, онда ....... | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Жаһандық азаматтық: Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуға ұмтылу. Дағдылар:сыни және шығармашылық ойлау, өзіне сенімділік және рефлексия жасай алу. Салауатты өмір салтын ұстану. Қарым-қатынас: - топтық, жұптық жұмыс | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Геометрия | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, бейнефильм, белсенді тақта. | ||||||||||||
Бастапқы білім | 9.4В Көмірсутектер. Отын 10.1C Химиялық байланыс 10.2A Органикалық химияға кіріспе | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 7минут | Сабақтың басында «ЖҰМБАҚ СӨЗ» ойынын ойнату. (өткен тақырыптар бойынша терминдерден бастап жаңа тақырыпқа байланысты терминдермен аяқтау арқылы жаңа тақырыпқа қызықтыру немесе жаңа тақырып бойынша ой қозғау). Ойынны4 шарты: сыныптағы бір оқушыны тақтаға шығару (оқушы тақтада жазылған жұмбақ сөзді көрмеуі керек). Сыныптағы қалған оқушылар тақтадағы оқушыға академиялық тілді қолдана отырып, жұмбақ сөзді түсіндіруге тырысады. Терминдер: алкен, изомерия, цис-изомер, транс-изомер, қосылу реакциясы, қанықпағандық, электрон, нуклеус, протон және т.б. Ойын соңында оқушылардан өздерін бағалауды сұрау керек және кері байланыс жасауы керек. Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстырады және сабақтың мақсатын оқушылардың анықтауын сұрауға болады, бағалау критерийлерін де дәл осылай оқушылардың анықтауына болады. | Презентация Слайд№1-5 | |||||||||||
Сабақтың ортасы 10минут 5минут 5минут 10минут | (М, С) сұрақ қою: қалай ойлайсыздар, электрофил және нуклеофил сөздердің мағынасы қандай? (ойлануға уақыт беру керек және оқушылардың ойларын тыңдау) Оқушыларға «электрофильді бөлшек» және «нуклеофилді бөлшек» терминдерін түсіндіру үшін бейне фильм көрсету керек. (бейнефильмнің көруге тиісті көлемін мұғалім анықтайды) Күтілетін жауап: Электрофил – субстрат құрамындағы атомның бос электрон жұбымен байланысатын бөлшек. Байланыс түзуі үшін олардың бос электрондық орбитальдары болуы қажет. Электрофил ретінде оң зарядталған иондар (H+, NO2+, SO3H+ т.б.), бейтарап молекулалар (SO3, SOCl2 т.б.) бола алады. Нуклеофил – электрон жұбыың доноры болып келетін субстрат құрамындағы оң зарядталған атоммен (әдетте көміртегі атомы) байланысатын бөлшек. Нуклеофил ретінде теріс зарядталған иондар (OH-, RO-, CN- т.б.), бейтарап молекулалар (H2O, ROH, NH3, ROR) бола алады (Т) (оқушыларды топқа бөлудің тәсілін мұғалім шешеді: 1Асық арқылы бөлу, шарты-сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады,әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды. 2 Оқу құралдары арқылы(өшіргіш, қалам, қарындаш т.б.), шарты: ортаға бала санына қарай түрлі ручка, (қарындаш, өшіргіш) қойылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды. 3Жыл мезгілдері, шарты: 4 жыл мезгілдерінің суреттері жасырын қойылады,Әр оқушы бір-бірден жасырын қағазды алады. Сурет ойынша топқа бөлінеді. 4. Сандар арқылы, шарты: Ортаға бала санына қарай 3 түрлі сан қойылады. Оқушылар қағазды алып, ртындағы сандар бойынша топтасады. 5 Геометриялық фигуралар арқылы, шарты: Ортаға 3 түрлі геометриялық фигуралар (үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш). Оқушылар өздеріне ұнаған фигураны алып, сол бойынша топтасады.) Нуклеофильді және электрофильді реагенттердің қатарын оқушыларға ұсынуды және оларды 2 топқа бөлуді сұрау. Ұсынылатын бөлшектер қатары: Hal-, ОН-, CN-, NO2-, OR-, RS-, NH2-, RCOO- Н+, NO2+, Hal+, RCO+. Топ арасында ҚБ: «Екі жұлдыз бір тілек» (М) Электрофильді қосылу механизмін этиленнің галогенсутекпен әрекеттесу мысалында қарастыру: Алкендердегі гидрогалогендеу реакциясыВладимир Васильевич Марковников ережесіне сәйкес жүреді: Бұл ереже бойынша қос байланысы бар және сутегі атомдары көбірек тіркескен көміртегі атомына сутегі қосылады, ал сутегі атомдары азырақ тіркескен көміртегі атомына галоген атомы қосылады. (Жж) Оқушыларға электрофильді қосылу реакциясының мысалдарын жазу: пропиленнің бромсутекпен реакциясын жазуды ұсыну. Оқушы жауаптарын кілт арқылы тексерту. Оқушылар өздерін тексереді. Бағалайды. Құрамында қос байланыс болғандықтан, алкендер едәуір белсенді қосылыстар. Алкендердің химиялық қасиеттері, негізінен, молекула құрамындағы қос байланыспен анықталады. Қос байланыс екі молекулалық орбитальдан тұрады: біреуі σ-, ал екіншісі π-типті. Әр түрлі реагенттердің әсерінен әлсіздеу π-байланыс үзіледі. Мұғалім түсіндіреді: Алкендердің химиялық қасиеттері: Алкендердегі қос байланыстың электрондары бір-бірінен тебілуі нәтижесінде π-байланыстың электрон тығыздығы көміртек атомдарының ортасындағы осьтің бойынан қашығырақ орналасады. Сондықтан электрон беретін реагенттердің (теріс зарядты) жақындаулары қиын болады да, ал электрон қабылдайтын реагенттердің әсерінен әлсіздеу π-байланыс үзіледі. Этилен мен оның гомологтары қосылу, полимерлену және тотығу реакцияларына түседі. Қанықпаған көмірсутектерге қосылу реакциялары тән. Еселі — қанықпаған (қос) байланысы бойынша алкендер қосылу реакцияларына жеңіл түседі. Себебі σ-байланысқа қарағанда әлсіз π-байланысы оңай үзіліп, көміртек атомының босаған валенттіктеріне әрекеттесуші реагент молекуласының атомдары мен атом топтары қосылады. Реакция нәтижесіне көмірсутек молекуласындағы қос байланыстың біреуі — дара (σ-) байланыс қалып, алкандар немесе олардың туындылары түзіледі. 1. Гидрленуі (сутектің қосылуы). Алкендер сутекті қосып алып, сәйкес алкандарға айналады. Реакция металл катализаторлар Ni, Pt, Pd қатысында жүреді. Мысалы, пропенге сутек косылғанда, пропан түзіледі:CH3—CH = CH2 + H — H→ CH3 — CH2 — CH3 Немесе осы реакцияны ықшамдап жазсақ:C3H6 + H2 → C3H8 Сутек қосыла журетін реакцияларды гидрлену реакциясы деп атайды. Гидрлену реакциясын зерттеуде Д. В. Сокольскийдің еңбегі зор. 2. Галогенденуі (галогендердің қосылуы). Алкендер галогендермен әрекеттескенде, реакция қос байланыс бойынша жүріп, нәтижесінде, алкандардың дигалогентуындылары түзіледі. Реакция алкенді галогеннің ерітіндісімен кәдімгі температурада әрекеттестіргенде жүреді. Алкендерді бромды сумен (бромның судағы ерітіндісі) әрекеттестіргенде, ерітіндідегі бромның қызыл қоңыр түсі жойылып, түссіз дибромалкандар (СnН2nВг2) түзіледі: Н2С = СН2 + Вг2 → ВгН2С - СН2Вr Бромдау реакциясы алкендердің сапалық реакциясы болып табылады, бромның түссізденуі бойынша алкендерді сапальщ анықтауға болады.Алкендердің фтормен әрекеттесуі шабытты жүреді, ал йодпен әрекеттесуі баяу жүреді.Этиленге хлор қосып, дихлорэтан С2Н4С12 алуға да болады. Гидраттану. Алкендер қос байланыс бойынша су молекуласын қосып алып, сәйкес спирттер түзеді: H2C=CH2 + H - OH —>H3C - CH2OH Бұл реакцияның өнеркәсіптік маңызы зор.Пропен молекуласына судың қосылуы Марковников ережесі бойынша жүріп, пропанол-1 емес, пропанол-2 түзіледі:СH3—СH =CH2 + H - OH —> H3C - CHOH-CH3 5. Этиленді полимерлеп, полиэтилен алады.Тотығу реакциялары. Алкендер алкандармен салыстырғанда оңай тотығады. 6. Алкендердің қалыпты жағдайда тотығуы. Этиленді калий перманганатының ерітіндісі арқылы өткізсе, оның күлгін түсі жойылып кетеді. Бұл перманганаттың этиленді тотықтыратындығын көрсетеді. Реакция нәтижесінде екіатомды спирт — этиленгликоль түзіледі. 7. Қатаң жағдайларда тотықтырғанда (күкірт қышқылы, перманганат немесе хром қоспасы катысында) алкен молекуласының қос байланысы үзіліп, оттекті органикалық қосылыстар түзіледі: HC3 - CH=CH - CH3 + /O/ → 2CH3 – COOH 8. Алкендердің жануы. Сапалық құрамы алкандардай — көміртек пен сутектен тұратын болғандықтан, алкендер де жанады. Бірақ алкендер алкандарға қарағанда шала жануға (CO немесе күйе түзе) бейім болады. Оттек жеткілікті болғанда, алкендердің толық жануы нәтижесінде су мен көміртек (IV) оксиді түзіледі. Мысалы, этилен ауада жаркырап, жылу бөле жанады: С2Н4 + 3О2 2СО2 + 2Н2О + Q Бірақ алкендерді отын ретінде пайдалану тиімсіз болғандықтан, олар энергия көзі ретінде қолданылмайды. (Т) Оқушылардан алкендердің галогендену/ гидратациялану реакцияларын құрастыруды сұрау және сызба түрінде электрофильді қосылудың механизмін көрсетуді сұрау. Топтар өзара жұмыстарын тексеріп бағалайды және кері байланыс жасайды. | Слайд№6 https://www.youtube.com/watch?v=SI2xdTbj0OA( нуклефиль мен электрофиль жайлы бейнефильм) слайд№7 Қосымша№2 Слайд№8 Слайд№9-15 Электрофильді орынбасу механизмінің сызбанұсқасы Тапсырма –слайд№16-17 Слайд№18-23 Алкендердің галогеналкандармен реакциясы тақырыбын мына сайтта оқуға болады немесе қолданып түсіндіруге болады: http://himege.ru/pravilo-markovnikova/ | |||||||||||
Сабақтың соңы 3минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады | Слайд№24 | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар үшін арнайы тапсырма беру. Қосымша №1 | Мұғалім ҚБ жүргізеді. Топтар арасында және өзін өзі бағалау жүзеге асады. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?