Алкендердің қосылу реакциялары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10В Алкендер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Алкендердің қосылу реакциялары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.19 асимметриялы алкендерге қосылу реакциясының өнімдерін болжау;

 Сабақ мақсаттары

асимметриялы алкендердің қосылу реакциясының өнімдерін болжай алу

 Жетістік критерийлері

  • асимметриялы алкендердің қосылу реакциясының өнімдерін болжай алу
  • реакция теңдеулерін жаза алу
  • реакцияның механизмін жазаалу

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алуы керек: карбкатиондардың тұрақтылығы жайлы қорытынды жасау

Пәндік лексика және терминология

қосылу, нуклеофильді реагент, электрофил, электрофильді, механизм, геометриялық, цис-транс немесе E-Z,

(а)симметриялы, біріншілік, екіншілік, үшіншілік, карбкатион, полимер, полимеризация, тұрақты, тұрақсыз, тұрақтылық,

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

(бастапқы, екіншілік, үшіншілік) карбкатион ...... алкил топтарына қосылды.

Алкил топтары электрондарды …

Алкил топтары ….. арттырады

Карбкатионның заряды ..... құрайды.

Карбкатоинның тұрақтылығы .......... артады Егер карбкатион түрақты болса, онда .......

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Жаһандық азаматтық: 

Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуға ұмтылу. 

Дағдылар:сыни және шығармашылық ойлау, өзіне сенімділік және рефлексия жасай алу. 

Салауатты өмір салтын ұстану.  

Қарым-қатынас

- топтық, жұптық жұмыс 

 Пәнаралық байланыстар

Геометрия

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, бейнефильм, белсенді тақта.

Бастапқы білім

9.4В Көмірсутектер. Отын

10.1C Химиялық байланыс

10.2A Органикалық химияға кіріспе

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5минут

Сабақтың басында «Лектор –тыңдаушы» ролдік ойын: (жұпта бір оқушы лектор ретінде терминдерге түсініктеме береді, ал тындаушы оны бағалайды. Кейін рөлдер ауыстырылып екінші оқушының білімі тексеріледі) өткен тақырыпты қайталау мақсатында. Қарастырылатын терминдер: электрофил, нуклеофил, электрофилдік реакция, нуклеофилдік реакция, карбкатион, пикомплекс, қосылу

Бағалай: өзара бағалау жүргізіледі. Жұпта оқушылар бір –біріне кері байланыс жасайды. Осыдан кейін мұғалім кейбір оқушылардан өздерінің ойын бойынша қорытындысын және өзін бағалауын сұрауына болады. Сонымен қатар мұғалім да кері байланыс жасауы керек.

Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстырады және сабақтың мақсатын қояды, жетістік критерийлерін анықтайды.

Презентация

Слайд№1-5

Сабақтың ортасы

7минут

5минут

10минут

10минут

(М, Ж) Оқушыларға асимметриялы алкенге судың, галогенсутектің қосылу реакциясының теңдеуін құруды ұсыну.

Тапсырма-1: пентен-1 сумен реакция теңдеуін жаз

Бағалау критерийлері:

Өнім дұрыс жазылған;

Реакция механизмі келтірілген;

реакция теңдеуі теңестірілген.

Оқушылар өзара құрған реакция теңдеулері мен түзілген өнімдерін салыстырады және неге әртүрлі өнімдер түзілетінін талқылайды.

Оқушылар өз жұмысын бағалайды және кері байланыс жасайды(не дұрыс болды?, не қате болды?. Келесі жолы бұндай тапсырманы орындауда ненеі ескереді және қалай орындайды) сұрақтарына жауап беру арқылы.

(М) Оқушыларды Марковников ережесімен таныстыру. Марковников ережесі — қанбаған көмірсутектеріне галоген сутекті қышқылдар, интергалогенді қосылыстар (CLBr, ClJ, BrJ), күкірт қышқылы, аммиак, сынап тұздарының құрамындағы элементтердің қосылу заңдылығы.

Органикалық химияда, Марковников ережесі қосылу реакциялардың нәтижесін сипаттайды. Бұл ереже орыс химигі Владимир Васильевич Марковниковтің бастамасымен 1869 жылы жасалынды. Владимир Марковников 22-желтоқсанда Ресейдегі Төменгі Новгород қаласында дүниеге келген. Орыс химигі Мәскеудегі Қазан университетінің профессоры болды. 1869 жылы ол галогенсутектердің қанықпаған көмірсутектерге (Марковников ережесі) қосылу механизмін анықтады. Сонымен қатар ол шикі мұнайдың құрамын зерттеді.

CH3-CH=CH2+HBr →CH3-CHBr-CH3

CH3-CH=CH2+HBr → CH3-CHBr-CH3

Марковников ережесі: пропен мен гидробромидтің реакциясы

Ереже: Марковников ережесіне сәйкес қосып алу реакциялары кезінде әр түрлі заттардың оң зарядталған бөлігі азырақ гидрогендеоген қанбаған көмірсутек атомына қосылады.

(Т) топқа бөлу (оқушыларды топқа бөлудің тәсілін мұғалім шешеді: 1Асық арқылы бөлу, шарты-сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады,әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады

түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды. 2

Оқу құралдары арқылы(өшіргіш, қалам, қарындаш т.б.), шарты: ортаға бала санына қарай түрлі ручка, (қарындаш, өшіргіш) қойылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады

түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды. 3Жыл мезгілдері, шарты: 4 жыл мезгілдерінің суреттері жасырын қойылады,Әр оқушы бір-бірден жасырын қағазды алады. Сурет ойынша топқа бөлінеді. 4. Сандар арқылы, шарты: Ортаға бала санына қарай 3 түрлі сан қойылады. Оқушылар қағазды алып, ртындағы сандар бойынша топтасады. 5 Геометриялық фигуралар арқылы, шарты: Ортаға 3 түрлі геометриялық фигуралар (үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш). Оқушылар өздеріне ұнаған фигураны алып, сол бойынша топтасады.))

Оқушылар постерде галогенсутектермен судың ассимметриялық алкендерге қосылу реакциясын құрастыруы қажет, реакция механизмін көрсетіп түсіндіру керек.

Тапсырма-2: 2-метилпентен-2 бромсутекпен реакция теңдеуін жазу және реакция механизмін көрсетіп түсіндіру.

Топтық жұмысты бағалау үшін топтар сағат тілі бойымен ауысады, жұмысты қарап бағалайды, ұсыныстарын стикерге жазып постерге жабыстырады.

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі

Бағалау критерийлері:

  • Өнім дұрыс жазылған;
  • Реакция механизмі келтірілген;
  • Постердің безендірілуі, жазылуы.

Егер уақыт қалса оқушыларға өзіндік жұмыс парағы ұсынылады. Жұмыс парағында оқушыларға алкендерге тән қосылу реакциялары мен олардың механизмі келтірілген және мысалдар арқылы түсіндірілген. әр мысалдан кейін бір реакцияны жазуды ұсынады. Оқушы мысалдарға қарай отырып, берілген реакция теңдеуін жазып, механизімін көрсетуі керек. Жұмысты аяқтағаннан кейін, оқушыларға жұмысты кілт арқылы тексеруді ұсыну керек. Тексеруды өздері немесе бір –бірінің жұмысын тексеріп, бірін-бірі бағалап, кері байланыс жасауы керек.

Егер сабақ үстінде бұл жұмысты орындап үлгермесе үйге беруге болады. Бұл жағдайда келесі сабақтың басында жұмысты ұсынылған кілт арқылы тексеріп, оқушылар өздерін бағалауы керек. Оқушылар өз жұмысын бағалайды және кері байланыс жасайды(не дұрыс болды?, не қате болды?. Келесі жолы бұндай тапсырманы орындауда ненеі ескереді және қалай орындайды) сұрақтарына жауап беру арқылы.

Слайд-6

Слайд-7-8

Марковников ережесі

Слайд-9

Слайд-10

Жұмыс парағы

Сабақтың соңы

3минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

........ білдім, ................. үйрендім

............... толық түсінбедім

.................... жұмысты жалғастыру қажет

Слайд№11

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар үшін арнайы тапсырма беру.

Қосымша №1

Мұғалім ҚБ жүргізеді. Топтар арасында және өзін өзі, өзара бағалау жүзеге асады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?