Жемірілудің түрлері және онымен күресу жолдары. Химия, 10 сынып, қосымша материал.


Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда зат шығымын есептеу.

Есептің бірінші типің шешу алгоритімі:

1) Есептің шартын мұқият оқып шығу.

2) Жазып ал: не берілді, не табу керек?

3) Реакция теңдеуін жазып, теңестіру.

4) Реакция теңдеуі бойынша өнімнің теориялық массасын табу.

5) Белгілі формула бойынша өнімнің шығымын есептеп алу. Жауабын жазу.

1 мысал. 32,4г. мырыш оксидінен алюминийтермия әдісі арқылы, 24г таза мырыш алынды. Өнімнің шығымын табыңдар. Жауабы: 92% Zn

2 мысал. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 92% болса, онда 23,4г алюминий гидроксидінен алынған металл оксидінің массасын табыңдар. (14г)

3 мысал. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 80% болса, ондатемір (ІІІ) оксидіне, көміртек (ІІ) оксидімен әсер етсек, нәтижесінде 11,2г. темір алынды. Реакцияға жұмсалған темір (ІІІ) оксидінің массасын табыңдар. (20г.)

4 мысал. 234 г ас тұзына күкірт қышқылымен әсер еткенде 131,4 г хлорсутек алынса, хлорсутектің шығымы (%) (90%)

5 мысал. Массасы 120 г темір (ІІІ) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді.Темірдің теориялықпен салыстырғандағы шығымы (%) (80%)

6 мысал. 1,7 г аммиак тұз қышқылымен әрекеттескенде 5 г аммоний хлориді алынды.Түзілген өнімнің шығымы (%) (93,4%)

7 мысал. Массасы 1г. сутек газын хлормен синтездеу арқылы 32г. хлорсутек газы

алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің массалық

үлесін анықтандар. (жауабы: 87,67 пайыз)

8 мысал. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 25,12 пайыз болса,

массасы 3,8 г аммиак алу үшін азот пен сутектің қанша көлемі (қ.ж.)

әрекеттесетінін есептендер. (10л.)

9 мысал. Массасы 156 г бензол массасы 193,5г хлорэтанмен эрекеттескенде

шығымы 80 пайыз болды, түзілген этилбензолдың массасы тең: (169,6г.)

10 мысал. Егер теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы 90 пайыз болса, 16г. этил спиртінен түзілетін диэтилэфирінің массасы қанша? (11,58г.)

11. Көлемі 44,8л. (қ.ж.) азотты сутекпен әрекеттестіргенде түзілген аммиактың (шығымы 50 пайыз болса) массасы? (34г.)

12. 140г. этилен бромсутекпен әрекеттескенде 500г бромэтан алынған. Реакция өнімнің шығымы? (91,7п)

13. Техникада глюкозаны, крахмалды гидролиздеу арқылы алады. Егер реакция өнімнің шығымы теориямен салыстырғанда 75 пайыз болатын болса, 81г. крахмалдан алынатын глюкозаның массасы. (67,5г.)

20. Лабораторияда 46г толуолдан 52г. бензойқышқылы алынған болса, өнімнің шығымы? (85,2п.)

21. Әскери уландырғыш затты фосгенді СОСІ2 мына реакция арқылы алады: СО+СІ2 = СОСІ2. 224 мл. Хлормен көмір(ІІ) оксиді әрекеттескенде 200мл. фосген алынды (қ.ж.). Оның шығымы? (89,3п.)

22. Егер шығымы 100 пайыз болса, 10г алюминийді оттекте жаққанда алынған алюминий оксидінің массасы? (18г.)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?