Темір және оның қосылыстары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3С d-элементтері және олардың қосылыстары

Мектеп: "Көкшетау ФМБ НЗМ"

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абильмажинова Т.Т.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Темір және оның қосылыстары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.28 Темір және қосылыстарын алу, олардың химиялық және физикалық қасиеттерін сипаттай білу

10.2.1.29 Fe2+ және Fe3+ иондарын анықтай білу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Темірдің физикалық қасиеттерін сипаттай алады
  • Темірдің алынуын, тұрмыстағы және адам ағзасындағы рөлін сипаттап бере алады
  • Темірдің жай және күрделі заттармен реакция өнімдерін болжай алады
  • Fe+2 пен Fe+3 иондарына сапалық реакцияларды сипаттай алады

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Темірдің жай және күрделі заттармен реакция өнімдерін болжап, теңдеулерін теңестіре алады
  • Fe+2 пен Fe+3 иондарына сапалық реакцияларды толығымен жазып, тәжірибені жүзеге асыра алады

Кейбір оқушылар:

  • Fe+2 пен Fe+3 иондарына сапалық реакцияларды толығымен жазып, тәжірибені толығымен жүзеге асырып, сілтінің артық мөлшерімен болатын реакцияларды толығымен жаза алады

Жетістік критерийлері

  • Егер оқушылар темірдің физикалық қасиеттерін сипаттай алса
  • Темірдің алынуын, оның ағзадағы рөлін сипаттай алады
  • Темірдің жай және күрделі заттармен реакция өнімдерін болжай алса
  • Темір (ІІ) оксиді және Темір (ІІI) оксидтерінің химиялық қасиеттерін сипаттай алса

 Тілдік мақсаттар

 

Терминология: шойын, болат, магнетит, гематит, лимонит, пирит, гемоглобин

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • Темір оттегімен ....
  • Темір қышқылдармен ...
  • Шойын мен болат құрамына ... және ... кіреді

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Нақтылық, тазалық, ұқыптылық, жан-жақтылық, патриотизм

 Пәнаралық байланыстар

География – пайдалы қазбалардың орналасуы

Биология – темірдің адам денесіндегі маңызы

Экология – темірді алғанда, экологияға қауіптілігі

Физика – темірдің физикалық қасиеттері

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, интерактивті тақта

Бастапқы білім

10.2.1.24 d-элементтерінің периодты кестеде орналасуы

10.2.1.7 Қазақстандағы көздері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

5 минут

Стартер:

Темірден жасалған заттарды көрсетіп, оларды не байланыстырып тұрғанын сұрау.

Темірдің адам өмірінде қайда қолданылатынын, оның маңызын анықтау.

Темірдің гемоглобин құрамындағы рөлі

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылармен бірге анықтау

Презентация №1 слайд

10 минут

Темірдің физикалық қасиеттерін оқушыларға болжауға ұсыну. Содан кейін физикалық қасиеттері туралы ақпаратты беріп, оның ерекше қасиеттерін атап көрсету.

Темірдің кен таралған минералдарымен таныстырып, олардың құрамындағы металдың массалық үлесін аңықтау тапсырмасын ұсыну. Оқушылар бірін-бірі тексереді, өзара бағалау жұмысы ұйымдастырылады.

Темірдің алынуы: бұл жерде темірді кенінің құрамынан тотықсыздандыру арқылы алуға болатынын атап көрсету қажет (металдардың белсенділік қатары қолданылады).

Презентация

№2-11 слайд

5 минут

Темірдің химиялық қасиеттерін қарастыру.

Темірдің жай заттар (оттегі, күкірт, хлормен) мен күрделі заттармен (күкірт қышқылымен) реакцияларын оқушыларды тақтаға шығартып теңестіру:

Презентация

№16-18 слайд

7 минут

Оқушыларды екі топқа бөліп, бір топқа - темір (ІІ) оксиді және екінші топқа - темір (ІІI) оксидтерінің химиялық қасиеттері туралы ақпараттар ұсынылады. Содан кейін, топтардың құрамы өзгеріп, оқушылар бір-бірін оқытады және бағалайды.

Қосымша 1

10 минут

№ 8 Лабораториялық жұмыс «Fe+2 пен Fe+3 иондарына сапалық реакцияларды қарастыру»

Жұмыс тәртібі: Бір сынауыққа 4-5мл FeCl2 ерітіндісін, ал екіншісіне FeCl3 ерітіндісін құйып, ерітінділердің түстеріне көңіл аудару. Содан соң 4-5 мл NaOH ерітіндісін құйып, өзгерістерді бақылау және сәйкес реакция теңдеулерін жазу.

FeCl2 ерітіндісі, FeCl3 ерітіндісі, NaOH ерітіндісі, сынауықтар

https://www.youtube.com/watch?time_continue=15&v=gcVOcXvnr7s

https://www.youtube.com/watch?v=cqIaTuY7IvM

3 минут

Сабақ соңында оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында “Шығуға билет” стратегиясы бойынша оқушыға келесі кестені толтыру ұсынылады:

Сұрақ

Реакция теңдеуін аяқта:

Fe + HCl =

Темір гидроксидтерінің формулаларын көрсет:

Fe+2 пен Fe+3 иондарына сапалық реакциялар қандай?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге қарай өзгеруіне негізделген.

Кейбір оқушыларға жеке қолдау көрсетіледі, ал санаулы оқушылар өз шешімдерін ұсынады

Металдардың массалық үлестерін есептеу біліктері бағаланады.

Металдардың химиялық қасиеттеріне сәйкес реакция теңдеулерін жазу біліктері бағаланады

Бірі-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау түрлері қолданылады

Сергіту белсенді оқыту әдістері арқылы жүзеге асырылады

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің

сілтімен жұмыс ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?