Жемірілудің түрлері және онымен күресу жолдары. Химия, 10 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы: Жемірілудің түрлері және онымен күресу жолдары
Оқу мақсаты:
10.2.3.7 Коррозияның түрлерін, оның пайда болу себептерін білу және металл құрылымдарына теріс әсерін түсіндіру;
10.2.2.2 металдардың қатысында химиялық реакциялардың теңдеулерін, қоспалары бар реагенттерді, сондай-ақ теориялық мүмкіндіктен салыстырғандағы өнімнің практикалық шығымын есептеу.
Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы жемірілу (коррозия) деп аталады.
Жемірілудің механизмінің қандай түрлері бар?
Жемірілудің қандай түрлері бар?
Жемірілудің физикалық әсері қандай?
Жемірілуді болдырмайтын қандай әдістерді білесіздер?
Коррозия – металдардың жеміліп, бүлінуі;
Корозия процесіне әсер ететін факторлар: температура, ылғал, қышқыл жаңбыр, кейбір тұздар;
Коррозия процесіне оттек қатысады;
Коррозия – қайтымсыз процесс.
Металл + оттек + ылғал → металл оксиді (коррозия)
Коррозия
1947 жылы Канадада
қолданысқа берілген
темір жол көпірі 1951 жылы
31 қаңтарда бұзылды.
Металдар мен құймалардан жасалған өнеркәсіптік құрылғылар, ауылшаруашылық техникасы, қатынас көліктерінің тетіктері, энергетика мен және химия өнеркәсібінің қондырғылары жемірілуге ұшырайды;
Оның салдарынан металл бұйымдар жарамсыз болып қалады, тіпті апаттарға соқтыруы мүмкін;
Металдардың жемірілуінің негізін біліп, оны болдыртпау жолдарын білу маңызды болып табылады.
Коррозия
Химиялық коррозия – металл мен коррозиялық ортаның әрекеттесуіне байланысты металдың бүліну түрі. Бұл кезде металдың тотығып, коррозиялық ортаның тотықсыздануы жүзеге асырылады.
+ =
Химиялық коррозияның түрлері газдық және бейэлектролит ерітінділердегі коррозия.
Коррозияның түрлері
Реакция өнімі
Тотықтырушы ортаның компоненті
Металл
Газдық коррозия – химиялық коррозияның кең таралған түрі. Жоғары температурада газдардың әсерінен металдардың беткі кабаты бұзылады. Газдық коррозияның көп бөлігі оттектің әсерінен жүреді.
+ =
Коррозияның түрлері
Металл
Оттек
Металл оксиді
Электрохимиялық коррозия – ең көп таралған коррозияның түрі.
Электрохимиялық коррозия металдың электр өткізетін сыртқы ортаның әсерінен болады.
Оның әсерінен өзен, теңіз суларындағы кеме корпустары мен гидроқондырғылардың болатты арматураларын тат басуы, қышқыл, сілті, тұз ерітінділерімен жанасатын химиялық өнеркәсіптің қондырғылары бүлінеді.
Коррозияның түрлері
Қазір ғылым мен практика жемірілу процесін шектеудің, азайтудың, тіпті мүлдем болдырмаудың көптеген әдіс-тәсілдерін ұсынады.
Коррозиямен күресу жолдары
Шығымға қатысты есептер шығару
Реакция өнімдегі шығымның массалық үлесі --- реакция теңдеуі бойынша теория жүзінде алынуға тиісті өнім массасының іс жүзінде (практикалық) шығатын өнімнің массасына қатынасын өнімнің массалық үлесі дейді. (η – «эта»-әрпімен белгілейді.) (ω - «омега»)
Формулалары арқылы есептеледі:
η = m(пр.) / m(теор.) * 100% (масса бойынша) (1)
η = V(пр.) / V(теор.) * 100% (көлем бойынша) (2)
Есепті шешу алгоритмі:
1) Есептің шартың мұқият оқып шығу.
2) Жазып ал: не берілді, не табу керек?
3) Реакция теңдеуің жазып, теңеструге ұмытпа.
4) Реакция теңдеуі бойынша өнімнің теориялық массасың табу.
5) Белгілі формула бойынша өнімнің шығымың есептеп алу. Жауабың жазу.
Массасы 120 г темір (ІІІ) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді.Темірдің теориялықпен салыстырғандағы шығымы (%)
Шешуі: 2Ғе2О3 + 3С→ 4Ғе + 3СО2
М(Ғе2О3)= 160 г/моль
m(Ғе2О3) = ν · М(Ғе2О3) = 2 моль · 160 г/моль = 320 г
М(Ғе)= 56 г/моль
m(Ғе) = ν · М(Ғе) = 4 моль · 56 г/моль = 224 г
120 г Ғе2О3 ----- х г Ғе
320 г Ғе2О3 ---- 224 г Ғе
84 г ---- 100 %
67,2 г ---- х %
1,7 г аммиак тұз қышқылымен әрекеттескенде 5 г аммоний хлориді алынды.Түзілген өнімнің шығымы (%)
Шешуі: NН3 + НСІ → NН4СІ
М(NН3)= 17 г/моль
m(NН3) = ν · М(NН3) = 1 моль · 17 г/моль = 17 г
М(NН4СІ) = 53,5 г/моль
m(NН4СІ) = ν · М(NН4СІ) = 1 моль · 53,5 г/моль = 53,5 г
1,7 г NН3----- х г NН4СІ
17 г NН3---- 53,5 г NН4СІ
5,35 г ----- 100 %
5 г ---- х %
Оқу мақсаты:
10.2.3.7 Коррозияның түрлерін, оның пайда болу себептерін білу және металл құрылымдарына теріс әсерін түсіндіру;
10.2.2.2 металдардың қатысында химиялық реакциялардың теңдеулерін, қоспалары бар реагенттерді, сондай-ақ теориялық мүмкіндіктен салыстырғандағы өнімнің практикалық шығымын есептеу.
Рефлексия:
Мен білдім …………………………….
Мен үйрендім ................................
Мен орындадым ................................
Маған ұнады ................................
Маған қиын болды .................................
Үй жұмысы
1. 11,2 г темір тұз қышқылымен әрекеттескенде 4,45 л (қ.ж.) сутек бөлінеді. Реакция өнімінің шығымы (%).
2. 20 кг алюминий оксидінен 10 кг алюминий алынды. Реакция өнімі шығымының массалық үлесін анықтаңыз.
3. 5,64 кг техникалық темір (ІІ) сульфаттын ауада өртегенде, шығымы 75% болған қатты өнімнің (FeO) зат мөлшері (моль)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?