Периодтық жүйеде d-элементтерінің орналасуы, атом құрылысының ерекшеліктері. Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кендері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Long-term plan unit:

10.3С d-элементтері және олардың қосылыстары

School: ФМБ НЗМ Талдықорған қ.

Date:

Teacher name: Купенова Г.А.

Grade: 10

Number present:

absent:

Сабақтың тақырыбы/ Theme of the lesson:

Периодтық жүйеде d-элементтерінің орналасуы, атом құрылысының ерекшеліктері. Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кендері.

Оқу мақсаттары/ Learning objectives that are achieved at this lesson (Subject Programme reference)

10.2.1.24. атомдарының құрылымына негізделген d-элементтердің жалпы қасиеттерін түсіндіру.

10.4.1.7 Қазақстанда мыс, цинк, темір, хром және олардың қосылыстарының көздерін айту;

Сабақтың мақсаты/ Lesson objectives 

Барлық оқушылар:

  • Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде d-элементтердің орналасуын біледі.
  • d-элементтердің электрондық конфигурациясын құрастыра алады.

Қазақстанда мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының көздерін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Барлық d-элементтердің өтпелі металдар бола алмайтынын түсінеді.
  • Негізгі топша металдары мен өтпелі металдарды салыстыра алады.

Кейбір оқушылар:

  • Өтпелі металдардың қасиеттерін болжай алады.

Жетістік критерий/Success Criteria:

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде d-элементтердің орналасуын дұрыс көрсетеді.

d-элементтердің электрондық формуласын дұрыс құрастырады.

Басқа топ элементтері мен өтпелі металдардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.

Мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының Қазақстанда таралу көздерін дұрыс анықтап, кеннің қолданылуы туралы жүйелі қорытынды жасай алса.

Тілдік мақсаттар/

Language objectives:

Оқушылар:

Өтпелі металдар ерекшеліктерін басқа топтар металдарымен салыстыра алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Ауыспалы, өтпелі металл

жылтыр/жылтырайтын, иілгіш/өңдеуге түсірілетін, кемділік/иілетін, электр өткізгіштік/ өткізетін, магнитті/магнетизм сымдар, қаңылтыр, реакция, қасиет.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Y-ке қарағанда X барынша/кем жылтыр/шыңдалғыш, иілгіш

Ү-ке қарағанда Х басқаша

Айнымалы металдар басқа топтарға қарағанда барынша/кемі …

Типтік металл ... болады

Құндылықтар/ Values Education:

Бірін – бірі сыйлау, көзқарасын қорғай білу, басқалардың көзқарасын сыйлау.

Пәнаралық байланыстар/ Integration:

Физика

АКТ қолдану дағдылары/ ICT skills

Оқушылар мен мұғалімнің интернет ресурстарын қолдануы

Алдыңғы білім/ Previous learning:

Атом құрылысы (7.1B)

Металдар белсендігін салыстыру 1

Металдар мен құймалар (9.2С)

Тотығу және тотықсыздану (10.1B)

Сабақ барысы / Course of the lesson

Сабақ кезеңдері/ Steps lesson

Жоспарланған іс-әрекеттер/ Planned activities at the lesson

Ресурстар/ Resources

1 – 2

Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру, түгендеу.

Стартер: Активити

3 – 5

6 – 15

16 – 30

31 – 37

Оқушылардан химиялық элементтердің периодтық жүйесінде өтпелі металдар орнын анықтауды сұрау.

Видео көрсету.

Өздік жұмыс (дәптерге орындау)

  • Неге бұл элементтерді өтпелі деп атайды?
  • Кальций мен скандийдің электрондық конфигурациясын құрастырыңдар. Ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
  • Титан, ванадий және т.б. элементтердің толық электрондық және графиктік формуласын жазыңыз.

d-элементтерінің жалпы сипаттамасы:

(презентация)

Оқушыларға олар бұрын жұмыс істеген интерактивті онлайн кестесінің көмегімен басқа өтпелі металдарды зерттеуге мүмкіндік беру.

(W) Өтпелі металдар басқа зерттелген топтардан несімен ерекшеленеді?

Оқушылар өтпелі метал ерекшеліктеріне тоқталып, қорытынды жасайды.

Топпен жұмыс

Картадан мырыш, темір, мыс, хром кендерінің таралу көздерін интернет ресурстарын және қосымша материалды пайдаланып анықтайды.

Топ мүшелері жұмыстарымен алмасып, талқылайды. Содан соң Қазақстанның пайдалы қазблары көрсетілген дайын карталар таратылады. Олар өздерінің енгізген мәліметтерін дайын картадағы мәліметтермен салыстырады. Бірін – бірі критерий бойынша бағалайды.

Бекіту:

1. Қай металдар өтпелі металдарға жатады: Со, Ni, Na, Mg, Fe, Mn, Cu, Ba

2. Неге?

3. Сr электрондық және графиктік формуласын құрастырыңыз.

4. Хром қосылыстарының тотығу дәрежелері қандай?

https://twig-bilim.kz/kz/film/transition-metals

37 – 40

  • Мақсатқа оралу, сабақты қорытындылау
  • Рефлексия

Үй тапсырмасын беру

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге қарай өзгеруіне негізделген.

Кейбір оқушыларға жеке қолдау көрсетіледі, ал санаулы оқушылар өз шешімдерін ұсынады

Құйма және олардың қолданылуы туралы білімдерінің деңгейлері бағаланады.

Металдардың химиялық қасиеттеріне сәйкес реакция теңдеулерін жазу біліктері бағаланады

Бірі-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау түрлері қолданылады

Сергіту белсенді оқыту әдістері арқылы жүзеге асырылады

Қауіпсіздік техникасы ережелері: эксперимент кезінде оқушылар қорғаныш көзілдірігін киюлері қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?