Әктасты темір және цемент өндірісінде қолдану. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


 Тақырып:Әктасты темір және цемент өндірісінде қолдану

Мектеп: ФМБ НЗМ Көкшетау қ.

Күні:30.11.18.

Оқытушының аты-жөні: Апиева Қ.Е.

 Сынып:

10«B»

Қатысқандар саны:

10«B»

қатыспағандар:

10«B»

Осы сабақтың оқу мақсаттары

10.2.1.17 адамзаттың әктасты мыңдаған жылдар бойы өндіріп келе жатқандығын білу;

10.2.1.18 «сөндірілмеген әктің» «сөндірілген әкке» айналуын сипаттау;

10.2.1.19 әктас пен карбонаттардың қолданылуы олардың қандай химиялық қасиеттеріне негізделгендігін білу және түсіну;

10.2.1.20 цемент өндрісіндегі әктастың қолданылуын білу;

10.2.1.21 шойын өндрісіндегі әктастың қолданылуын білу;

Оқыту мақсаттары

-Оқушылар қосымша материалдар мен видео ресурстар арқылы әктастың қолданылуын түсінеді;

-Құрылыста,топырақты бейтараптау,цемент және шойын өндрісіндегі әктастың қолданылуын біледі;

-Әктас пен карбонаттардың қолданылуы олардың қандай химиялық қасиеттеріне негізделгендігін біледі және түсінеді;

Бағалау критерийлері

Оқушылардың барлығы:

адамзаттың әктасты мыңдаған жылдар бойы өндіріп келе жатқандығын және әктасты қолдану жлддарын біледі;

Оқушылардың кейбіреулері:

карбонаттардың айналуын сипаттай алады;

Жекелеген оқушылар

әктас пен карбонаттардың қолданылуы қасиеттеріне негізделгендігін түсінеді;

цемент және шойын өндрісіндегі әктастың қолданылуын біледі,химиялық реакция теңдеулерін жазып бере алады..

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:әктас,қож, қышқылданған топырақ,бейтараптау,

цемент өндірісі терминдерімен танысады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

кальций/магний/иондар, кальцийкарбонаты,

сөндірілмеген әк/сөндірілген әк, шойын цемент темір өндірістері

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Конвертерге кальций оксиді қосылады.....

Темір алу процесінде кальций карбонаты қсылады..

Құндылықтардыдарыту

Когнитивті компонет:

түрлі деңгейдегі сұрақтарды құрастырыпталқылайды/ұлттық, жаһандық/;ақпаратқа сыни талдау жасайды;

Әлеуметтік-эмоционалдық:

өз пікірін ашық , еркін сенімді жеткізеді

жұптық, топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді

Танымдық:

сынып ережесіне бағынады, өз іс-әрекетіне жауап бере алады

Пәнаралық байланыс

Interdisciplinarycommunication

Биология (топырақты бейтараптау)

АКТ-ны қолдану

Application of ICT

Презентация, bilimland.kz ресурсы

Алдыңғы білім

Previouseducation

Бүған дейінгі бөлімдер бір-бірімен байланысты қарастырылады:

Көміртек қосылыстары (6.2С)

Геологиялық цикл (7.3А)

Геологиялық химиялық қосылыстар 7.3 B

Көміртек және оның бейорганикалық қосылыстарымен танысу (7.4С)

Көміртек және оның қосылыстары (8.4B)

Жоспар

Сабақ барысы

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

5 минут

1.Тақырыпты айқындау.Психологиялық жағымды әсер тудыру. Мюнстерберг әдісі. Бұл әдіс оқушыларды кілт сөздер арқылы сабақ тақырыбын ашуға бағыттайды.

Жұптық жұмыс.

Мақсаты - назар аударудың ерекшеліктерін зерттеу.

Ынталандырғыш материал: кілт сөздері бар алфавиттік мәтін 

Жұмыс барысы.

Оқушылар берілген мәтін жолын басынан бастап оқуы керек, олардың міндеті әріптердің арасында кездескен сөздерді табу және олардың астын сызып белгілеу.

Нұсқау.

Берілген парақта алфавит әріптерінен тұратын мәтін берілген.Сіздердің міндеттеріңіз мәтіннің бірінші әрпінен соңына дейін қарап шығып, арасында кездескенкілт сөздерді тауып және олардың астын сызып белгілеу.Тапсырманы тез әрі нақты орындау керек.

бзеыдыраукаловтргщоцэноәктасмерзгуқыздыругчтелфонъхәкэьгчяпобейтараптауланьустудентшойынтрочягщшгцементкпклиникагуркарбонатсеабестадиятопырақемтоджебъамфутболоксидсуждениефцуйгидроксидахтйфлаганышбраторияболерітіндіджщзхюэлгазщъбвнимақалдықниешогхеюжсөндіруипдргщхщнзқұрылысдмысльйцунендшизхъвагидрокарбонатфыпролдрйэъягнтзхтм

Кілт сөздер:

ыдырау,әктас,қыздыру,әк,бейтараптау,шойын,цемент,карбонат,топырақ,оксид,гидроксид,ғаныш,ерітінді,газ,қалдық,сөндіру,құрылыс,гидрокарбонат.

Осы кілт сөздерді қолданып, сабақ тақырыбын атап көріңіздер.

.Жаңа сабақтың тақырыбын және сабақ барысының жоспарымен таныстыру;

Минералдар коллекциясы,

Презентация

5мин

Әктас, мәрмәр, өндірісі жайында bilimland.kz ресурсынан бейне материал көру.

-Әктас қатты болғандықтанжәне атмосфералықжағдайларға әжептәуіртөзімді болғандықтан,тамаша құрылыс материалы бола алады.

Дыбысты жұту, жылуды жақсы ұстау қасиеттеріне байланысты әктас құрылыс архитектурасында үйдің алды мен ішін жабдықтауда қолданылады.Өткен ғасырда тарихи ескеткіштер,үлкен ғимараттар әктастан жасалған.

Мәрмәр өндірісі

Мәрмәр карьер депаталатын жергіліктіаймақтарданалынады.Алдымен кен орнын табуүшін жер қыртысының

беткі қабаты алыныптасталады, содан соңжарылғыш заттардың неарнайы аралардыңкөмегімен олардан текшетәріздес блоктар кесіліпалынады.

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/periodtyq-keste/lesson/aktas

5 мин

Сөндірілмеген әктің» «сөндірілген әкке» айналуын көрсетілім ұсынылады.

Реакция теңдеулерін дәптерлеріне жазады

СaO, су, фенолфталеин

Сынауық

4 мин

Шектен тыс қышқылданған топырақты бейтараптандыруға

кальций оксидіқолданылады. Оны суменараластырып, пайда болғансуспензияны топыраққашашады. Кальций оксидінің

сумен әрекеттесуініңнәтижесінде түзілетін кальций гидроксиді топырақты қышқыл ететін заттарды бейтараптандырады. Бір гектар жерді бейтараптандыру үшін 1-ден 6 тоннаға дейін кальций оксиді қажет.

https://bilimland.kz/ru/courses/chemistry-ru/neorganicheskaya-ximiya/ehlementy-i-ix-soedineniya/lesson/izvestnyak

5мин

1.Цемент өндірісінде әктастың қолдауы жайында бейне таспа ұсынылады. Оқушылар талқылайды.

Әктасты ерітінді.Әктасты ерітінді жаңа ғимарат құрылысында кірпіштерді қалауда және қабырғаларды сылауда қолданылады.

Әктасты ерітінді сөндірілгенәкті тиісті мөлшерде сужәне топырақпенараластыру арқылыалынады. Құрамындағыартық су буланатындықтан,бірнеше сағаттан соңерітінді шөгеді.

2.Әктас ерітіндісін дайындау және қатыру

Тапсырма.Әктас ерітіндісінің дайындалу және қату сатыларын қараңыз. Сәйкес құраушыларын таңдай отырып, ерітінді дайындаңыз.

3.Цемент әктас, саз жәнеқұмнан өндіріледі. Ол –әлемде кеңінен

қолданылатын құрылысматериалы – бетонныңнегізгі құраушысы болыптабылады.

4.Бос ұяшықтарды берілген кілт сөздермен толықтыр.

Б

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/periodtyq-keste/lesson/aktas

цемент

5 мин

Оқушыларға бейне материал көрсетпес бұрын сұрақ қоямыз.

1.Әктас темір өндірісінде қандай роль атқаруы мүмкін?

2.Кремний оксиді мен алюминий оксидтерін кеннен бөліп шығаратын реакция теңдеулерін дәптерлеріне жазып алу.

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/periodtyq-keste/lesson/temir

темір

8 мин

Тақырып бойынша бекіту тапсырмалар.

Жұмыс парағы

3 мин

Рефлексия

Сабақ

-мені ойлантты…

-маған үлкен ой салды…

Сіз сыныпта не білдіңіз?

Есте сақтау керек деп ойлайсыз ба?

Маған әлі де қосымша көп жұмыс істеу керек

Қосымша ақпарат

Дифференциация – қосымша қолдауды қалай көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жақсы оқушыларды ынталандыруды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау –оқушылардың білімдерін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық сілтемелер

Денсаулықты және қауіпсіздіктітексеру

АКТ-ға сілтемелер (басқарушылық ақпараттарды беру тәсілдері)

Құндылықтарға сілтемелер

Сабақ кезінде сұрақ қоюларды кеңінен талқылау.

Мұғалім өзі алатын жауаптар сапасымен оқушылар білімін бағалайтын болады.

Екі пленарлық іс-әрекет әр оқушының жеке түсінуін толық бағалау үшін мүмкіндік береді.

Реакцияға қатысушы барлық заттардың атомдарының бірдей санын сақтай отырып реакциялар схемасын теңдестіру үшін ауқымды мүмкіндіктер қолданылады.

Үлгерімі нашар оқушыларға қолдау көрсету үлгерімі жақсы оқушымен топ құрып, жұмыстату;

Сабақ бойы оқушылар мен мұғалім арасында, оқушылардың өздері арасында талқылаулар жүреді, бұл тілдесу дағдысын дамыту және басқалардың пікіріне сыпайы болуы үшін кең мүмкіндіктер береді.

Ой жүгірту

Сабақ мақсаттары/ оқыту міндеттері шынайы болды ма ? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сабақ үстіндег іахуал қандай болды? Менің жоспарлаған дифференциация жақсы жұмыс жасады ма? Таймингті ұстандым ба? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Осы сабақты бағалау үшін бос орын пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы тиісті сол жақтағы сұраққа жауап беріңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?