Химиялық элементтердің периодтық кестесіндегі s- элементтердің орналасуы, олардың атом құрылыстарының ерекшеліктері, металдық және тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3В Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Химиялық элементтердің периодтық кестесіндегі s- элементтердің орналасуы, олардың атом құрылыстарының ерекшеліктері, металдық және тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру. | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.1.18 s-элементтердің жалпы қасиеттерін олардың атомдарының құрылысы негізінде түсіндіру; 10.2.1.19 s-элементтерінің металдық, тотықсыздандырғыш қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | - s-элементтердің жалпы қасиеттерін олардың атомдарының құрылысы негізінде түсіндіре білу - s-элементтерінің металдық, тотықсыздандырғыш қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыра білу | ||||||||||
Бағалау критерийлері | -1-ші топтағы металдардың ауа және сумен реакцияларын біледі; -өз бақылауларын тәжірибе жүзінде тексеріп, бақылауларын қорытындылай алады; -металдардың хлормен реакцияларын біледі; -2 топ металдарының сумен, сұйылтылған қышқылдармен және ауада жану реакцияларын біледі. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады: Барлығы, көпшілігі, кейбіреулері және ешқандай сөздерін пайдалана отырып, 1-ші топтағы металл реакциялары туралы білімдерін ауызша және жазбаша жинақтау Пәнге қатысты лексика мен терминология Периодтық кесте, сыртқы қаптама, байланыстар, құрылыс, реакция, металл, ерітінді, жалын жұмсақ, жылтыр, қарқынды, сілтілі реакцияға түсу, жану, тоқтату Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Барлығы/көпшілігі/кейбіруелері 1-топ металдары … болып табылады Олардың барлығы/көпшілігі/кейбіреулері Х түсімен жанады/байланыс түзеді/сыртқы қаптама электрондарынан тұрады … Суда, олар/кейбіреулері/1-топ металдары қарқынды/баяу ерітеді/сілтілі ерітіндіні тоқтатады Олардың бірде-бірі түспейді/өндіреді/жанады/құрады/ Х ие. Кейбір/барлық Х Y реакциямен түседі? | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық пен ынтымақтастық | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика (атом құрылысы) | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ақпараттық технологияларды қолдану | ||||||||||
Бастапқы білім | Бұрын оқып танысқан барлық тақырыптар аталған бөлім үшін қажет. Әсіресе металдардың салыстырмалы қасиеттері маңызды. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 0-5 мин | Мұғалім сабақтың барысында сабақ ХЭПЖ жайлы өтетінін хабарлайды. Тақтада сабақтың тақырыбы перденің артында жасырын тұрады, оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап берген кезде , перде біртіндеп ашылып отырады: «Сілтілік және сілтілік-жер металдардың реакциялары» 1.ХЭПЖ канша топ және период бар? 2.Топ номерімен нені анықтауға болады? 3.Период номерімен нені анықтауға болады? 4.ХЭПЖ элементті Ме екенін қалай анықтауға болады? 5. Қай топта Ме орналасқан? | Флипчарт | |||||||||
Сабақтың ортасы 6-20 мин 21-31 мин 30 -38мин | Бейнебаян көру. Бейнебаянға қатысты сұрақтар. 1.Не себепті берілген топ элементтері сілтілік металдар деп аталады? 2. Атом құрылысын дәптерлеріңізге жазыңыздар. 3.Жоғарыдан төменге қарай топ белсенділігі қалай өзгереді? (атом радиусы мәні, иондану энергиясы, электртерістілік, электрон тартқыштық және т.б.) 4.Неліктен? 5. Сумен әрекеттескен кездегі реакция белгілері қандай? 6. Топ бойынша тағы қандай қасиеттер өзгеру заңдылығы бар? 7.Ең жеңіл сілтілік металл? https://twig-bilim.kz/film/alkali-metals-5693/ Сонан соң оқушылар жұппен ақпараттық технологияларды (ноутбук, интернет желісі, интерактивті кесте) пайдаланып, 1-ші және 2-ші топтағы (Li, Na, K, Mg, Ca) металдардың физикалық және тотықсыздандырғыштық қасиеттеріне байланысты кестені толтырады. Кестенің толтырылуын мұғаліммен ауызша тексеру. Оқушылар алдын ала дайындаған үй жұмыстарымен 1 және 2-топ металдарының химиялық қасиеттері туралы қысқаша айтып береді. Басқа оқушылар алынған ақпарат негізінде кестелерді толықтырады. Оқушыларға берілген тақырып бойынша кестені толтыру «Дұрыс /Дұрыс емес», онда 1 және 2-топ металдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарына 10 кем емес тұжырымдама болады. | Сілтілік жер металдары: http://school-sector.relarn.ru/nsm/chemistry/Rus/Data/Text/Ch2_8-3.html | |||||||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Рефлексия | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Барлығы: - s-элементтердің жалпы қасиеттерін олардың атомдарының құрылысы негізінде түсіндіруді біледі; - s-элементтерінің металдық, тотықсыздандырғыш қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыруды түсінеді. Көбісі: - s-элементтерінің металдық, тотықсыздандырғыш қасиеттерін салыстырып және реакция теңдеулерін құрастыра алады; Кейбіреулері: Берілген тапсырмаларды жылдам әрі дұрыс орындай алады. | Кестенің толтырылуын өзін-өзі тексеруі | Қабылдау және әңгімелесу түрінің әртүрлілігі балалардың шаршағыштығын болдырмайды. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?