Тірі ағзалар тіршілігіндегі металдар мен бейметалдардың биологиялық рөлі. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Химия» ӘБ жетекшісі

Галустян А.А. ________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3.А

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Гордиенко Л.В.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Тірі ағзалар тіршілігіндегі металдар мен бейметалдардың биологиялық рөлі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.2 тірі ағзалар тіршілігіндегі металдар мен бейметалдардың биологиялық рөлін түсіндіру;

 Сабақ мақсаттары

Химиялық элементтердің тірі ағзалардағы биологиялық рөлі туралы білімді терең түсіну мен жүйелеу, қосымша ақпараттарды өңдеу және қолдану даңдыларын қалыптастыру, сараптау және қорытындыға келу.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар адам ағзасына әсер ететін металдар мен бейметалдардың биологиялық рөліне қатысты мысал келтіре алса.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология: органоген элементтері, микроэлементтер, макроэлементтер, биологиялық рөл, зат алмасу

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Табиғатта кездесетін 9 химиялық элемент ішінде адам ағзасында кездесетін ___химиялық элементі де бар.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында білім құндылықтары: Құрмет, Ынтымақтастық, Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика

Бастапқы білім

10.2.1.17 металдар мен бейметалдардың табиғатта таралуын білу;

10.4.1.1 кейбір металдар мен бейметалдар және олардың қосылысьарының қоршаған ортаға әсерін зерттеу;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру.

0 – 3 минут

Коллаборативті орта қалыптастыру

«Жұлдызнама» 

Мақсаты: тренинг барысында зейіндерін жинақтау, кедергі сәттерді жою, коммуникациялық белсенділік.

Тапсырма: Топ құрамасындағы оқушылардың жұлдызнама бойынша сапқа тұру. Қай топ бірігші болып жинақталса, сол топ жеңіске жетеді.

«Көше бойында зіл-зала: вагон жоқ, рельс жоқ, көліктер жоқ, көмір тастары топырақ үгіндісіне айналды, өсімдіктерде тіршілік бейнесі байқалмайды. Адам өз ағзасында мұндай ешқандай өзгерісті байқамас еді, егер адам ағзасында осы металдың 3 г мөлшерін жоғалтатын болса, адам сол мезетте өліп кетер еді» - академик А.Е.Ферсман қай металды сипаттаған еді? (темір)

Темірдің адам ағзасындағы рөлі қандай?

Адам ағзасына тағы басқа қандай элементтер кіреді?

4 – 14 минут

15 – 20 минут

21 – 37 минут

Металдар қасиеттерін қайталау, келесі тапсырманы орындау (жұппен жұмыс).

Бос орындарды сөйлеммен толықтырыңыздар.

Металдар атомының радиусы бейметал атомдарының атом радиусына қарағанда _______. Барлық метал қосылыстары _______ тотығу дәрежесіне ие. Бөлме температурасында металдардың агрегаттық күйі _______, жалғыз _______ металы ғана өзгеше. Металдарда металдық _______ болады. Олар _______ және _______ жақсы өткізеді. Ең жақсы электрөткізгіш метал _______, ең қиын балқитын метал _______, ең иілімді (майысқыш) метал _______.

Б) электрондық формуласын жазып, қай элементке сай келетіндігін сәйкестендіріңіздер

(2,8,1; 2,8,8,1; 2,8,2; 2,8,8,2).

Жауаптары: үлкен, оң, қатты, сынап, жылтыр, электр тоғын, жылу, күміс, вольфрам, алтын.

Оқушылар бірін-бірі тексереді.

Мұғалім химиялық элементтің маңызы жөнінде ақпарат береді.

Жер қыртысында химиялық элементтердің салыстырмалы түрде аз мөлшері қамтиды. Шамамен жердің ½ массы оттегіге, ал ¼-мөлшері кремнийге тең келеді. Барлығы 18 элемент: O, Si, AL, Fe, Ca, K, Mg, H, Ti, C, Cv, P, U, Mn, F, Ba, Na, K жер қыртысының 99,8% құрайды. Осы элементтердің ішінде 8 элемент 98%-ға келеді, олар: O, Si, AL, Fe, Ca, K, Mg, Na. Сәйкесінше адам ағзасында 6 элемент кездеседі, олар: O, S, C, P, Н, N және олардың ағза массасы бойынша пайыздық үлесі 97,4% тең келеді. Бұл элементтерді органогендер деп атайды.

Адам ағзасында барлық 92 элементтің ішінен 81 химиляық элемент кездеседі. Адам ағзасы 60% судан, 34% - органикалық және 6% бейорганикалық заттардан тұрады.

Адам ағзасы – күрделі химиялық зертхана. Күнделікті көңіл күй, тәбет – ағзадағы минералды заттарға тәуелді екеніне сенгісіз. Минералды заттарсыз витаминдер, ақуыздардың, майлар мен көмірсулардың синтезі мен ыдырауы мүмкін емес.

Мысалы, егер адамның салмағы 70 кг болатын болса, ондағы құрамы (граммен): кальций - 1700, калий - 250, натрий - 70, магний - 42, темір - 5, мырыш - 3. 

Металдардың адам ағзасындағы жасушалардың қалыпты жұмыс жасауы үшін қажетті екені белгілі. Металдардың жетіспеушілігі мен артықшылығы адам ағзасына кері әсерін етеді, токсикалық әсерін тигізеді.

Химиялық теория тұрғысынан қарағанда, элементтерді реттеу мен таңдау, берік, сонымен қоса лабильді байланыс түзе алатын элементтерді жіктеуге алып келеді. Осы байланыстьар гомолитикалық (О2 --- О + О ) және гетеролитикалық (Н2О == О +2Н ) байланыстың үзілуіне, соынмен қоса циклденуіне (6 С --О) оңай алып келуі тиіс. Сондықтан, көміртегі – тірі ағзадағы №1 органоген болып табылады. Оттегі мен сутегі атомдарының лабильділігі төмен, бірақ басқа элементтерге тұрақты орта – суды қалыптастырып береді, нәтижесінде тотығу-тотықсыздану процесінің үздіксіз жүруін қамтамасыз етеді. Бейметалдар(N,P,S) мен металдар (Fe, Cu, Mg) атомы әртүрлі химиялық байланыс түзуде ерекше лабильділік танытады. Жер қыртысының басым бөлігінде кездесетін Si және AL секілді элементтер тірі ағзада екіншілік рөлде орын алады.

 Енді біз осы элементтерге сипаттама берейік.

Оқушылар үлестірме (қосымша 1) материалдарымен жұмыс жасайды. Кесте толтырады.

Элемент атауы

Ағзада шоғырланған жері

Тәуліктік қажеттілік

Ағзадағы рөлі

Сабақтың соңы

37-40 мин

Синквейн формасындағы кері байланыс. Жеке парақшаларда орындайды, уақыт қалған жағдайда жұмысты көрсетуге болады.

Синквейн жазыңыз.

1 қатар: тақырыпты айқындайзтын зат есім.

2 қатар: ұсынып отырған тақырыпты сипаттайтын екі сын есім.

3 қатар: ұсынып отырған тақырыпты әрекетін сипаттайтын үш етістік.

4 қатар: алғашқы екі қатарды әсірелеп айтатын сөздерді айту.

5 қатар: сабақтан алған әсерді сипаттайтын есім сөздер.

Обратная связь в форме синквейна.. Выполняют на отдельных листочках, при наличии времени можно озвучить.

Үй тапсырмасы: Құрамында негізгі элементтері бар азық-түлік өнімінің тізімін құру.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталу

Барлық оқушылар біледі: органогендердің биологиялық рөлдері туралы білу

Көптеген оқушылар біледі: элементтердің адам ағзасына оң және теріс әсерін біледі

Кейбір оқушылар біледі:

Бірінші сатыда металдардың қасиеттерін қайталау, өзін-өзі бағалау. Кесте толтыру – мұғалім тексереді.

Практикалық жұмысты орындау кезіндегі ҚТ ережелері.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдерітсақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарғатжауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?