Металдар мен бейметалдар. физикалық және химиялық қасиеттері. Электрохимиялық кернеу қатары.№7Лабораториялық жұмыс.«Металдардың, бейметалдардың және амфотерлік элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу» Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді «Химия» ӘБ жетекшісі Галустян А.А. ________ |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Металдардың жалпы қасиеттері | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Вебер Г Г | |||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Металдар мен бейметалдар. Негізгі физикалық және химиялық қасиеттері. Электрохимиялық кернеу қатары. №7 Лабораториялық жұмыс. «Металдардың, бейметалдардың және амфотерлік элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу» | |||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.1.13 металдардың мен бейметалдардың негізгі физикалық қасиетін түсіндіру. 10.2.1.14 электрохимиялық кернеу қатарындағы металдардың орналасуын түсіну. 10.2.1.15 бейметалдар мен металдардың химиялық қасиеті сипаттамасын химиялық теңдеулерді құру. 10.2.1.16 металдар, бейметалдар және екідайлы элементтердің химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу. | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді
| |||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Пәнге тән лексика мен терминология:
| |||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік, жұппен жұмыс жасау, бір-бірін тыңдау және сыйлау құндылықтары. | |||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих , География, Физика | |||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ Менделеев кестесін бейнелеуге қолдану. | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Басталуы 0-3 мин | Ұйымдастыру кезеңі: (сәлемдесу, зейін аудару жаттығуы, түгендеу, сабаққа дайындық жасау.) | Power point | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 4-9 мин 10-16 мин 17- 30 мин 31-41 мин 42-55 мин 56-70 мин 71-77 мин | Оқушылар сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Металдар мен бейметалдарды» сәйкестеңдіру керек. Алдарына сегіз химиялық элементтер жазылған карточкаларды тарату арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. S C Al Na Fe Cu H2 O2 Оқушылар химиялық элементтерді сәйкестендіріп болғаннан кейін , таңдауларының дұрыс – бұрыстығын тақтадағы слайд арқылы тексереді. Оқушылар жаңа тақырыпты меңгеруі үшін сабақ мақсаттары мен таныстырамын.
МЕТАЛДАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ:
Электрөткізгіштік. Электр өрісінің әсерінен электрондар бағытты қозғалысқа ие болады, сөйтіп, электр тоғы пайда болады.Электрөткізгіштігі ең жоғарғы металдар күміс пен мыс, одан кейін алтын, алюминий, темір болып келеді. Ең аз электрөткізгіштік сынапқа тән.Жылуөткізгіштік. Жылу өткізгіштік те электр өткізгіштік тәрізді электорндардың қозғалғыштығына және кристалдағы бөлшектердің тербелмелі қозғалысына тәуелді. Осы құбылыстардың арқасында металл кесегіндегі қызу бөлшектердің бірінен біріне беріліп, өзара тез теңеседі. Мысалы күміс қасық шыны стақанға қарағанда жылуды 500 еседей көп өткізеді.Металдардың электр мен жылу өткізгіштігі температура артқан сайын азаяды, себебі электрондардың еркін қозғалысы артып, олардың бағытталған қозғалысы ретсіз бола бастайды.Hg, Pb, Fe, Zn, Mg, Al, Au, Cu, Ag------------------------------------------------------------------------------ Металдардың сыртқы энергиялық деңгейінде 1-ден 3-ке дейін электрон болады, олар периодтың басында және ортасында орналасқан, сондықтан олардың атом радиустары салыстырмалы түрде үлкен болады. Бейметалдардың сыртқы энергиялық деңгейінде 3-тен 7-ге дейін электрон болады. Атомдарда сыртқы электрондық қабат саны неғұрлым көп болса, соғұрлым атом радиусы кіші болып, бейметалдық қасиеті айқын байқалады. Ең белсенді бейметалдар: галогендер және оттек. Периодтарда солдан оңға қарайметалдық қасиет әлсіреп,бейметалдық қасиет артады. Барлық металдар бірдей физикалық қасиеттерге ие болғанымен, олар басқа заттармен әрекеттесу жолымен ерекшеленеді, бұл олардың әртүрлі химиялық қасиеттерге ие екендігін білдіреді. Металдардың химиялық белсенділігі Біз әр металдың химиялық белсенділігін оның тұз қышқылымен реакциясын бақылау арқылы бағалай аламыз. Химиялық реакцияларда металдар өздерінің валенттік электрондарын беріп, тотықсыздандырғыш болады, негіздік қасиет көрсетеді. Металдарды тотықтыратын жай заттар бейметалдар және әр түрлі күрделі заттар: су, қышқылдар, сілтілер, тұздар, оксидтер. №7 Лабораториялық жұмыс. «Металдардың, бейметалдардың және амфотерлік элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу» Қосымша 1 | Power point Bilimland.kz | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 78-80 мин | Рефлексия | |||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: Металдар мен бейметалдардың химиялық қасиетін біледі. Көптеген оқушылар: Металдардың, бейметалдардың және амфотерлік элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттей алады. Кейбір оқушылар: Электрохимиялық кернеу қатарын біледі. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Бірегейлік және сындарлық оқушылардың тәжірибеден алған деректерді өңдеу кезінде қолданатын әдіс-тәсілдері арқылы байқалады. Жұптасып және топта жұмыс, сондай-ақ бір - бірімен және мұғаліммен жұмысты талқылау, басқалар пікірін құрметтеуді және бір-бірімен және мұғаліммен тиісті үлгіде араласу қасиетін дамытуы керек. Құралдарды пайдалану, химикаттармен жұмыс істеу және нұсқаулықты дәл сақтау оқушының сау және қоршаған ортаға назар аудару туралы сезімін дамытып басқалармен жұмыс істеген жағдайда кейбір шамада қауіпсіздік шараларын сақтауда жауаптылығын көрсетеді. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қосымша 1
№ 7 Лабораториялық жұмыс
«Металдардың, бейметалдардың және амфотерлік элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу»
Мақсаты:
- металдарға тән химиялық қасиеттерді сипаттау;
Қажетті құрал-жабдықтар: 2 оқушыға:
http://serc.carleton.edu/sp/mnstep/activities/19801.html
Металдар/амфотерлі металдар: мыс, темір, мырыш, магний, алюминий
бейметалдар: көміртек, күкірт 1М тұз қышқылы– 25 мл Балға – 1 шт Қағаз сүрткішсалфетка – 1 шт өткізгіштер, микро-тестер – 1 шт су
Стакандар – 2 шт
сынауықтар – 7 шт
сынауыққа арналған тұрғы – 1 шт, тамшуыр– 1 шт
Жұмыс барысы:
1.Оқушыларға сынауықтарда металдардың, бейметалдардың, амфотерлік металдардың үлгілерін беру;2.Әрбір элементтің сыртқы сипатына назар аудару. Физикалық жағдайын, түсін, жылтырлығын және басқа байқалған сипаттамаларын жазып алу.3.Өткізгіштік датчиктерін қолданып, элементтердің электрді өткізетіндігін анықтау. 4. Қай элементтердің қақталуға қабілетті екендігін анықтау үшін элементтердің бір бөлігін қағаз сүлгіге орналастырып, оның үстінен аздап балғамен ұрыңыз.
5. HCl-мен реакцияны тексеру үшін, әрбір сынауыққа 1 M қышқыл ерітіндісінің 5мл қосу керек. Реакция белгілерін бақылау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?