Металдар және бейметалдар: химиялық элементтер және жай заттар Көрсетілім № 6 «Металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының үлгілері; металдардың кристалдық торлары». Химия, 10 сынып, презентация.


Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Металдар және бейметалдар: химиялық элементтер және жай заттар

Мурзабеков А.Б.

2018

Сабақ мақсаты

Период және топ бойынша металл, бейметалл және олардың қосылыстарының қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіре алу

Тілдік мақсаттар

Жай заттар

Металдар

Бейметалдар

22 элемент

82 элемент

Металдар – электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты. Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады.

Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.

Бейметалдар - металл еместер қатарына: сутек, бор, көміртек, кремний, фосфор, мышьяк, оттек, күкірт, селен, теллур, галогендер, асыл газдар жататын химиялық элементтер тобы; оларды металдардан бөліп топтауға қолданылатын атау. Периодта бейметалл элемент атомыны ң ядро заряды біртіндеп өседі де, атом мөлшері кішірейеді. Сондықтан электрон қосып алуға бейімділігі жоғары және тотықтырғыштық қасиеті басым болады.

Ал бейметалл орналасқан негізгі топшаларда (IV—VII) атомның радиусы неғұрлым кіші болса, ол ең сыртқы электрондарды күшті тартады. Демек, тотықтырғышты қ қасиеті басым болады. Мысалы, фтор мен хлор атомын салыстырсақ, ең күшті тотықтырғыш — фтор. 

Металдар мен бейметалдар қасиеттерінің өзгеруіне сипаттама беру. Атом радиусы, иондану энергиясы және электронға жақындығын топ және период бойынша өзгеруі

Металдар туралы маңызды мағлұматтар

Ең иілшіш металл – алтын.

Алтынның 1 грамын

160 м зындыққа жайып тастауға болады. Ол адам шашынанда жұқа.

Ең тез балқитын металл сынап

Ең қиын балқитын вольфрам (W)-

3410 градус

Ең жеңіл литий

Ең ауыры осмий

Ең қатты металл хром

Ең жұмсақ металл цезий

Агрегаттық күйлері

қатты

сұйық

газтекті

Күкірт , фосфор, кремний

Бром

Оттегі, хлор, азот

Бейметалдар

Бейметалдардың қасиеттері металдармен салыстырғанда қарама қарсы:

Электр тогы мен жылу өткізбейді

Металдық жылтыры жоқ

3. Сынғыш

Графит

Қызыл фосфор

Зияткерлік блиц тур «Қара сайгүлік»

1. Қалыпты жағдайда қатты болатын бейметалды атаңыз.

2. Озонға қатысты емес қаситтерді атап шығыңыз.

3. Бұл қатарда бейметалдардың қандай қаситтері өзгереді?

O – S – Se – Te

4. Бейметалдардың қайсысында ең кіші атом радиусы?

5. Ең иілгіш металл

6. Металдардың кристалдық торларын атаңыз.

Жалпылай орындайтын тапсырма.

1. Қалыпты жағдайда газтекті болатын бейметалл:

а) бром б) азот в) фосфор г) йод

2. Графиттің кристалдық торы:

а) иондық

б) молекулалық

в) атомдық

г) металлдық

3) Бұл қатарда бейметалдық қасиет Si - P - S - Cl

1) өзгермейді

2) әлсірейді

3) күшееді

4) периодты түрде өзгереді

4. Ең қиын балқитын металды көрсет:

а) хром б) вольфрам

в) платина г) осмий

5) Металдар қай топта орналаспаған?

а) I б) III

в) II г) VII

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау

Үй жұмысы. Күнделікті өмірде кездесетін металдар және солардан жасалған бұйымдар туралы шағын буклет жасау.

Бағалау критерийлері:

Буклет мәтіні түсінікті;

Суреттері анық;

Танымдық маңызы бар.

Қай сурет?

Бүгінгі сабаққа қатысқаннан кейін сіз өзіңізді қай суретпен байланыстырасыз? Түсіндіріңіз?

(Суреттер = жаңа идеялар, есептер шығару, пікірталас, тәжірибе, топтық жұмыс, шығармашылық)

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?