Металдар және бейметалдар: химиялық элементтер және жай заттар Көрсетілім № 6 «Металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының үлгілері; металдардың кристалдық торлары». Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Краткосрочный план урока

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3A Металдар және бейметалдардың жалпы сипаттамасы

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып: 10 (қоғамдық гуманитарлық бағыты)

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Металдар және бейметалдар: химиялық элементтер және жай заттар

Көрсетілім № 6 «Металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының үлгілері; металдардың кристалдық торлары»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.11 металдар және бейметалдардың құрылысының келесі ерекшеліктерін түсіндіру: радиусы, иондану энергиясы, электронға жақындығы, кристаллдық торлар;

10.2.1.12 металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының период және топ бойынша өзгеру заңдылықтары.

 Сабақ мақсаттары

  • Период және топ бойынша металл, бейметалл және олардың қосылыстарының қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіре алу

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Металл/бейметалдардың кристалдық торлар типін білсе;
  • Периодта және топта элементтердің және оның қосылыстарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын білсе;
  • Периодта және топта элементтердің және оның қосылыстарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын біліп, элемент қасиеттерін болжай алса

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: жазбаша немесе ауызша элементтердің қасиеттерін түсіндіре алады.

Лексика мен терминология:

ҚАЗ

РУС

ENG

Металл

Металл

Metal

Бейметалл

Неметалл

Non-metal

Период

Период

Period

Топ

Группа

Group

Тенденция

Тенденция

Trend

Радиус

Радиус

Radius

Иондану энергиясы

Энергия ионизации

The ionization energy

Электртерістілік

Электроотрицательность

Electronegativity

Тотығу дәрежесі

Степень окисления

Oxidation number

Кристалдық торлар

Кристаллические решетки

Crystal lattices

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыру

Өз ойын еркін жеткізу үшін тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Биология, экология, физика

АКТ қолдану дағдылары

Презентациянықолдану

Бастапқы білім

9.1С Химиялық элементтерінің периодттық жүйесі

9.2С1, 2 и 13 топ элементтері және олардың қосылыстары

9.3А 17, 16, 15 топ элементтері және олардың қосылыстары

10.1A Атом құрылысы

10.1В Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы

0-8 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу/ greeting. Сынып бойынша тексеру

  • Оқушылар сіз бүгін ерекше жағдайда білім аласыздар. Білім алу үшін сіз жаныңыздағы көршіңізге қарап, оған бүгінгі сабақта жақсы көңіл күй мен сәттілік тілеңіз.

Ал енді маған қараңыз, менде сіздерде бүгін нәтижелі жұмыс жасауға шақырамын.

9-12 мин

Ой шақыру кезеңі. Фронтальды сұрақ.

  • Металдар дегенміз не?
  • Бейметалдар дегеніміз не?
  • Металдар мен бейметалдарды не байланыстырады?

13-25 мин

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі.

Металдар – электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты. Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады.

Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.

Бейметалдар - металл еместер қатарына: сутек, бор, көміртек, кремний, фосфор, мышьяк, оттек, күкірт, селен, теллур, галогендер, асыл газдар жататын химиялық элементтер тобы; оларды металдардан бөліп топтауға қолданылатын атау. Периодта бейметалл элемент атомыны ң ядро заряды біртіндеп өседі де, атом мөлшері кішірейеді. Сондықтан электрон қосып алуға бейімділігі жоғары және тотықтырғыштық қасиеті басым болады.

Ал бейметалл орналасқан негізгі топшаларда (IV—VII) атомның радиусы неғұрлым кіші болса, ол ең сыртқы электрондарды күшті тартады. Демек, тотықтырғышты қ қасиеті басым болады. Мысалы, фтор мен хлор атомын салыстырсақ, ең күшті тотықтырғыш — фтор. 

Мұғалім периодтық жүйенің көмегімен металдар мен бейметалдар қасиеттерінің өзгеруіне сипаттама береді. Атом радиусы, иондану энергиясы және электронға жақындығын топ және период бойынша өзгеруін айтады.

Ррт

26-40 мин

Көрсетілім № 6 «Металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының үлгілері; металдардың кристалдық торлары».

Оқушылар назарына түрлі металдар мен бейметалдардың коллекциялық үлгілері мен металдардың кристалдық торлары ұсынылады.

Оқушылар демонстрация бойынша ұсынылған металдарды теріп жазып, оларды сырт көрінісі бойынша суреттейді және қосымша білетін материалдарын сыныппен бөлісуіне болады.

Талқылауға 5 минут уақыт беріледі.

Металдардың кристалдық торлары. Әр оқушы металдардың кристалдық торларын дәптерлеріне түсіріп алады.

41-51 минут

Оқушылардың оқу материалын игергендігін байқау үшін Зияткерлік блиц тур «Қара сайгүлік» ойыны жүргізіледі. Сұрақтарға жауа беруі бойынша мұғалім ауызша бағалау жүргізеді.

Сұрақтар:

        • Қалыпты жағдайда қатты болатын бейметалды атаңыз.
        • Озонға қатысты емес қаситтерді атап шығыңыз.
        • Бұл қатарда бейметалдардың қандай қаситтері өзгереді?

O – S – Se – Te

4. Бейметалдардың қайсысында ең кіші атом радиусы?

5. Ең иілгіш металл

6. Металдардың кристалдық торларын атаңыз.

    • ин

Жалпылай орындайтын тапсырма.

1. Қалыпты жағдайда газтекті болатын бейметалл:

а) бром б) азот в) фосфор г) йод

2. Графиттің кристалдық торы:

а) иондық

б) молекулалық

в) атомдық

г) металлдық

3) Бұл қатарда бейметалдық қасиет Si - P - S - Cl

1) өзгермейді

2) әлсірейді

3) күшееді

4) периодты түрде өзгереді

 4. Ең қиын балқитын металды көрсет:

 а) хром б) вольфрам

 в) платина г) осмий

 5) Металдар қай топта орналаспаған?

  а) I б) III

  в) II г) VII

56- 73 мин

Қалыптастырушы бағалау жұмысын орындау.

Бағалау жұмысын оқушылар жекелй орындайды.

Қосымша 1

74-76 мин

Үй жұмысы. Күнделікті өмірде кездесетін металдар және солардан жасалған бұйымдар туралы шағын буклет жасау.

Бағалау критерийлері:

  • Буклет мәтіні түсінікті;
  • Суреттері анық;
  • Танымдық маңызы бар.

Сабақтың соңы

77-80 мин

Рефлексия:

«Қай сурет?»

Бүгінгі сабаққа қатысқаннан кейін сіз өзіңізді қай суретпен байланыстырасыз? Түсіндіріңіз?

(Суреттер = жаңа идеялар, есептер шығару, пікірталас, тәжірибе, топтық жұмыс, шығармашылық)

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау сабақтың кезкелген кезіңінде қоладнылуы мүмкін, алайда мұғалім өз уақытын тиімді пайдалану үшін қалыптастырушы бағалау жұмысының тез немесе дұрыс орындауына қарап, қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырма бере алады.

Оқушылардың оқу жетістіктері қалыптастырушы бағалау кезінде жазбаша бағаланса, ал фронталды немесе проблемалық сұрақтарды шешуде ауызша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологияларын қолдану. Интерактивті тақтаны кезегі келгенде өшіріп отыру. .

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік /қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?