Химиялық тепе-теңдік және оның ығыс жағдайлары. Ле Шателье-Браун принципі. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | 10.2С Химиялық тепе-теңдік | Мектеп: | Қостанай қ. ФМБ НЗМ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | Дарибаева С.А. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Химиялық тепе-теңдік және оның ығыс жағдайлары. Ле Шателье-Браун принципі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 10.3.3.1 тәжірибе жүзінде әр түрлі факторлардың химиялық тепе-теңдікке әсерін зерттеу; 10.3.3.2 химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысымның әсерін болжау; 10.3.3.3 тепе-теңдік константасының өрнегін құрастыра алу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау Критерийлері | - Ле Шателье принципін қолдана отырып тепе-теңдік ығысуын болжайды; -химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін жағдайларды анықтай алады; - жағдайларды өзгерту арқылы тепе-теңдікке әсер еткендігін анықтай алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: -химиялық тепе-теңдік түсінігін анықтап, айта алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология Тепе-теңдік, динамикалық, ұстаным, тұрақты, реагенттер, өнім, температура, қысым, айналмайтын, алға, баяулату, тең, ұлғайту, тепе-теңдік константасы. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Егер біз концентрацияны/температураны/қысымды өзгертсек, онда… Біз ... жолымен реакцияны қайтымды ете аламыз Егер температура көтерілсе, онда… Біз осы реакция үшін кері реакция өткізе аламыз ба? Ия, егер біз.… /Жоқ, себебі… Тақырыпқа сәйкес үш тілдік терминдердер тізімі:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында білім құндылықтары: - Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;- Құрметтеу; - Сыйластық;- Ынтымақтастық;- Ашықтық;- Өмір бойы білім алу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу | - Этикалық жауапкершілік пен белсенділікті жеке және ұжымдық іс-әрекеттер арқылы тәрбиелеу. -Мәдениетаралық диалог, тілдер (екітілділік, көптілділік) (жаңа терминдермен жұмыс жасау барысында). | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АҚТ қолдану дағдылары | Бейнересурстар, цифрлі білім беру ресурстары (Twig.kz), презентация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Өмірмен байланысы | - оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жұмыс жасау әдістерімен тәсілдерін қолдану; -тепе-теңдіктің табиғаттағы және өмірдегі мысалдар арқылы талқылау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 7.2В Қарапайым химиялық реакциялар 8.2В Химиялық реакция жылдамдығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 мин | (W) Ұйымдастыру кезеңі: 1) Оқушылармен амандасу. 2) Оқушыларды түгелдеу. 3) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. (P) Оқушылардың алдыңғы білімдері бойынша кері байланыс ретінде жұптарда интерактивті тақтадағы тапсырмаларды орындайды. Орындалу уақыты: 4 минут Тапсырма. Берілген химиялық реакция теңдеулерін қайтымды/қайтымсмыз реакцияларға жіктеңіздер:
(W) Жаңа тақырыпқа шығу: Берілген сурет бойынша сабақ тақырыбын анықтаңыз. *Жаңа сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлерін және жаңа терминдермен таныстыру. | Презентация «Химиялық тепе-теңдік. Ле Шателье-Браун принципі» 1-6 слайдтар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-10 мин 11-26 мин | (W) Химиялық тепе-теңдік туралы видеокөрсетілім көру (50 с) https://twig-bilim.kz/film/glossary/equilibrium-5275/ Динамикалық тепетеңдік ұғымын енгізу. Слайдтарда берілген графиктерді талдау. (W) Проблемалық сұрақ: Химиялық реакцияларды тепе-теңдік бағытын өзгертуге болады ма? *Ле Шателье-Браун принципін слайдтағы ақпарат бойынша талдап өтіңіз. **Оқушыларға ақпараттық парақтарды үлестіру. (G) Топтық жұмыс. Оқушыларды үш топқа бөлу қажет. Оқушылар теориялық ақпаратты пайдалана отырып, үсыныслған тапсырмаларды орындайды. Орындалу уақыты: 10 минут *Уақыт аяқталуымен топтар түрлі түсті қаламдардың көмегімен басқа топтың жұмыстарын өзара тексеруі қажет. Тексеру уақыты: 5 минут **Оқушыларға топтық жұмыс нәтижесі бойынша ауызша кері байланыс беріп өту қажет. ***Презентацияның 12-20 слайдтарындағы ақпартты топтарда қиындықтар туындаған жағдайда қарастырып өтуге болады. | Бейнересурс 1 7-20 слайдтар Қосымшалар 1-4
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
27-37 мин | (Т) Мұғалімнің түсіндіруі. Әңгімелесі түрінде тепе-теңдік константасын өрнектеуді слайдтардағы ақпарат арқылы түсіндіру. 23 слайдта берілген тапсырманы оқушылар жұптарда орындайды. *бекіту тапсырмасын келесі сабақта алуға болады. | 21-24 слайдтар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Үй жұмысын түсіндіру. Топтарға бөліну. *Ле Шателье принципі біздің өмірімізге қалай әсер етеді? **Өз жауабыңызды мысал арқылы дәлелдеңіз (мысал химияға байланыссыз болуы қажет) | 25 слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй жұмысы | Теориялық материалды қайталау, тапсырманы орындау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Барлығы: -химиялық тепе-теңдік ұғымын түсіндіре алады; -химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторларды атайды. Көбісі: -Ле Шателье-Браун принципіне сәйкес химиялық тепе-теңдіктің ығысу бағытын болжау және түсіндіре алады. Кейбіреулері: -тепе-теңдік константасының өрнегін 2-3 химиялық реакция үшін анықтай алады. | Сабақ барысында оқушылардың оқу мақсаттарын меңгеру деңгейі: ауызша жауаптарын тыңдау, жазбаша тапсырмаларды орындауы арқылы бағалады. | Сабақ барысында оқушылардың денсаулығына кері әсер келтіретін іс-әрекеттер жүргізілмейді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру