Галогендер және олардың қосылыстарының қолданылуы. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.


Тест

1.Хлор үшін тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес?

A) электролиз жолымен өндіріледі

B) теңіз тұзында кездеседі

C) пластик өндіруде қолданылады

D) тыңайтқыш ретінде қолданылады

2.Бром молекуласындағы химиялық байланыстың түрін анықтаңыз

A) иондық

B) ковалентті полюсті

C) ковалентті полюссіз

D) сутектік

3.Галогендердің қайсысы табиғатта моноатомды түрінде табылады?

A) фтор

B) бром

C) ешқайсысы

D) хлор

4.Мына бейметалдардың қайсысы ең белсенді?

A) оттек

B) фтор

C) хлор

D) азот

5.17 грамм күміс нитраты натрий хлордың артық мөлшерімен әрекеттескенде қанша грамм күміс хлориді түзіледі?

A) 20

B) 14,3

C) 16,5

D) 19,4

Е) 30

6.Галогендердің қайсысы бөлме температурасында сұйық күйінде?

A) Cl

B) Ғ

C) Br

D) At

7. Хлор қосылыстарында қай тотығу дәрежесін көрсетпейді?

A) -1

B) +1

C) +2

D) +5

8. Қалыпты жағдайда 71 грамм хлор мен сутек газы әрекеттескенде қанша грамм хлорсутек түзіледі?

A) 142

B) 73

C) 75

D) 80

9. «Галогендер» грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?

A) сары-жасыл

B) тұз түзуші

C) бу түсі

D) қышқыл түзуші

10. 27,5 грамм РСІ3 алу үшін қанша грамм СІ2 қажет?

A) 42,6 B) 21,3 C) 7,1 D) 71

Жауабы:

1)D 2)C 3)C 4)B 5)B 6) C 7) C 8) B 9) B 10) B



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?