Электродты потенциал. Сутек электродты потенциалы. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электрохимия. Электродты потенциал | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Электродты потенциал. Сутек электродты потенциалы. | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.3.3 «стандартты электродты потенциалды» түсінікті сипаттау | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Стандартты электродты потенциалдар стандартты жағдайды қажет ететінін түсіну, -электродты потенциалды өлшеу әдісін түсіну және түсіндіре алу Металдардың стандартты электродты потенциалын электрохимиялық кернеу қатарын құрастру үшін пайдалану | ||||||||||||
Жетістік критерийлері | 1. стандартты электродты потенциалға анықтама бере алады; 2.электродты потенциалдың өлшем бірлігін біледі; 3.стандартты жағдайды айта алады; 4.электродты потенциалды өлшеу әдісін түсіндіре алады 5. металдардың стандартты электродты потенциалдарын пайдаланып электрохимиялық кернеу қатарын түзе алады
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Электрондарды беру процесі ол ......... Электронды қабылдау процесі ........ Катодта ........... процесі жүреді (тотығу/тотықсыздану) Анодта ............. процесі жүреді (тотығу/тотықсыздану) Электродтардың арасында кернеу пайда болады, оны .......... атайды Электродты потенциалы мәні үлкен металдар кернеу қатарында .......... тұрады Электродты потенциалы мәні кіші металдар кернеу қатарында ......... тұрады, Электродты потенциалы мәні кіші металдар ... (тотықтырғыш/ тотықсыздандырғыш ) болып келеді | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ұқыптылық , өзара достық қатыныстарды нығайту | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика. Электродинамика | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||
Бастапқы білім | Ион түзілуі, электродты стандарт потенциалы | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 1-6 мин | Сабақ ұйымдастыру кезеңі «Миға шабуыл». Электр энергияның химиялық көзі деген сөзді қалай түсінесіз? Қарапайым электр энергияның химиялық көзі – сағат батарейкалары. Батарейкалар қалай жұмыс істеді? Сұрақ –жауап: Атомдар қандай бөлшек болып табылады? Атомдар қандай электр зарадқа ие? Металдар электр тогын қалай өткізеді? Ион дегеніміз не? Металл атомдары қандай иондарға айналады? Иондық ерітінділер электр тогын қалай өткізеді? Сабақ мақсаттарымен таңыстыру | Презентация | |||||||||||
Сабақтың ортасы 6-20 мин 21-30 мин | Жеке жұмыс Натрий атомы натрий ионына айналу сызба нұсқасын құрастыру; Мырыш атомының ионға айналу сызбанұсқасын салу. Алюминий атомының ионға айналу сызба нұсқасын құрастыру; Мыс атомы мыс (+2) ионына айналу сызба нұсқасын құрастыру; Өз-өзін бағалау Na0 → Na+ +1ē Zn0 → Zn2+ +2ē Al0 → Al3+ +3ē Cu0 → Cu2+ +2ē Электронды беру процесі қалай аталады (тотығу) электронды қосып алу процесі қалай аталады? (тотықсыздану) Электродты потенциалдың түзілуін түсіндіру (қос электр қабаты) Сутектік электродты потенциалды түсіндіру. Стандартты жағдайды оқушылардың естеріне түсіру. Электродтағы теңдеуді жазу. Металдардың электродты потенциалдырды өлшеу әдіспен таныстыру. Мырыштың мысалында стандартты электродтың сызба нұсқасын жазу үлгісін көрсету. Жұптық жұмыс. Мыстың стандартты электродтық потенциалын өлшеу үшін электрохимиялық ұяшықтың сызба нұсқасын жазу. Жұптардың өз-ара бағалауы Топтық жұмыс Стандартты электродты потенциалдар кестесін пайдаланып, металдарды бір қатарға орналастыру. Сұрақтарға жауап беру: Белсенді металдардың электродты потенциалдары қандай мәнге ие? (теріс) Электродты потенциалдың мәні теріс болғаны нені білдіреді? Металдың электродты потенциалының мәнін біліп, сіз нені айта аласыз? Металдардың кернеу қатарында қандай заңдылық байқалады? | ||||||||||||
Сабақтың соңы 31-40 мин | Рефлексия Мен не білдім ...... Мен не түсіндім ........... Маған қайталау қажет ....... Үй жұмысы: темір электродтың стандартты потенциалын өлшеу сызба нұсқасын құрастыру | ||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Барлық оқушылар: электродты потенциалдың түзілуін түсіндіре алады, сутектік электродты потенциалды өлшеуін түсіндіре алады, оның мәнің біледі, стандартты жағдайды атай алады, мыс пен мырыштың электродты потенциалын өлшеуді түсіндіре алады, электродтағы тотығу –тотықсыздану процестерін жаза алады Көптеген оқушылар: стандартты электродты потенциалды өлшеу сызба нұсқасын жаза алады Кейбір оқушылар: Стандартты электродты потенциалдар кестесін пайдаланып белгісіз заттың стандартты электродты потенциалдың сызба нұсқасын жаза алады | Қауіпсіздік ережені құру кезінде; Ой талқылар кезінде жауап беруіне; Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы. | партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
1-қосымша
Қос электр қабаты. Егер электролит ерітіндісіне мыс пластинкасын салсақ (мысалы: CuSO4 тұзының ерітіндісіне мыс пластинкасын салсақ), кейбір уақыттан соң металл пластинкасынан (пластинка иондық кристалл торына ие болады) металл иондары ерітіндіге өте бастайды. Нәтижесінде пластинка үстінде артық электрондар қалады, сондықтан пластинка теріс зарядталады.
Теріс зарядталған пластинка ерітіндіден оң зарядталған иондарды тартады, нәтижесінде қос электр қабаты түзіледі. Егер металдық пластинканың бір қабаты теріс зарядталатын болса, онда екінші қабат тура пластинканың бетінде күрделі құрылысқа ие болады.
1) адсорбциялық
2) диффузиялық
Металл – ерітінді фазалардың бөліну шегінде электрод алу үрдісінің сандық сипаттамасы болып саналатын потенциалдың секірісі пайда болады.
Электрод деп электролит ерітіндісіне метал пластинкасын салған кезде пайда болатын жүйені айтады.
Потенциал деп шексіздіктен электр өрісінің берілген нүктесіне бірлік электр зарядын тасымалдау жұмысын айтады.
Металл пластикасының электролит ерітіндісіне еру үрдісі тепе-теңдік орнатылғанша, яғни еру жылдамдығы мен тұнбаға түсу жылдамдығы теңескенше өтеді.
Осы жылдамдықтар қатынасына байланысты металдық пластинка зарядқа ие болуы мүмкін:
1. - потенциал теріс
2. - потенциал оң
3. - потенциал нольге тең
2. Электродтар және олардың сандық сипаттамалары. I, II, және III текті электродтарды айырады.
Электродтардың сандық сипаттамасы болып тәжірибе жүзінде анықтауға мүмкін емес электродтық потенциал саналады. Сондықтан гальваникалық жұп құрастырылады және ЭҚК өлшенеді. Электродтың біреуі белгілі потенциалға ие болу керек.
Сутек ионының потенциалын нольге тең деп санау қабылданған.
Электродтық потенциал деп қарастырылатын жағдайларда сутегі электроды арқылы анықталатын электродтың потенциалын айтады.
Анықтамалық әдебиетте қалыпты жағдайдағы потенциалдардың мәндері беріледі.
Қалыпты электродтық потенциал деп қалыпты жағдайда және электролит активтігі бірге тең болғандағы электродтық потенциалды айтады.
Электродтық потенциал металл және электролит табиғатына, температураға, концентрацияға тәуелді болады:
(1)
Электродтық потенциалдың концентрацияға тәуелділігі Нернст теңдеуі арқылы анықталады:
(2)
мұндағы - реакцияда қатысатын электрондар саны
- Фарадей саны
Бақылау сұрақтары:
1. Электрод дегеніміз не және оның қандай тектері болады?
2. Электродты потенциал және қалыпты электродты потенциал дегеніміз не және ол қандай шамаларға тәуелді болады?
3. Электродты потенциалдың концентрацияға тәуелділігі қалай анықталады?
Глоссарий:
Электрод – электролит ерітіндісіне метал пластинкасын салған кезде пайда болатын жүйе.
Потенциал– шексіздіктен электр өрісінің берілген нүктесіне бірлік электр зарядын тасымалдау жұмысы.
Электродтық потенциал– қарастырылатын жағдайларда сутегі электроды арқылы анықталатын электродтың потенциалы.
Қалыпты электродтық потенциал– қалыпты жағдайда және электролит активтігі бірге тең болғандағы электродтық потенциал.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?