Жай және күрделі бейорганикалық қосылыстар қатысуымен жүретін тотығу-тотықсыздану реакциялар. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ № _______:

Тақырып: Жай және күрделі бейорганикалық қосылыстар қатысуымен жүретін тотығу-тотықсыздану реакциялар

10.3C Тотығу-тотықсыздану реакциялар

КЛАСС: 10

Оқу мақсаты:

10.2.3.1 электрондық баланс әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану реакциялар құрастыру;

Сабақ мақсаттары

  • элементтердің тотығу дәрежесін табуды үйрену;
  • тотығу процесі және тотықтырғыш, тотықсыздану процесі және тотықсыздардырғыш мағыналарын жете түсініп айырмашылықтарын үйрену;
  • тотығу және тотықсыздану реакцияларын жазып,оларды біріктіре отырып,ттр реакциясының жалпы теңдеуін жаза білу;

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

Тотықсыздану және тотығу жөнінде сұрақтар қою және оларға жауап беру, сонымен қатар олардың арасында ауызша/жазбаша салыстырмалар жасау.

Пәндік лексика және терминология:

Тотығады/тотығу, тотықсыздану, тотықсызданады сутегі

қосымша, жою, процесс, жоғалту, арттыру, кері, орын алатын

На русском

На казахском

На английском

Окислительно-восстановительная реакция

Тотығу-тотықсыздану реакция

Redox reaction

Степень окисления

Тотығу дәрежесі

Degree of oxidation

Окисление

Тотығу

Oxidation

Восстановление

Тотықсыздану

Recovery

Окислитель

Тотықтырғыш

Oxidizing agent

Восстановитель

Тотықсыздандырғыш

Reducing agent

Сұхбат/хат үшін сөздердің пайдалы топтамасы:

Арасындағы айырмашылық неде...?

Тотығу бұл ..., мұнда тотықсызданубұл...

Тотығу\тотықсыздану орын алады, егер ...?

Тотығу\ тотықсыздануүрдісінде ...?

X/Y бірігеді (қосылады) \ азаяды (жоғалады),егер

Предыдущее обучение

 

Жану реакциясы

Металдар белсенділігінің салыстырмалы сипаттамасы

Электрондардың атомдарда орналасуы

Сутегі және оттегі

Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс – әрекеттер

Ресурстар

0-1 мин

2-4 мин

5-7 мин

8-15 мин

16-18 мин

19-22 мин

23-24 мин

25-30 мин

31-32 мин

33-37 мин

38-45 мин

46-50 мин

51-65 мин

66-76 мин

77-78 мин

    • мин

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

2. Бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен оқушыларды таныстыру.

3. Сөздіпен жұмыс.

Орысша

Қазақша

Ағылшын

Окислительно-восстановительная реакция

Тотығу-тотықсыздану реакция

Redox reaction

Степень окисления

Тотығу дәрежесі

Degree of oxidation

Окисление

Тотығу

Oxidation

Восстановление

Тотықсыздану

Recovery

Окислитель

Тотықтырғыш

Oxidizing agent

Восстановитель

Тотықсыздандырғыш

Reducing agent

4. Тақырыптың негізгі түсініктермен жұмыс.

1) Тотығу-тотықсыздану реакция

Тотығу дәрежесі

Тапсырма 1. Ион формуласы мен оның құрамындағы күкірттің тотығу дәрежесімен сәйкестігін табыңыздар.

ИОН ФОРМУЛАСЫ КҮКІРТТІҢ ТОТЫҒУ ДӘРЕЖЕСІ

Оқушылармен жауаптарды талдау.

Тапсырма 2. Төменде берілген формулалардағы қызыл түспен бөлініп көрсетілген элементтердің тотығу дәрежесін аңықтаңыздар. H3PO4, BrO3-, Na2Cr2O7, BaO2, AlH3, (NH4)2SO4, PH₃

Жұпта бір-бірін бағалау.

Тапсырма 3: Мына реациялардың қайсысы тотығу-тотықсыздану реакциясына жатады?

а) P₂O₅ + H₂O = 2HPO₃ в) CO₂ + CaO = CaCO₃

б) KOH + HCl = KCl + H₂O г) PH₃ + 2O₂ = H₃PO₄

2) Тотығу, тотықсыздану ұғымдарын қарастыру

Тапсырма 4.Тотығу және тотықсыздану үрдістерін көрсетіңіз:

а) N⁰₂ - 4e → 2N⁺² б) S⁺⁶+ 2e → S⁺⁴ в) Fe⁰ - 3e → Fe⁺³ г) P⁺³ + 2e → P⁺⁵

3) Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш ұғымдарын қарастыру:

4) ТТР жіктелуі: молекулааралық, молекулаішілік, диспропорционалды (дисмутация), контрпропорционалды.

Тапсырма 5. ТТР қандай типіне жатады?

  • H2S + Cl2 = S + 2HCl  …………………………
  • Cl2 + H2О = HCl + HClO………………………….
  • CuSO4 + Fe = FeSO4 + Cu…… ………………….
  • 2BiСl3 + 3SnCl2 = 2Bi + 3SnCl4…………………..

Жұптарда жауаптарын талдау.

5. ТТР құрастыру әдістері

  • Электронды баланс әдісі бастапқы заттар және өнімдер құрамындағы атомдардың тотығу дәрежелерін салыстыруға негізделген.
  • Иондық-электрондық жартылай реакциялар теңдеулерін құру әдісі

Тотығу-тотықсыздану реакциясының теңдеуін құру алгоритмі

Өзіндік жұмыс

Тапсырма 6. Электрондық баланс әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану реакцияны құрастырыңыз. Тотықтырғыш және тотықсыздандырғышты анықтаңыз:

1) HNO2= HNO3+ NO+ H2O

2) KClO3= KCl+ O2

3) Cu+ HNO3= Cu(NO3)2+ NO+ H2O

6. Рефлексия

Сөйлемді аяқтайық:

- Бүгінгі сабақта мен білдім ...

- Білгім келеді ...

- Енді мен ... аламын

Ұйге тапсырма.

1. Тақырып бойынша негізгі терминдерді жаттау..

2. Электрондық баланс әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану реакцияны құрастырыңыз. Тотықтырғыш және тотықсыздандырғышты анықтаңыз.

а) S + N₂O→ SO₂ + N₂

б) Br₂ + Zn → ZnBr₂

в) HBr + O₂ → H₂O + Br₂

г) Fe₂O₃ + H₂→ H₂O + Fe

Интерактивті тақта, презентация

Таратпалы материал

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелеріАКТ

Құндылықтармен байланыс

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: таразы және магнитті араластырғышпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасты

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?