Гальваникалық элементтер. Химия, 10 сынып, қосымша материал 2.
Тақырыбы: Гальваникалық элементтер.
Оқу мақсаты: 10.2.3.6 гальваникалық элементтің жұмыс принципін түсіндіру;
10.2.3.7 аккумуляторларды зарядтау және разрядтау процесін сипаттау;
Сабақтың басында оқушыларға үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында сұрақтар қойылады. Жұптарға тапсырмалар таратып беріңіз. Тапсырманы орындап болған соң интерактивті тақтадан дұрыс жауабын көрсетіңіз, жұптар жұмыстарын алмасып, жұпаралық бағалау жүргізіледі. Бұдан кейін оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, оқу мақсаттарымен таныстырыңыз.
Оқушыларды топқа бөліңіз. Оқушылар таратылған мәтін арқылы гальваникалық элементтің жұмыс істеу принципімен танысады.
Бейнероликтер көрсете отырып, жаңа сабақ бойынша түсіндірулер жүргізіңіз.
Әр топқа тапсырма беріңіз. Оқушылар тапсырмаларды орындап болған соң топаралық бағалау жүргізіледі.
Бұдан кейін әр оқушы жаңа тақырып бойынша қалыптастырушы бағалау жұмысын орындайды (өзін-өзі бағалау жүргізіледі).
Үйге тапсырма беріңіз.
Сабақ соңында кері байланыс жүргізіңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру